Материалдар / Сабақ жоспары.Кілем тоқу технологиясы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары.Кілем тоқу технологиясы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға алдын ала сабақ тақырыбына сәйкес өнер, шебер, еңбекке байланысты мақал –мәтелдер дайындап келу тапсырмасы берілген. Осы тапсырма бойынша әр оқушы шығып мақал-мәтелдерін тақтаға іліп, айтып, мән-мағынасын түсіндіріп беруі қажет. Жалпы кілем туралы жан-жақты мағлұмат беру. «Үй жасауы –кілем» деген халқымыз. Кілем жайсаң төсеніш, ілсең сән. Осындай ел аузына ілінген , асыл қасиетін әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Кілем бетіндегі әр түрлі сәнді өрнектерге қарап отырсақ, тұнып тұрған халық өмірінің шежіресін көргендей боламыз. Бір кезде өмір сүрген халықтардың тұрмысы, көшпелі елдің ағаш үйі, мал қорасы, есік қорғандар осының бәрі кілем бетінде бейнелеген. Кілемдегі суреттер қаншама шартты түрде бейнеленгенмен ондағы өрнектерден өмір шындығын аңғару қиын емес.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1912
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кілем тоқу технологиясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға кілем тоқу туралы жан-жақты мағлұмат беру, кілемнің жасалу жолдарын үйрете отырып эскиз бойынша кілем тоқуды орындау.

Дамытушылық: шығармашылық талғамдарын қалыптастыру, сұлулық пен үйлесімділікті үйлестіре білу білімдерін, әр білімгерді іскерлікке, шеберлікке икемділігін дамыту. Тұрмыста қолдану маңыздылығын жетік түсіндіру.

Тәрбиелік: қолөнердің эстетикалық мазмұнын өмірге қажеттілігі барысында кең көлемде білім бере отырып, шеберлік, әсемділік, сұлулыққа баулу, ұлттық өнерге деген танымын қалыптастыру.

Сабақтың типі: жаңа жағдайда білім, білік және дағдыны қолдану сабағы (білімді тәжірибеде қолдану).

Сабақтың түрі: бағдарланған, түсіндірмелі-суреті, оқу –танымдық қызметін ұйымдастыру.

Сабақтың әдісі: теориялық, тәжірибелік, дамыта оқыту технологиясы, ақпараттық технология элементтері (арнайы слайтдар), В.Ф. Шаталовтың тірек сызбалары, халықтық технология элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: оқушылардың үздік шығамалары, сызбалар, кесте, слайд-шоу, сын тұрғысынан ойлау стратегиясының кестесі.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, көркемсурет, математика.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Өткен сабақтан алған білімдерін өзектілеу:

  • Түкті кілем дегеніміз не?

  • Түкті кілем тоқу үшін станокты дайындау әдісін атап бер.

2. Жаңа сабақ.

Сабақтың теориялық бөлімі.

Оқушыларға алдын ала сабақ тақырыбына сәйкес өнер, шебер, еңбекке байланысты мақал –мәтелдер дайындап келу тапсырмасы берілген. Осы тапсырма бойынша әр оқушы шығып мақал-мәтелдерін тақтаға іліп, айтып, мән-мағынасын түсіндіріп беруі қажет. Жалпы кілем туралы жан-жақты мағлұмат беру.

«Үй жасауы –кілем» деген халқымыз. Кілем жайсаң төсеніш, ілсең сән. Осындай ел аузына ілінген , асыл қасиетін әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Кілем бетіндегі әр түрлі сәнді өрнектерге қарап отырсақ, тұнып тұрған халық өмірінің шежіресін көргендей боламыз. Бір кезде өмір сүрген халықтардың тұрмысы, көшпелі елдің ағаш үйі, мал қорасы, есік қорғандар осының бәрі кілем бетінде бейнелеген. Кілемдегі суреттер қаншама шартты түрде бейнеленгенмен ондағы өрнектерден өмір шындығын аңғару қиын емес.

«Ою-өрнекті қайдан, кімнен үйрендің» деген сауалға еліміздің атақты алғашқы суретшісі Әбілхан Қастеев:

«Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен»,

-деп жауап берген екен. Суретші өнер, сұлулықтың қайнар көзін табиғаттан іздеу керек деген ойды меңзеп тұр.

1936 жылдан бері ұлттық үлгілерге жаңа мазмұн беруді көздеген «Алматы кілем» тоқу фабрикасы жұмыс істейді. Мұнда кілем қолмен, әрі арнаулы тігін машинасымен де тоқылады. Фабрика әр түрлі мерекелерге арналған ұлы адамдардың, қоғам қайраткерлерінің, мүшелі той иелерінің суреті салынған кілемдер де шығарады. Мысалы: ою-өрнекпен өрнектелген кілемнің оюына көңіл бөлсек, оюдың өзіндік бір ғажайып үлгілерін көруге болады.

Ал қазіргі өзіміз өмір сүріп отырған ортамызда төсеніш ретінде пайдаланатын кілемдер республикамыздың облыс орталықтарында, базарда сатылады. Парсы, Үнді, Белгия, Түрік, Ауған, Пәкістан, Иран, Қытай елдерінің үздік кілемдері әр үйде кездеседі. Кілемді негізінен үш қасиетіне қарай пайдаланамыз, яғни:

  1. Әсемдік пен әдемілік үшін;

  2. Үйдің жылулығын сақтау үшін.

  3. Дыбысты бәсеңдету үшін.















Кілем түрлерінің бірқатарын атап өтетін болсақ, олар:



Shape1

Әр халықтың қалыптасқан дәстүр ерекшелігіне қарай кілем тоқу тәсілі әр түрлі болып келеді. Сондықтан да кілемдер тоқылған жердің немесе халықтың атымен де аталады.



Түркмен кілемдері

Ушан, құла, пенди, гауһар, мамуд, бешир

Кавказ кілемдері

Шируан, хила, қазақ, карабах, дербент, микрах




Ал қазақ кілемдері шығарылатын жеріне қарай

  • Қызылорда, Алматы, Жамбыл, ру үлгілеріне қарай

  • Адай, Керей, Қоңырат, Үйсін деп аталады екен. Қазақ кілемдері түркі тектес халықтар кілемдерінің қазіргі үлгісіне ұқсас. Негізінен қызыл, қара көк сары, күлгін, аспан көк түстерді қолдану арқылы түрлі ою-өрнектерді табиғат көріністерімен ұштастыра бейнелейді.

Түкті кілемнің тоқу әдісін түсіндіру.

Қазіргі заманда тұрмысымызда қолданып келе жатқан түкті және түксіз кілемін бүгінгі сабақта жасап үйренеміз. Түкті кілемді қолдан тоқуда – жүн, мата,мақта, жібек, зығыр, кендір жіптерін пайдаланамыз. Түкті кілемнің жібінің ұзындығы 3 мм-ден 18 мм-ге дейін болады. Тоқу әдісін бастамас бұрын керекті құрал-жабдықтарды түгендеу:

  1. Тоқу станогы

  2. Эскиз салынған қатты мата және оның станокқа бекітілуі

  3. Біз,ине

  4. Әр түрлі эскиздерінің түстеріне қарай жіп түрлері

  5. Қайшы

Қауіпсіздік ережесін сақтау: түкті кілем тоқуға қажет жоғарыда аталған құралдардың әрқайсысына байлвнысты қауіпсіздік ережесінің сақталуын сұрақ қоя отырып, оқушылар тарапынан бекіту.

Түкті кілем тоқу әдістерін , қауіпсіздік ережесінің сақталуын айтып өткеннен кейін оқушылардың үздік шығармашылықтарынан арнайы ұйымдастырылған көрмемен таныстырып, жан-жақты талдау жүргізу.

а) композициялық шешімі;

ә) түстердің үйлесуі

б) жұмыстың эстетикалық талғаммен орындалуы, шығармашылық, шеберлігін таныта білуі.

Сабақтың теориялық бөліміне сәйкес қазақ халқының көне мұрасы , яғни қолөнер бұйымдарының жасалу барысын , түрлерін, даму сатысын арнайы дайындалған слайдтан көрсету оқушы танымын қалыптастыруда үлкен қызмет атқарады.



  1. Сабақтың практикалық бөлімі. (Түкті кілемді тоқуға 10 сағат берілген.)

  1. Білімгерлерге жалпы тапсырма беру, өздері дайындаған эскиз бойынша түкті кілем тоқу әдістерімен жұмыстарын бастау.



  1. Жұмыс барысында пайдаланатын құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесінің сақталуін қадағалау.

  1. Жаңа сабақты бекіту

Сабақтың теориялық және практикалық бөлімін қорытындылау мақсатында сын тұрғысынан ойлау стратегиясының «Не білдім ?», «Нені үйрендім ?», «Нені білгім келеді ?» кестесін қолдану.

  1. Оқушылар білімін бағалау.

  2. Үй тапсырмасын беру

Түкті кілем тоқуды жалғастыру

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!