Сабақ жоспары. Үлестер және бөлшектер туралы түсінік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары. Үлестер және бөлшектер туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған күнделікті сабақ жоспары. Жас мамандарға көмекші құрал ретінде пайдалануға болады,үлгіге де.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырып:Үлестер және бөлшектер туралы түсінік Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері

Мектеп: «Б.Аманшин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні: Исмагулова О.


Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру

3.1.1.6 жай бөлшектерді оқып, жазу; көрнекіліктерді пайдалана отырып, бірдей мәнділігі бар бөлшектерді салыстыру

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар үшін:

Жай бөлшектерді оқу және жазу

Бірқатар оқушылар үшін:

Көрнекіліктерді пайдалана отырып, бірдей мәнділігі бар бөлшектерді салыстыру

Кейбір оқушылар үшін:

Көрнекіліктерді пайдалана отырып, мәні бірдей бөлшектерді салыстыру.

Тілдік мақсаттар






Оқушылар:

Бөлшектердің жасалуын түсіндіру, жай бөлшектердің жасалуын жазу.

Пәндік лексика және терминология:

Бөлшек, алымы, бөлімі

Сабақта диалог/жазуүшінпайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?

Бөлшектің алымы нені көрсетеді?

Қай бөлшек үлкен: 1/6 немесе 2/6?

Бөлшектерді өсу тәртібі бойынша орналастырыңдар.

Жазу:

Бөлшектерді өсу (кему) тәртібі бойынша жазыңдар.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Үлес туралы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


0–3

Ынталандыру.

Топқа бөлу.

4-ке бөлінген торт, 5-ке бөлінген апельсин,

8-ге бөлінген лимонның суреттері арқылы топтарға бөліну

Қолдарындағы бөліктер арқылы топтасу.Әрі қарай топ бойынша тапсырма беру,

1-топ торттың 2 бөлігін көрсету, 2-топ апельсиннің 3 бөлігін көрсету, 3-топ лимонның 5 бөлігін көрсету.

Оқушыларға сабақтың тақырыбын ашқызу,мақсат қойғызу.

Торттың, апельсиннің, лимонның суреттері


4–6


Белсендіру.

(Т.) Алдыңғы сабақта өткен мәліметтерді еске түсіру. Жинақ полотносында берілген суреттерді топтарға таратып беріп, төмендегіше тапсырма беру.


Бірінші дөңгелек неше тең бөлікке бөлінген?

1/2 бөлігін қалай шығардың?

  • Екінші дөңгелек неше тең бөлікке бөлінген? 1/4 бөлігін көрсетіңдер. Қалай жазасыңдар? 1/4 бөлігін қалай шығардыңдар? Бүтін шеңберде неше ширек бөлік бар?

"Отшашу" арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Тақта, жинақ полотносы, үлестірілетін материал.



7–11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

  • Ал егер бірнеше бөлікті алса, оны қалай атап, жазуға болады?

  • Бұл сабақта біз нені үйренеміз?

































12–29


Жаңаны ашу.

(Ұ.)№1 тапсырмаға арналған сурет бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді.Алдыңызда тұрған күнтізбе.

Ол неше бөлікке бөлінген? (12-ге).

Бұл бөлікті қалай атайды? (Он екіден бір).

Бір ай бір жылдың нешеден бір бөлігі? 1/12.

Көктем айлары қандай бөлікті құрайды? 3/12. Жазбаны торкөзде жазып көрсету.

Бұл жазбаны бөлшек деп атайды. Сызықтың астындағы сан – бөлімі. Ол неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді. Сызықтың үстіндегі сан – алымы. Осындай қанша бөлікті алғанын көрсетеді.

Бармақпен бағалау

(Ө)1 (ә) суретке қарап,сұрақтарға жауап беру. Аптаның бір күні қандай бөлікті құрайды? 2 күн ше? 1/7, 2/7. Әрі қарай аптаның күндерін, демалыс күндерді бөлшекпен атау және жазу.

Өзін-өзі бағалау

Сергіту "Қошемет"

Оқушылар шеңбер бойына тұрып, бастаушы кімдерге қошемет жасау керек екенін кезекпен айтып тұрады.Мысалы:"Шашы ұзын қыздарға қошемет!", "Белбеу таққан жігіттерге қошемет!","Галстук таққандарға қошемет!" т.с.с.

Санды үлесі бойынша табу.

Мақсаты:санның үлесін табу/ шамалар мен сан/ үлесі бойынша шаманы табу.

Таратпа қағаз№1

9 санының үштен бір бөлігін тап. Жауабы:3

Таратпа қағаз№2

10 санының жартысын тап.Жауабы:5

Таратпа қағаз№3

100 санының оннан бір бөлігін тап.Жауабы:10

Таратпа қағаз№4

16 санының төрттен бір бөлігін тап.Жауабы:4

Таратпа қағаз№5

18 санының жартысын тап.Жауабы:9


Таратпа қағаз№6

Дөңгелектің төрттен бір бөлігін боя.

Жауабы:


Таратпа қағаз№7

Д өңгелек

тің жартысын боя.

Жауабы:



Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ж.)Жұппен орындалатын тәжірибелік жұмыс.Оқушыларға қағаз таратылады. Қағазды екіге бүктету, содан кейін тағы бір бүктету. Кесіндіні қайта аштыру. Кесіндіні неше тең бөлікке бөлдік?

4 тең бөлікке бөлінді. 2-ші бөлігін бояту, бөлшекті атату, 3-ші бөлігін бояту – бөлшекті атату.

Қай бөлік үлкен?

Оқушылар қорытынды жасайды: Бөлімі бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы үлкен болса, сол бөлшек үлкен болады.

Әрі қарай оқушылар №2 мен 3-тапсырманы ауызша орындайды.

Смайликпен бағалау


(Ө.)№4 тапсырманы оқушылар өз беттерімен орындап, тексереді.

"Бағдаршам" арқылы бағалау


Кесінді қағаздар, қарындаштар, оқулық, дәптер.










Қағаз







Таратпа қағаздар
















































30–38


Жаңаны қолдану.

).№ 5 тапсырманы оқушылар өз беттерімен орындап, тексереді.

Жұпта бағалау

Содан кейін дәптердегі формативті бағалауы бар тапсырманы орындау.

Мен:

  • суреттен бөлшекті көрсете аламын;

  • бөлшектерді жазамын;

  • бөлшектерді салыстырамын.

Қайталау.

Өздік жұмыс

(Т.)№6 тапсырманы есептеудің тиімді тәсілін пайдаланып

орындау.

"Елшілік" әдісі арқылы бағалау

Тапсырманы орындап болған соң әр топтан бір оқушы елшілікке шығып,басқа топтардың тапсырмаларын бағалайды.

Кестені толтыру.


Оқулық,

дәптер.









Кесте

39–40


Рефлексия.

Рефлексия жүргізу үшін оқушылар өз біліктіліктерін мақсаттарымен үйлестіреді.Сабақ үстінде қолынан не келетінін кім түсінді:

  • үлестердің жасалуын көрсетуді;

  • үлестерді оқу және жазуды;

  • үлестерді салыстыруды?






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.12.2018
708
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі