Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: жаратылыстану Ұзақ мерзімі жоспар бөлімі: 4.3 Кеңістік және уақыт |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: Сынып:1
|
Мұғалімнің аты-жөні:Искалиева З.Е. Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Уақытты анықтау не үшін қажет? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.4.3.1 уақыттың
маңыздылығын түсіндіру; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
1. Уақытты өлшеу құралдарын (сағат, күнтізбелік) анықтайды. 2. Күнтізбелік арқылы мерекелік күндерді табады; уақыттың маңыздылығын мысалдар келтіру арқылы түсіндіреді. 3. Оқушылар көрсетілген экстерементті бақылап, уақыттың өтіп, тоқталмауына байланысты қорытынды жасайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Білім алушы: Уақытты тиімді пайдалану туралы әңгімелейді. Уақытты өлшеу құралдарын атайды
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Сабақ барысында оқушылар мысалдар келтіру арқылы уақытты тиімді пайдалануды түсіндіреді; бақылау нәтижесінде қорытынды шығарады. Пәнге тән лексика мен терминология: Жыл, ай, апта, күн, сағат, минут, күн тәртібі. Уақыт – время- time Сағат – часы- clock Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: көп, аз, бәріне үлгеру, уақытты бағалау, уақытты өлшеу, күн тәртібін сақтау, апта күндерін білу. -Уақыт деген не? - Өмірдің қай жерінде бізге уақытты бақылау керек? -«Уақыт алтыннан да қымбат деген» нақыл сөздің мағынасы нені білдіреді? -Адамның өмірінде уақыттың алатын орны қандай? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Адам өміріндегі уақыттың үздіксіз жылжуына байланысты оның қайта келмеуін ұғыну барысында уақыт бағалау құндылығы қалыптасады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Математика: уақытты өлшеу құралдарын (сағат, күнтізбелік) анықтайды; қанша уақыт өткенін есептейді, салыстырады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз) |
Білімленд оқу фильмдерін көру арқылы айтылым және тыңдалым дағдылары қалыптасады.«Уақытыңды құртпа!» балалар бейнефильмі https://www.youtube.com/watch?v=XgzWweh89Uk |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Уақыт шамаларын ажыратады, оларды өлшеу үшін құралдарды біледі, өлшемдер жүргізеді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасу. 1.Ынтымақ атмосферасын калыптастыру. Күлімдеп күн бүгін, Қарады маған да. Күлімдеп күн бүгін Қарады сағанда. «Кір жаю» әдісі арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу. Оқушылар ілулі тұрған суреттерді таңдау арқылы «Кұмсағат», «Механикалық сағат», «Электронды сағат» болып үш топқа бөлінеді. (Ұ) Ширату «Доп лақтыру» ойыны арқылы -Оқушылардың туған күндерін, айларын, жылдарын сұрау. (оқушылар өз туған күндерін айтады) -Сіздер сол дүниеге келген кезде келдіңіз бе мектепке?(жоқ, оған дейін балабақшада болдық) -Сіз мектепке неше жаста келдіңіз? (5 жаста) - 1 ші сыныпқа қашан келдің? (қыркүйек айында) -Оған қанша уақыт өтті? (6 ай) -Міне, бұл аралықты біз қалай деп айта аламыз? -Уақыт. (Ұ) «Миға шабуыл» - Балалар кенеттен, бір мезетте барлық сағаттар жоқ болып кетсе немесе жұмыс істемей қалса, не болатынын көз алдарына елестетіңізші. Оқушылардың ойларын тыңдау. (Ұшқыштар, жүргізушілер және т.б. сағат нешеде жолға шығу керектігін білмес еді. Апат көп болушы еді. Адамдар жұмысқа кешігетін еді және т.б.) -Ендеше, сол уақытты анықтау не үшін қажет екен? Оқушылармен бірге сабақ мақсатын анықтау. -Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты: Уақыттың маңыздылығын түсініп және өлшеу құралдарын анықтап үйренеміз. |
Құмсағат, механикалық сағат, электронды сағат суреттері таратылады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
(МК) «Уақытыңды құртпа!» атты анимациялық фильмді көру Оқушыларға «Уақытыңды құртпа!» атты анимациялық фильмді көруді ұсынылады. Көрген соң талқыланады: -Уақыт деген не? - Өмірдің қай жерінде бізге уақытты бақылау керек? Уақыт алтыннан да қымбат» мағынасы нені білдіреді? -Адамның өмірінде уақыттың алатын орны қандай? Уақытты өлшеу құралдарын анықтау Ойын арқылы сағат, термометр, ай аттары, таразы, сызғыштар, апта, күн(дүйсенбі,т.б), күнтізбегі арқылы уақытты анықтау, ретімен көрсету. Оқушылар уақыт,сағат сөздерін үш тілде айтады. Уақыт – время- time Сағат – часы- clock
(Т) )«Ойлан-жұптас-бөліс»әдісі Оқушыларға уақыттарын барынша тимімді пайдалану үшін өз күн тәртіптерін құру ұсынылады. Топтар өздері талқылап, өз нұсқаларын өздері көрсетеді. Жалпы күн тәртібін қабылдап, оны сыныпқа ілінеді. Дескриптор арқылы топтар бір-бірін бағалайды. (ОТ, Т) «Зерттейік!» Оқушылар төмендегі жаттығуларды жасағанда адамның қанша уақыт жұмсайтынын анықтайды.
1-топ бұл тәжірибе нәтижесін құмсағат арқылы өлшейді. 2-топ бұл тәжірибе нәтижесін механикалық сағатпен өлшейді. 3-топ бұл тәжірибе нәтижесін электронды сағат арқылы өшейді. Тәжірибе аяқталғаннан оқушылардан қай сағат бәрінен де нақты болғаны сұралады. Оқушылар “Құмсағатта циферблат жоқ, сондықтан дәл уақытты анықтау қиын. Механикалық және электрондық сағаттардың көмегімен дәл уақытты анықтауға болады, алайда электрондық сағат ыңғайлы” деген қорытынды жасай алады. Тәжірибе нәтижесінде топтар бір-бірін дескриптор арқылы бағалайды. ҚБ мұғалімнің мадақтауы «Жарайсыңдар!», «Тамаша!» (Ұ) Сергіту сәті (Ж)
Дескриптор Білім алушы - күн тәртібінің кестесін құру себебін түсіндіреді; - өз уақытын тиімді пайдалану туралы әңгімелейді; - күн тәртібін сақтаудың маңыздылығы туралы ойын айтады. Оқушылар жұпта бір-бірін дескриптор арқылы бағалайды.
|
«Уақытыңды құртпа!» балалар бейнефильмі https://www.youtube.com/watch?v=XgzWweh89Uk ҚБ 35бет Суреттер оқулықтан алынды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы
|
Берілген тапсырманы орындауда зая кеткен уақыт туралы кез келген анимациялық фильмді көрсетуге болады. Талқылау үшін сұрақтарды құрғанда, жоғары реттік сұрақтарға ықылас танытып, Блум таксономиясына жүгінеміз. Сабақ соңында: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедің? - немен жұмысты жалғастыру қажет ? Рефлексия Жетістік баспалдағы |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
Жұптық бағалау. 2 жұлдыз, 1 тілек.
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу 1 - айлық Материал тарифі-96% жеңілдік 00 05 00 ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз 1 990 ₸ 49 000₸ 1 айға қосылу Материалға шағымдану Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз Жариялаған: Искалиева Зергул ЕргалиевнаШағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз Сабақ жоспары "Уақытты анықтау не үшін қажет?" 1 сынып
Тақырып бойынша 11 материал табылды
Сабақ жоспары "Уақытты анықтау не үшін қажет?" 1 сыныпМатериал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы Қысқа мерзімді жоспар
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
















