Материалдар / Сабақ жоспары:«Табиғат әлемі, «З» дыбысымен танысып, қойып үйрету».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары:«Табиғат әлемі, «З» дыбысымен танысып, қойып үйрету».

Материал туралы қысқаша түсінік
Жанды табиғат, оның тіршілік ортасы және жансыз табиғаттағы қайталанбас құбылыс түрлері туралы білімдерін жетілдіру Жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2022
673
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің

35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы


Аты-жөні : Қожахметова А.Ғ

Тобы: Ортаңғы топ

Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық

ҰОҚ:«Табиғат әлемі, «З» дыбысымен танысып, қойып үйрету».

ҰОҚ мақсаты; Жанды табиғат, оның тіршілік ортасы және жансыз табиғаттағы қайталанбас құбылыс түрлері туралы білімдерін жетілдіру

Жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту

Күтілетін нәтиже:

1 Жанды және жансыз табиғаттың байланысын ұғындыру

2 Жанды және жансыз табиғатқа нелер жататынын білу

3 «з» дыбысымен танысу


Қолданылатын әдіс тәсілдер: Түрткі сауалдар, миға шабуыл, ой тұжырымдау


Жоспарлау


ҰОҚ кезеңдері

Жоспарланған іс -шаралар


Ресурстар

-ҰОҚ басталуы


























ҰОҚ негізгі

Бөлігі















































(музыка әуенімен залға кіреді)


Жарық берген, жылу берген

Рахмет саған, күн көзі

Таза ауа сыйлаған

Рахмет саған, көк аспан

Салқындығын сақтаған

Рахмет саған, самал жел

Рахмет саған, ағашым

Маған әркез панасын


Карточкалар таратып «Жанды-жансыз табиғат» арқылы екі топқа бөлу


Жарайсыңдар, балалар!

Орындарына жайғасыңдар!


Қыскаша мультиктен үзінді, корсету



-Балалар осы видео не жайында көрсетілді?


-Дұрысайтасындар, біз қыр-сыры мол ғажайып әлемде өмір сүріп жатырмыз. Айналаға қарасақ, бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз. Олар: неше түрлі ғимараттар, жолдар, жихаздар т.б.

Бірақ айналамыздағы заттардың шілігі адамның көмегінсіз өздері пайдаболған: оларға: жер мен су, көпғаштар мен жануарлар, күн мен аспан жатады, оларды бір сөзбен табиғат деп айтамыз.


-Балалар табиғат неше түрге бөлінеді:

-Қанекей балалар маған Жанды және жансыз табиғат жайында толықтай ашып алайық:

1. Жанды табиғат-тыныс алады, өседі, қоректеніп көбейеді.

-Оларға: адамдар, өсімдік, жануарлар, гүлдер, жәндіктер, құстар жатады.


2. Жансыз табиғат-тау, тас, ауа, ғаламшар, кемпірқосақ жатады.

Жансыз табиғатқа азық та, су да, киім де қажет емес. Олар өңбейді, көбеймейді, тыныс алмайды, жаны жоқ.

Жарайсындар!


-Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Табиғат әлемі, «З» дыбысын машықтандыру».


-Балалар бүгін мен сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді асықпен бағалайтын боламын


Енді екі топтың балалары осы тақырыпқа байланысты, жұмбақтар жасырамын, мұхият тыңдап,шешімін табыңдар:

1. Ағайынды бәрі:
Шықса - көк, Түссе - сары.
(жапырақтар)


2. Жылт - жылт етеді,
Жылғадан етеді

(су)


3. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұр шашады.
(Күн)


Жарайсындар!


-Жақсы ендеше табиғатымыз жайлы кім мақал біледі?

1. Жауынмен жер көгереді

Батамен ел көгереді

Жания

2.Ел жаусыз болмас,

Жер таусыз болмас

Ақылжан

3.Таумен тасты су бұзар

Ел арасын қу бұзар

Айару

4.Ағаш тамырымен мықты

Адам дос-жарымен мықты

Айнара


5.Табиғат жер байлығы

Батырлар ел байлығы

Хан


Жарайсындар!


1-жаттығу:

Балалар енді «З» дыбысына арналған артикуляциялық жаттығуымызды жасайық


Тақтаға мұқият қараймыз!

Ханшайыммен бірге жасаймыз.


Жарайсындар!


2-жаттығу

«З-дыбысына Тіл ұстарту жаттығуын жасайық»


За-за-за өзен суы таза

Зе-зе-зе тазаладым терезе

Зы-зы-зы ауылда көп қозы

Зу-зу-зу қарындашпен жазу

Аз-аз-аз келді міне жаз

Ыз-ыз-ыз Зере жақсы қыз

Із-із-із Отан біздің үйіміз


Жарайсындар!

-Ендеше балалар кім маған жаңылтпаш айтып береді?:


1.Тұз мұздай

Мұз тұздай

Көзайым

2.Тас,тас,тасбақа

Асты-үсті тас-тапа

Жантөре


Жарайсындар


3-жаттығу

Ал енді балалар саусаққа арналған жаттығуын жасап алайық:

«Қолшатыр»

«Күн мен Гүл»

«Тыңдамайтын доп»


Жарайсындар!


4-жаттығу

Балалар қазір қай мезгіл?

Көктем езгілінде жылы жақтан нелер ұшып келеді?

Құстардың ұясы қайда орналасады?

-Жарайсыңдпр балалар, ендеше алдарыңдағы қарлығаштарды ұшыру арқылы «Тыныс алу» жаттығуымызды жасап алайық


Жарайсыңдар!


Сабақты қорытындылай келе мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп отыр

Шарты;

Тақтадағы жанды және жансыз табиғатқа жататын суреттерді тауып,ажыратып қою. Қалғандарын алдарыңдағы үлестірмелі суреттерден суреттердің ішінен Жанды табиғатты тауып, сызып отырыңдар .


Жарайсыңдар!

Өте жақсы!



Оқу қызметін қорыту:

-Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы қандай?

-Табиғатымыз қаншаға бөлінеді екен?

-Қандай жаттығулар жасадық?

Жарайсыңдар!


- өте жақсы бүгінгі оқу қызметіне белсене қатысқандарын үшін сендерге рақмет





















-табиғатымызды аялайық, қорғайық





























































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!