Сынып: 6 «ә»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың сөздік қорын байыту, өз пікірлерін салыстыру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру. Дамытушылық: өз ойын жүйелі жеткізіп, сөз жасау, сөйлемді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту. Тәрбиелік: ізденімпаздық,шапшаңдық қасиеттерге жетелеп, адал достық сезімдерін қалыптастыру. Сабақтың типі: білім,білік дағдысын қалыптастыру. Сабақтың түрі: практикалық сабақ Сабақтың әдісі: шығармашылық жұмыстар, сұрақ-жауап, тіл дамыту, әдістемелік ойындар,тілдік талдау. Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі: • Оқушылармен сәлемдесу;
• Сыныпты түгелдеу.
Жаттығу жұмыстары
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Қандай жылы сөзді жақсы көресің?
2. Үйіңде жылы сөзді кім көп айтады?
3. «Айналайын» деген сөзді естуің бар ма?
4. Бұл сөзді неге үлкендер айтады?
5. Бұл сөзден басқа қандай жылы сөздерді білесің?
Сөйлемдерді өз қалауларыңмен аяқтаңдар.
Маған дос керек, өйткені... (ол мені қиын жағдайлардан құтқарады)
Менің досым жақсы, себебі... (ол менің жанымды түсінеді)
Мен досымды сыйлаймын, өйткені... (ол достыққа адал жан)
Төменде берілген жағдаяттар бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, шағын диалог құрастырыңдар.
1. Азық-түлік дүкеніне тамақ алуға келдіңдер. Керек заттарды алып, кассаға ақшаны төлеуге келгенде ақшаларың жетпей қалды. Не істейсіңдер?
Тірек сөздер мен сөз тіркестері: нан, сүт, кілегей, ірімшік, кәмпит, қанша теңге, тұрады, қоя тұрыңыз, үйден, алып келейін, жақыын тұрамын.
2. Кеңсе тауарлары дүкеніне геометрия пәніне қажетті құралдарды сатып алуға келдіңдер. Сатушыдан қалай сұрайсыңдар?
Тірек сөздер мен сөз тіркестері: циркуль, өшіргіш, қарындаш, тұрады, қанша, беріңізші, алыңыз, ұнатып, тұрмын, бағасы, сатып аламын, керекті зат.
Екінші бағаннан мақалдың жалғасын тауып, толықтырыңдар.
1.
Ердің сыншысы - ... бітеді
2. Жақсы
болсаң, ... жүректе
3. Ерлік
білекте емес, ... ашу – дұшпан 4. Жері байдың ...
ел
5
. Ақыл – дос ... ардақты
ат
6
. Кім еңбек етсе, ... жақын
көп
7. Мал баққанға ... сол тоқ
8. Адам деген ... елі бай
«Кезекшілік ережесін» дайындаңдар.
• Оқушылардың тәртібін қадағалаңдар;
• Санитарлық талаптарды сақтаңдар;
• Гүлдерді суғарыңдар;
• Күнделікті сөрелер, парталар, шкаф, үстел, орындықтардың шаңын сүртіңдер.
Үйге тапсырма: «Менің сүйікті ісім» тақырыбында шығарма жазу.
Бағалау
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары "Тіл ұстарту" 6-сынып
Сабақ жоспары "Тіл ұстарту" 6-сынып
Сынып: 6 «ә»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың сөздік қорын байыту, өз пікірлерін салыстыру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру. Дамытушылық: өз ойын жүйелі жеткізіп, сөз жасау, сөйлемді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту. Тәрбиелік: ізденімпаздық,шапшаңдық қасиеттерге жетелеп, адал достық сезімдерін қалыптастыру. Сабақтың типі: білім,білік дағдысын қалыптастыру. Сабақтың түрі: практикалық сабақ Сабақтың әдісі: шығармашылық жұмыстар, сұрақ-жауап, тіл дамыту, әдістемелік ойындар,тілдік талдау. Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі: • Оқушылармен сәлемдесу;
• Сыныпты түгелдеу.
Жаттығу жұмыстары
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Қандай жылы сөзді жақсы көресің?
2. Үйіңде жылы сөзді кім көп айтады?
3. «Айналайын» деген сөзді естуің бар ма?
4. Бұл сөзді неге үлкендер айтады?
5. Бұл сөзден басқа қандай жылы сөздерді білесің?
Сөйлемдерді өз қалауларыңмен аяқтаңдар.
Маған дос керек, өйткені... (ол мені қиын жағдайлардан құтқарады)
Менің досым жақсы, себебі... (ол менің жанымды түсінеді)
Мен досымды сыйлаймын, өйткені... (ол достыққа адал жан)
Төменде берілген жағдаяттар бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, шағын диалог құрастырыңдар.
1. Азық-түлік дүкеніне тамақ алуға келдіңдер. Керек заттарды алып, кассаға ақшаны төлеуге келгенде ақшаларың жетпей қалды. Не істейсіңдер?
Тірек сөздер мен сөз тіркестері: нан, сүт, кілегей, ірімшік, кәмпит, қанша теңге, тұрады, қоя тұрыңыз, үйден, алып келейін, жақыын тұрамын.
2. Кеңсе тауарлары дүкеніне геометрия пәніне қажетті құралдарды сатып алуға келдіңдер. Сатушыдан қалай сұрайсыңдар?
Тірек сөздер мен сөз тіркестері: циркуль, өшіргіш, қарындаш, тұрады, қанша, беріңізші, алыңыз, ұнатып, тұрмын, бағасы, сатып аламын, керекті зат.
Екінші бағаннан мақалдың жалғасын тауып, толықтырыңдар.
1.
Ердің сыншысы - ... бітеді
2. Жақсы
болсаң, ... жүректе
3. Ерлік
білекте емес, ... ашу – дұшпан 4. Жері байдың ...
ел
5
. Ақыл – дос ... ардақты
ат
6
. Кім еңбек етсе, ... жақын
көп
7. Мал баққанға ... сол тоқ
8. Адам деген ... елі бай
«Кезекшілік ережесін» дайындаңдар.
• Оқушылардың тәртібін қадағалаңдар;
• Санитарлық талаптарды сақтаңдар;
• Гүлдерді суғарыңдар;
• Күнделікті сөрелер, парталар, шкаф, үстел, орындықтардың шаңын сүртіңдер.
Үйге тапсырма: «Менің сүйікті ісім» тақырыбында шығарма жазу.
Бағалау
шағым қалдыра аласыз













