Еңбекке
баулу
Сабақтың тақырыбы: Тасбақа
жасау.
Сабақтың
мақсаты: балаларға тасбақа жасауды
көрсету, ермексазбен қалай жұмыс жасау керектігін үйрету және
икемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жеке
сабақ
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру,
сұрақ-жауап, көрнекілік.
Сабақтың
жабдықтары: ермексаз,
жаңғақ
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі:
- Оқушылардың сабаққа
зейіндерін аударамын.
- Сабаққа қажетті
оқу-құралдарын дайындатамын.
- Баланың партада дұрыс
отыруын қадағалаймын.
ІІ. Өткен тақырыпты
қайталау.
Оқушыларға сұрақтар
беру:
- Құмыраның қандай түрлері
болады?
- Құмыра не үшін
керек?
- Құмыраны қандай
материалдармен әшекейлеуге болады?
ІІІ. Жаңа
сабақ.
Балалар, біз бүгінгі сабақта
тасбақа жасаймыз. Оның аты айтып тұрғандай, үстінде өзімен бірге
алып жүретін тасы болғандықтан, оны тасбақа деп атайды. Тасбақа
шөлді далада мекендейді. Жер бетінде, теңізде жүзетін тасбақалар
түрлері де өте көп кездеседі.

Практикалық
жұмыс.
Тасбақаның ермексаздың бүтін
бөлігінен басын, аяқтарын, құйрығын созып шығару арқылы
жасалатынына көңіл аудартамын.
Тасбақа жасау жұмысының
орындалу барысына тоқталу.
- Екіге жарылған, сынбаған
жаңғақ қабықтарын дайындап аламыз. Ермексаздың бір бөлігін алып,
алақанымызға салып илеп, жұмсартып аламыз. Содан соң оқулықтағы
үлгіде көрсетілгендей, алтыбұрышты жұлдызша пішініне келтіреміз.
Тасбақаның дайын денесінің үстіне жаңғақтың жарты қабығын
бекітеміз.
Оқулықтағы тасбақа туралы
әңгіменің мазмұнын талдаймыз. Оқушылар парталас көршісі екеуі
бірігіп, осы әңгіменің мазмұны бойынша композиция
құрастырады.

Оқушыларға тасбақа туралы
жаңылтпашты айтып, қайталатымын:
Тас, тас,
тасбақа,
Асты-үстінде тас
қапа.
ІV. Сабақты
қорытындылау.
Оқушылардың жұмыстарын қарай
отырып, ең жақсы жасалған тасбақалардан көрме
ұйымдастырамын.
V.Оқушыларды
бағалау-мадақтау.
VІ. Үйге
тапсырма: 50-51-беттер, оқу,
әңгімелеу