Сабақ жоспары;Наурыз- ұлыстың ұлы күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары;Наурыз- ұлыстың ұлы күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары;Наурыз- ұлыстың ұлы күні 8 сынып оқушыларына арналған. Осы құрастырған сабақ жоспарым әріптестеріме үлкен көмек көрсететініне сөзсіз сенемін. Жаңартылған бағдарлама бойынша құрастырдым.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Наурыз және әлем халықтарының

оны қарсы алу ерекшеліктері


Мектеп: «Севастополь орта мектебі» КММ

Күні:22.06

Мұғалімнің аты-жөні: Ескендирова Ы.А

Сынып: 8 сынып

Қатысқандар: 12

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Наурыз - Ұлыстың ұлы күні



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.Ж4.Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану.

8.ТБ1.5. Демеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтай алады. Мәтіндегі демеулік шылаулардың қызметін біледі.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтіндегі мәліметтерді жанақтай отырып, эссе жазуда демеулік шылаулар қолдана алады


Кейбір оқушылар орындай алады: Эссе жазуда мәліметтерді жинақтай отырып демеулік шылауларды ауызша және жазба жұмыстарда қолданады.








Бағалау критерийі

Тақырып бойынша эссе жазады.

Демеулік шылауларды тиімді қолданады.

Демеулік шылауларды қолданып,диалог құрастырады








Тілдік мақсаттар




Оқушылар орындай алады:

-Ақпараттар алады;

-Бейнеролик арқылы ойларын жинақтайды;

- Демеулік шылауларды қатыстырып,эссе жаза алады



Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: дәстүр, көже, күн мен түн теңеледі,Ұлыстың ұлы күні, бата , тілектер т.б.



Талқылауға арналған сұрақтар:

Неліктен Ұлыстың ұлы күні 22-наурыз деп белгіленген?

Қандай ұлттық тағамдар қойылады?

Жанұяда Наурыз мерекесін қалай қарсы аласыңдар?

Қазақтың қандай салт-дәстүрлер білесіңдер?


Құндылықтарға баулу




Салт-дәстүрді дәріптеу.






Пәнаралық байланыс

Тарих, ән –күй, өзін-өзі тану.








Алдыңғы білім


Қорғауға зәрулік

« Ашық-жабық » сұрақтар арқылы өткен тақырыпты жаңа сабақпен ұштастырамын.

  • Балалар біз өткен сабақта нелер туралы өттік?

  • Қандай құстар жайлы әңгіме қозғадық?

  • Жалпы балалар сендер қандай құстарды білесіндер?

  • Балалар көбінесе құстар жылдың қай мезгілінде біздің жаққа оралады?

  • Көктем мезгілінде қандай мерекелер тойлаймыз?










Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин





















2 мин

Сабақты ұйымдастыру:

  • 1. Оқушылармен амандасу.

  • 2. Сыныпқа психологиялық ахуал туғызу.

«Сәлемдесу» ойыны:

  • Әрбір оқушы шеңбер бойымен жүріп, аталған халықтарды айтқанда сол халықтар сияқты сәлемдеседі: «қазақтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «италиандықтар» құшақтасады, «жаңа Гвинеяда» алқымдарын қыдықтайды, «австралийцтер» билеп сәлемдеседі








Ән арқылы тақырыпты ашады.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

Қалай ойлайсыздар сабақтың тақырыбы немен байланысты болады?















Р.Рымбаева «НАУРЫЗ ДУМАН»

http://5.79.69.115/sdd/05/83/55/-54206248_208183213.mp3?name=roza-rymbaeva-nauryz


Сабақтың ортасы

2 мин










15 мин






































8 мин




























































2 мин




6 мин

Топтарға бөлу.

Рисунок 1

Оқушылар «Ұлттық тағамдар» және «Наурыз көже» топтарына

екіге бөлініп топ құрайды.



1Группа 1
-тапсырма.
Жеке жұмыс

«551» әдісі арқылы «Наурыз мейрамы» атты бейнероликті тамашалап, мәліметтерді жинақтап. жаңа керекті ақпаратты жинақтап, эссе жазыңдар.

Эссе жазуда демеулік шылауларды пайдаланындар.




«551 әдісі»


Дескриптор:

-Керекті ақпаратты жинайды.

-Жинаған ақпаратты пайдалана отырып, эссе жазады.





Топ ішінде «Бутерброд» әдісімен

бір-бірін бағалайды.





Топтық жұмыс. 1 тапсырма

«Желпуіш»әдісі арқылы мәтіннен кездескен демеулік шылауларды анықтап, теріп жазады.

2 тапсырма. Желпеуішті алмастыра отыра, теріп жазған демеулік шылаулар арқылы наурыз тақырыбына байланысты өз ойын жеткізу.

-

(А-4 параққа желпеуіш жасалынып, әрбір бөлігіне кезекпен сөйлемдер жазылады, талқылайды)

Мәтін

Наурыз – көне мейрам.

Наурыз мейрамын қазақ «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Қазақ халқы Ұлыс күнін жыл басы деп санаған. Наурыз мейрамы Қазақстандағы тек қазақ халқының басын қосатын мейрам ғана емес өзге де халықтардың мейрамы. Ұлыс күні қазақ елі үшін əрқашан қасиетті де киелі саналған. Адамдар жаңа киімдерін киіп, көрші-қолаң тұрмақ, ағайын-туысты да жаңа жылмен құттықтайды. Ұлыстың күні құтты болсын деп, бір-біріне түзу тілек қана емес, ақ ниетін білдіреді. Жасыңа жас қосылды, жасың құтты болсын деген тілек айтады. Бұл күні алтыбақан басында əн айтылып, күй тартылады. Аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тартыспақ, тең көтеру, т.б. дəстүрлі ұлттық 22 ойындар ойналады. Мереке жастардың əн-биімен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталады.







Бағалау: «Үш шапалақ» әдісі арқылы жұмыс бағаланады.







Сергіту сәті « Көңілді күн»



3-тапсырма. Жұппен жұмыс.

Демеулік шылауларды қолдана отырып, наурыз тақырыбына диалог құрастырыңыздыр.

(«Сиқырлы сандықшадан» әр оқушы бір суреттен таңдап алады, суреттін артыңда демеулік шылаулар жазылған. Оқушылар сурет бойынша жұптасып, демеулік шылауларды қатыстырып диалог құрастырады).

-да, -де, -та, -те

-Рисунок 4  ма, - ме,- ба, -бе, -па,- пе



Дескриптор:

  • Демеулік шылауларды қатыстырып, диалог құрастырады. 1

  • Демеулік шылауларды дұрыс қолданады. 1





Бағалау"Жапондық бағалау"


https://elana.kz/%

Оқушылар қорапшадан қиылған суреттін бөлігін алады. Егер қағазда ұлттық тағам суретінін бөлігі болса ол «Ұлттық тағамдар »тобына барады , егер қағазда наурыз көжеге қосылатын тағам жазулы болса « Наурыз көже» тобына барады.


Бейнеролик

https://www.youtube.

hcom/watch?v=CebvGbXeet0&

&feature=youtu.be






















Бағалау әдісі






«Желпуіш» әдісі


















































Рисунок 3





















«Еркін микрофон » әдісі






Сабақтың

соңы

2 мин









К ері байланыс «Бес саусақ » әдісі


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Тапсырмалар орындау барысында мұғалім сыныпты аралап жүріп, әр оқушының жұмысын бақылайды. Қажет болған жағдайда бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетеді.


1 тапсырма « 551 » - әдісі арқылы жүзеге асады. Бұл әдіс эссені топтың ішіндегі үздік жұмысты шығаруға мүмкіндік береді, сонымен қатар қабілетті оқушыларға өз білімдерін нығайтуға мүмкіндік береді. Өз әңгімесін оқыған оқушы топтың сенімін ақтауға тырысады, өз – өзіне деген сенімі артады, тұлғалық бейнесі қалыптасады.

2- тапсырмада: Тілдік бағдар дағдысы бойынша менгерген білімін аңықтау мақсатында « Желпіуіш» әдісін пайдалана отырып топтық жұмыс ұйымдастырдым. Осы әдіс оқушылардың зейінін шоғырландырады, қызығушылығын оятады Нәтижесінде топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талпынады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады.

Демеулік шылауларды анықтай алмаған жағдайда, карточка жұмысын беремін. Үлгі ретінде демеулік шылауларды беремін,оқушылар соған сүйене отырып сөйлемдер құрайды.

3-тапсырмада. Жұптық жұмыс кезінде оқушының қарым – қатынас жасау , ізденушілік дағдысын дамыту мақсатында. диалог құрастыру жұмысы ұйымдастырылды. Бұл тапсырмада Еркін микрофон әдісін алдым. Бұл әдістің тиімділігі оқушылар диалог арқылы өз ойларын аңық жеткізеді, оқушылардың тілдік қоры дамиды. – Яғни сұрағым келген оқушылардан сұрауға мүмкіндік туады.

Демеулік шылауларды пайдаланып сөйлем құрастыра алмаса, берілген сөйлемдерді дұрыс құрастыру, көп нүктенің орнына сөздерді немесе шылауларды жаз деген қосымша тапсырмалар беріледі..










Оқыту барысында оқушылардың сөйлеу қызметінің дағдыларын дамыту үшін әртүрлі бағалу тәсілдерді қолданылды:

1 – тапсырманы бағалау үшін – «Бутерброд» әдісін алдым. Бұл бутерброд әдісінің тиімділігі оқушылар бір-бірін бағалайды, оқушының бойында сенімділік ұялайды, өзге балаларға қарап бой түзейді.

Бағалау үшін Бутерброд әдісін алған себебім оқушылар бір бірін осы әдіс арқылы бағалағанды ұнатады. Жақсы жағын айтып, жұмыстарының қалай орындалғанын сипаттайды.

2 – ші тапсырмада топтық жұмысында

«Үш шапалақ» әдісі бойынша оқушыларды  бағаладым осы тапсырмада алған әсерлерін білу мақсатында, олардың нені үйреніп, нені меңгергендіктерін, нені меңгермей  қалғандықтарын тексеру мақсатында болатын.

3-тапсырмада жұптық жұмыста

« Жапондық»әдісі бойынша оқушылар бір-бірін бағалайды, қателерін түзетеді, диалогті дұрыс құрастырғанын анықтайды. Әділ бағалайды.





Ұзақ уақыт бойы отырған оқушылардың денесін ширату мақсатында сабақтың ортасында «Көңілді күн » сергіту сәтін ұйымдастырдым.

Сабақ барысында АҚТ қолданған мерзімде,көзге арналған жаттығулар жасатамын.



Денсаулық және қауіпсіздікпен байланыс:

тақта 15 минут ғана пайдаланылды.

Қауіпсіздік ережесімен танысу.




Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

1.Сабақтың мақсатымен оқу міндеттері орындалды.

2.Бүгін оқушылар бейнероликті көріп, эссе жазды.

3.Сабақ оқушыларға қызықты,жақсы деңгейде өтті.

4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты.

5.Тапсырмалар мақсатқа сәйкес болды.

6.Уақытты тиімді пайдаландым.



Жалпы бағалау




Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: «Желпуіш » әдісі бойынша жұмыс оқушыларды өте қызықтырды.




2: Шапалақ әдісі бойынша қалыптастырушы бағалау өте тиімді болды.





Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

  1. Оқу мақсаттарына қойылған критерийлер, тапсырмалар, дескрипторлар.




2:. Әр тапсырмалардан кейін жүргізілген кері байланыс пен қалыптастырушы бағалау



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Тапсырмалар оқушының деңгейіне сай болу және тиімді болу керек екендігіне көз жеткіздім





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
3685
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі