Материалдар / Сабақ жоспары:«Үйдегі ,көшедегі қауіпсіздік және Ш-Сдыбыстарын ажырату».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары:«Үйдегі ,көшедегі қауіпсіздік және Ш-Сдыбыстарын ажырату».

Материал туралы қысқаша түсінік
Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау ,балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.Үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру,қауіпті заттармен,қауіпсіздік жағдайларымен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету. Балаларға жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу сөйлеуді дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2022
651
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің

35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы



14.04.2022

Аты-жөні : Сапаралиева Н.Қ

Тобы: Мектепалды даярлық топ

Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық

ҰОҚ:«Үйдегі ,көшедегі қауіпсіздік және Ш-Сдыбыстарын ажырату».

ҰОҚ мақсаты::Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау ,балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.Үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру,қауіпті заттармен,қауіпсіздік жағдайларымен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету. Балаларға жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу сөйлеуді дамыту

Күтілетін нәтиже:

1Балалардың Көшедегі және үйдегі қауіпсіздік туралы және оларды сақтау туралы білді.

2 Үйдегі құралдармен абай болуды және оларды калай пайдалануды білді.3.С-Ш дыбыстарын сөзде, буында ажыратты



Қолданылатын әдіс тәсілдер: Түрткі сауалдар, миға шабуыл, ой тұжырымдау


Жоспарлау


ҰОҚ кезеңдері

Жоспарланған іс -шаралар


Ресурстар

-ҰОҚ басталуы


































ҰОҚ негізгі

Бөлігі















































Тақтадағы смаликке карап,ҰОҚ жақсы көңіл -күймен бастайық

Карточкалар таратып Ш-С дыбыстары бар суреттермен екі топқа бөлу

Ш-С суреті бар сандықтарға 2 топқа бөлінеді



- Жарайсыңдар, балалар! Орындарына жайғасыңдар!

Қыскаша мультиктен үзінді, корсету.(талқылау)


Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: :«Үйдегі ,көшедегі қауіпсіздік және Ш-С дыбыстарын ажырату».

Бүгін балалар мен сендерді білімдеріңді, тәртіптеріңді асықпен бағалайтын боламын, оқу қызметіміздің соңында қай топ белсенді болғанын анықтаймыз



Миға шабуыл


Көшедегі қауіпсіздікке

байланысты екі топ бір-біріне сұрақ қойындар



Сұрақ жауап:

1.Бағдаршамның неше түсі бар?Үш

2.Қай түс жанғанда машиналар жүреді? жасыл

3.Көшеде қалай жүру керек? абайлап оңға солға қарап.

4.Көшеде тағы не істеуге болмайды? көшеде танымайтын адаммен сөйлесуге болмайды,қолынан заттарды алуға болмайды

-Жақсы балалар көшеде жүргенде абай болып бағдаршамға қарап жүру керек.


Балалар енді назарымызды экранға аударайық.(суреттер бойынша сөйлесу)







Үйдегі ережелер:

1.Үтікті қосуға болмайды,өрт шығып кетуі мүмкін

2.Биік орындыққа ,шкафқа ,терезенің үстіне шығуға болмайды,құлап қаласын.

3.Есікпен ойнауға болмайды,қолынды қысып аласын.

4.Қайшыны ұқыпты пайдалану керек қолынды кесіп аласың

5.Ток көзіне әр түрлі заттарды тығуға болмайды,тоқ ұрады

6.Танымайтын адамға есік ашуға болмайды, ұры болуы мүмкін


Енді екі топтың балалары осы тақырыпқа байланысты, жұмбақтар жасырамын, мұхият тыңдап,шешімін табыңдар


Жұмбақтар:Қызып кетсе табаны

Бар жалғыз ақ алаңы

Бар жалғыз ақ шатағы

Іздей бастар матаны (Үтік)



Жылмаң жылмаң етеді

Жылмандап сайдан өтеді

Із міз тастап кетеді (Ине)


Өткір жүзді келеді

Өте қажет құрал ол

Тұтас затты бөледі

Ұсақтап та турар мол (пышақ)


Елу тентек тып тыныш

Бір сарайда жатады

Тысқа шықса біреуі

Жарқ етіп от шашады (сіріңке)



Қос таяқ

Бастары дөңгелек

Тұтасты

Кеседі бөлек бөлек (қайшы)


-Жақсы балалар! Бұл заттардың барлығын үйде қолданамыз.

Ойын: «Жақсы, жаман».

(тақтадан сурет көрсету)

Балалар:

Үтік - жақсы өйткені онымен киімдерді үтіктейді,ал жаман қолымызды күйдіріп алсақ.

Қайшы- жақсы онымен әр түрлі заттарды қияды,жаман дұрыс қолданбасан қолынды көзінді жарақаттап аласың.

Сіріңке -жақсы онымен от жағамыз,ал жаман өрт шығуы мүмкін .

Пышақ-жақсы онымен әр түрлі заттарды тураймыз,ал жаман абай болмасақ қолымызды кесіп аламыз.

Ине-жақсы онымен киім тігеді ,жаман қолымызға кіріп кетсе.

Сонымен балалар осы заттармен үйде абай болу керек,үлкендердің рұқсатынсыз тиіспейміз.

Балалар енді Ш-С дыбысына арналған артикуляциялық жаттығуымызды жасайық





Тақтаға мұқият қараймыз!

Ханшайыммен бірге жасаймыз.



Енді балалар орындауынды көрініс тамашаланыздар

(Мысық музыканың сүймелдеуімен шығады фартугін үтіктейді ,үтігін қалдырып кетеді)

Мысық: үйімді тап-таза мұнтаздай етіп жинадым, киімді де үтіктедім

Ой, ой,ой өрт,өрт


(Үйшіктің алдында от жүгіреді)

(Мысық көзі алақтай қолың сермеп онды солды жүгіреді).

Күшік:Мысықтың үйі жанды

Мысықтың үйі жанды

(телефон соғады)

(Муз қойылады өрт сөндірушілер келеді)

(Өртті сөндіреді)

1 өрт сөндірушілер:

Өрт ережелерін қатаң сақтандар!

2 өрт сөндіруші:Ереже барлығына қатысты

Бұл ереже ең маңызды

Көшеде де,бөлмеде балалар естеріне сақтандар.

Екеуі:Сіріңкеңі қозғама,сіріңкеден от шығар.

1 өрт сөндіруші:Ережені есте сақтау өте оңай

Электр құралдарымен болыңыз әсте сіз абай болыңыз,

Әйтпесе мынадай оқиға болады.

Мысық:Ұшыратпай қайғыға көмектесер қашанда

Көмек қолын созатын ,

Өрт сөндірушілерге мың алғыс!

2 өрт сөндіруші:Еңбегіміз еш етпей

Өртті жақсы сөндірдік

(Марш музыкасымен өрт сөндірушілер кетеді)

-Сонымен балалар үтікті сөндірмей қалдыруға болмайды екен,тоқ көзінен алып тастап басқа жұмыстарды істеу керек.


Жарайсыңдар

-Жақсы енді қауіпсіздік туралы кім мақал біледі.

1.Сақтықта қорлық жоқ.

2.Қауіп аяқ астында

3.От пен ойнама күйесің .

4.Сіріңке кішкентай ғана ,ал оның оты үлкен.


Жарайсындар!



Осы Ш-С дыбыстарына «Тіл ұстарту жаттығуын жасайық»


Ша-ша-ша көктем қандай тамаша

Аш-аш-аш жайқалып тұр ағаш

Ше-ше-ше үлкен екен көше

Са-са-са ызыңдайды маса

Ас-ас-ас дәмді болсын ас

Ес-ес-ес алдым кілең бес

Жарайсындар!




-Балалар мына алдарында түрлі-түсті белгілер қайда кездеседі? Дұрыс олай болса «бағдаршам» ойынын ойнайық

Бұл ойынның шарты: тақтадағы Ш-С дыбысы бар суреттерді атап, дыбыстардың басында, ортасында, аяғында кездесіп тұрғанын айту, алдарыңдағы бағдаршам көздерімен көрсетіп отырасыңдар

Жарайсыңдар!

Ағаш,шана,қуыршақ,сағат,төсек,құс






-Енді балалар Ш-С дыбысына жаңылтпаштар айтайық:

Сағат сыртылдайды,

Сырға сыңғырлайды.


Әселі ән салады,

Әжесі тамсанады.

Әсеті там салады,

Атасы тамсанады.


Шымшық шымшықты шымшылады,

Шымшықтар тыныштықта тыншымады


Шашбаулы қыздың

Шашы ақ па

Шашағы ақ па?

Шашбаулы қыздың

Шашы ақ емес,

Шашбауы ақ



-Ал енді балалар саусаққа арналған жаттығуын жасап алайық:

«Жаңбыр»

«Күн мен Гүл»

«Гүл тереміз»

«Тоқылдақ»



Жарайсындар!







-Тақтаға мұқият қарайық Тағы бір қызықты ойын ойнайық

Ш-тобына

Шарты:Ш-С дыбыстары бар суреттерді тауып Ш-С әріпімен сызықша арқылы қосамыз

С-тобына

Шарты

Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік суреттерін тауып,ажыратып.Үйдің және Көшенің суретімен сызу арқылы қосамыз Қалғандарын алдарыңдағы үлестірмелі

Суреттермен дәл осылай сызып отырыңдар отырындар.


Жарайсыңдар!Өте жақсы!


-Балалар осы көктем мезгілінде нелер ұшып келеді?

-Олай болса балалар

Алдарыңдағы қарлығаштарды ұшыру арқылы «Тыныс алу» жаттығуымызды жасап алайық

Жарайсыңдар!



Оқу қызметін қорыту:

-Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы қандай?

-Көшеде жургенде қалай жүру керек екен?

-Қандай жаттығулар жасадық?

-Үйдегі қолданатын қандай құралдар жайлы айттық?

Жарайсыңдар!

- өте жақсы бүгінгі оқу қызметіне белсене қатысқандарын үшін сендерге рақмет


Асықтарды санап бағалау































































































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!