Сабақ жоспары:Есімше

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары:Есімше

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары қазақ тілі пәнінің "Есімше" тақырыбына арналған.Жоспар қысқа мерзім жоспарына лайықталып, ықшамдалып жасалған. Жоспарда 6 сыныптың қазақ тілі оқулығына арналалып жасақталғандықтан, мұны осы сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері пайдалана алады. Жоспарға оқулықтағы жаттығулар қамтылған. Жоспар жай қарапайым жасалғандықтан күнделікті сабақтарда пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Күні:

Мектеп: мұғалім:

Сыныбы: 6

Қатысқандар:

Сабақ тақырыбы

Есімше.Есімшенің жасалу жолдары мен түрлері

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

Оқушылардың жазбаша тілін дамыту, Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін  сөйлеу мәденеиетін арттыру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді жаза алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіндердің мазмұнын сақтап жаза алады.Кейбір оқушылар орындай алады:стильдік, тілдік нормадан қате жібермейді

Күтілетін нәтиже

Оқушылар етістерді талдай алады

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Құндылықтарды дарыту

Мәтін мазмұны бойынша оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу,оларды насихаттау жұмыстарына тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Жоспар

Уақыт

Жоспар бойынша орындалатын іс әрекет

дереккөз

Сабақ басы

Ұйымдастыру


Сабақ ортасы

 Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

Жаңа сабақ
І Үй жұмысы.
Ортақ етістің ережесін жаттау. Жаттығу орындау.
Жаңа сабақ.
Есімше – етістіктің сөйлемде екі түрлі қызметке жұмсалатын ерекше түрі. Ол жіктеліп етістік қызметін атқарады, есімдерше түрленіп, яғни септеліп, тәуелденіп, көптеліп есімдердің де қызметін атқарады. Мысалы:
1. Ақылды байқап сөйлер.Еңбек етсең, еленерсің, еңбегіне кенелерсің, - дегенде есімшелер жіктеліп, етістік мағынасында жұмсалып тұрса.
2. Іздеген жетер мұратқа. Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен, - деген мақалдарда есімше зат есім және сын есім мағынасында жұмсалып есімдердің қызметін атқарып тұр. Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, етіс, болымсыз етістік тұлғаларына мынадай жұрнақтар жалғау арқылы жасалады:
1) – ған, - ген, - қан, - кен жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады: оқы - ған, көрме - ген, жазыс - қан, тап - қан, т. б.
2) – ар, - ер, - р және болымсыз етістіктен кейін – с жұрнақтары қосылу арқылы болжамды келер шақ есімше жасалады: айт - ар, біл - ер, келме - с, т. б.
3) – мақ, - мек, - бақ, - бек, - пақ, - пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады: бар - мақ, біл - мек
4) – атын, - етін, - йтын, - итін жұрнақтары арқылы ауыспалы өткен шақ есімше жасалады: бар - атын, сөйле - йтін, сен - етін
«Бәйге» ойыны. Мына мақалдарды толықтыр:
1. Отанын сүй... отқа жанбайды, суға батпайды.
2. Ынтымақ жүр... жерде, ырыс бірге жүреді.
3. Ақсұңқар ұш... жем үшін, ер жігіт ту... ел үшін.
4. Жақсы сөз жан сүйіндір..., жаман сөз жан күйіндір...
тапсырмалар. (оқулықпен жұмыс)
1 - деңгей. Жаттығу орындау 2 - деңгей. Жаттығу орындау
3 - деңгей. Жаттығу орындау

Оқулық

Cабақтың соңы

Үйге тапсырма беру.Бағалау




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
1789
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі