Материалдар / Сабақ жоспары:Педагогикалық шеберлікті басқару технологиясы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары:Педагогикалық шеберлікті басқару технологиясы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарының үлгісі көрсетілген.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық шеберлікті басқару технологиясы.

Модуль /пән атауы:Білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеу жүйесін іске асыру қағидаттарын ,тәсілдері мен тетіктерін қолдану.

Педагог Агайдаров Унер дайындады.

20___ жылғы “___” ____________
1.Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 2 курс, МДТ 22- 9\1
Сабақ түрі: Аралас сабақ

2.Мақсат, міндеттері:

-Білім алушыларға педагогикалық шеберлікті баскару технологиясының жолдарын үйрету.

-Педагог тұлғасын жан- жақты зерттеу.

3. Күтілетін нәтижелер

-Білім алушылар педагогикалық шеберлікті басқару технологиясының жолдарын үйренеді.

-Білім алушылар педагог тұлғасын жан- жақты зерттеуді үйренеді.

4.Қажетті ресурстар:

Оңалбек Ж.К., Бабаев С.Б. «Жалпы педагогика» оқулығы Алматы, 2005ж


5. Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Студенттермен сәлемдесіп, түгендеу, назарларын сабаққа аудару, «5Т» ережесін (тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) еске түсіру, сабақтың мақсат – міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерін таныстыру.


Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық шеберлікті басқару технологиясы.

Педагогикалық жұмысты талдау үшін шебер педагогтерге педагогикалық процесті тиімді жүзеге асыруға көмектесетін педагогикалық шеберліктің көрсеткіштері мен өлшемдерін білу қажет. Педагогикалық шеберлік толығымен ақыл-ой тәуелсіздігімен қамтамасыз етіледі, бұл нақты шындықты білуге, білім алуға, оларды қазіргі және жаңа жағдайда шығармашылықпен қолдануға, яғни өз іс-әрекетін талдау, көрсету және болжау қабілетіне ие болуды білдіреді. Педагогтердің жұмысына мұқият назар аудару, кәсіби шеберліктің шыңдарына сәтті жету, шынайы шебер мұғалімдердің оқушының жеке басына ерекше, нәзік сезімталдығымен ерекшеленетінін анықтауға көмектесті. Мұндай сезімталдық пен эмпатия сонымен бірге олардың жұмыс пен шығармашылықтағы икемділігінің негізгі шарттары болып табылады.Педагогикалық шеберлік оқытушы тұлғасының жоғары деңгейдегі психология-педагогикалық дайындығы бар, педагогикалық мәселелерді оптималды шеше алатын белгілі қасиеттер жиынтығы.



Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі педагогикалық процесті басқаруды қамтамасыз ететіндіктен, оны педагогикалық процестің технологиялығының логикасымен көбейтіндісі, әдістерді меңгерудің белгілі бір деңгейі, тәрбиелеу мен білім берудің құралдары және формасы деп қарастыруға болады. Педагогтың шеберлігі ұйымдастырушының насихаттаушы, тәлімгерлік сияқты негізгі функцияларын іске асыруда байқалады. Оқытушының студенттерді тәрбиелеуде және білім беруде нақты технологиялық функцияларды орындауға арналған нақты әдістер топтамасы болады: біреулері бастапқы болатын болса, басқалары – ұйытушы, жетектеуші немесе корректілеуші, түзетуші.Педагогикалық шеберлік табысқа жеткізетін, әр қайсысы педагог өнерін көтеретін мақсаттар жиынтығы ретінде де қарастырылуы мүмкін: олар –педагогикалық қатынастың стилі, сөйлеу мәдениеті, шешендік (ораторлық) өнер, оқытушы имиджі, оның интеллектуалдық (зерделілік) эрудициясы, стреске төзімділігі және т.б.Педагогикалық қызметке дайындығын қамтамасыз етуші педагог тұлғасына қойылатын талаптарды анықтауда психология – педагогикалық ғылым олардың жалпыланған біртұтас қасиеттерін біріктіруге ұмтылады. Бұл қасиеттердің спектрі жеткілігінше көпжақты. Оған ең алдымен, кәсібилік жатады. Педагогикалық қызметті табысты орындау үшін адамның тұлғалық сипаттарының бірлестігі қажет. Бұған жақын кешенді қасиет – кәсіби құзырет (компоненттілік) педагогтың педагогикалық қызметті атқаруға теориялық және практикалық дайындығының көрсеткіші, оның кәсібилігін сипаттайды. Кәсіби қалыптасу – бұл шығармашылықтың бастапқы (элементарлық) деңгейі, сынау және қателесу әдісімен орындалады.Педагогикалық шеберлік педагогикалық процесті басқаруды қамтамасыз ететіндіктен, оны педагогикалық процестің технологиясының логикасымен көбейтіндісі, әдістерді меңгерудің белгілі бір деңгейі, тәрбиелеу мен білім берудің құралдары және формасы деп қарастыруға болады. Педагогтың шеберлігі ұйымдастырушының насихаттаушы, тәлімгерлік сияқты негізгі функцияларын іске асыруда байқалады. Педагогикалық қызметті кәсіби басқару мұғалімнің жан-жақтылығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, кәсіби білімінің деңгейімен, шығармашылық қабілетімен т.б. қасиеттерімен өлшенеді.Педагогикалық қызмет – педагогтың оқушыға, студентке тәлім-тәрбие және білім беруші әсері арқылы, оның интеллектуалды, қайраткерлік-іскерлік және жеке тұлға ретінде дамыту арқылы оның өзінің дамуына және өзін жетілдіруіне бағыттайды.Педагогикалық кәсіби қызметтің пайда болуын адамдар арасындағы функцияларды (қызметті) бөлісу нәтижесімен байланыстырады. Оның рөлін анықтаған кезде ең алғашқы және бастапқы қызмет екенін атап өткен жөн, өйткені ол балалардың дамуына, тәрбие мен білім алуына бағытталған. Бұл адам қызметінің ішіндегі ең күрделісі, өйткені оның тиімділігі педагогтың адам физиологиясы мен психологиясын терең меңгеру қабілеті арқылы басқа адам дүниесіне кіріп, онда ұйымдастырушы-педагогикалық әрекеттер жасауға арналған. Педагогты қоршаушы социумның қабылдауының күрделігі мен бірқалыпты еместігіне қарамастан, оның еңбегін приоритетті қызметтер қатарына жатқызуға болады, өйткені педагогикалық қызмет адамның барлық қызмет саласының (сферасының) бастауында тұрып, көпшілік жағдайда қоғамның келешектегі дамуын нормалаушы және реттеуші болып саналады.

Адамның кез-келген қызметі сияқты педагогикалық қызметтің де негізін еңбек құрайды, ол бір немесе бірнеше еңбек қимылымен саналы міндетті шешуге мүмкіндік береді. Педагогикалық шеберлік іс-әрекетте көрінеді (Н.В. Кузьмин), бірақ ол оған енбейді, ол арнайы жалпыланған дағдыларды дамытудың жоғары деңгейімен сипатталады (В.А. Сластенин), бірақ бұл бастысы емес. Мәні мұғалімнің тұлғасында, оның ұстанымында, қызметті жоғары кәсіби деңгейде басқару қабілетінде. Шеберліктің мәні неде екенін анықтау үшін алдымен педагогикалық іс-әрекеттің ерекшелігін талдап, оның педагогикалық процесті жоғары ұйымдастыруды қамтамасыз ететін мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптарын қарастырамыз.

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Ұшқыр ой: ( ойды жалғастыру)

1. Педагог білім алушыға................................... үйретеді.

2. Педагогика пәнінің дамуына .......................................... үлес қосты. Педагогкалық іс-әрекеттің маңызды құраушыларының бірі болып оның мотивациясы саналады. Бұл термин «мотив» сөзінің туындысы болып есептелінеді. Л.И. Божовичке сәйкес мотивке сыртқы орта заттары, көріністер, идеялар, сезімдер мен толғаныстар – бір сөзбен айтқанда қажеттілік көрініс тапқан барлық нәрселерді жатқызуға болады.Мотивация түснігін бір ғалымдар «тұлғаның мінез-құлқы, іс-әрекетінің сипаты мен бағыттылығын, мазмұнын анықтайтын мотивтер, түрткі болған нәрселердің жиынтығы» ретінде тапшылайды.

Рефлексия

ҮЛКЕН ШЕҢБЕР” ТӘСІЛІ

- Бүгін не білдіңіз?

- Сіз үшін не жаңалық болды?

- Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсы?

- Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Студенттерды бағалау

Студенттерді көңілді смайликтер арқылы бағалаймын.

Үйге тапсырма

Оқытушыға қойылатын талаптар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!