Материалдар / Сабақ «М м» дыбысы мен әрпі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ «М м» дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: «М м» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгерту. Ойын арқылы тілін, сөздік қорлары М м дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сауатты әдемі, көркем жазуға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
402
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«М м» дыбысы мен әрпі

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Нуршумова Жансая Зейнетуллаевна

Сабақ: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: «М м» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «М м» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгерту. Ойын арқылы тілін, сөздік қорлары М м дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сауатты әдемі, көркем жазуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойын арқылы тілін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін, тапқырлық, іздемпаздық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, адамгершілікке, парасаттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз ойын жеткізе білетін азамат ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ойын,түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.
Пәнаралық байланысы: тіл дамыту, көркем әдебиет, ертегілер елінде.


Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

Балалар,біз бір-бірімізге жүрек жылуымызды алақандарымыз, жылы сөздеріміз арқылы жеткізіп, бүгінгі күнімізге сәттілік тілейік.

      Сәлем саған алтын күн.

    Сәлем саған көк аспан

  Сәлем саған қара жер

               Бұл мен, бұл менің достарым

а) Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суретін іліп қою. Ертегі қалай басталатынын және де бұл ертегіде қандай кейіпкерлер барын атау. Балаларды шатастырып ертегі кейіпкелерінің арасына, мысықты да іліп қоя. Балалардан бұл жерде қайсы кейіпкер артық екенін сұрау.

- Мысық

- Дұрыс айтасыңдар, бұл ертегіде мысық болмаған.

Қанеки айтыңдаршы балалар мысық қайда өмір сүреді, мысық кандай жануар.

- Мысық сөзінің бірінші дыбысы-М м.

Балалармен қайталау. Мысық сөзін буындату,дыбыстық талдау жасату. М дыбысының айтылуына тоқталу. Мм дыбысы ауыз қуысынан кедергіге ұшырап қысылып айтылады.Олай болса, Мм дауыссыз дыбыс.

М м Дауыссыз дыбыс екенін анықтап, көк текшемен белгілету.

- Балалар қолдарындағы текшемен көрсетеді.

 

- Ендеше бүгін біз М м дыбысы және әрпімен танысады екенбіз.
- Дыбыс деген не?                                                                                  
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Дауысты және дауыссыз.

- Әріп деп нені айтамыз?

- Әріпті көреміз, жазамыз.

- Ал дыбысты естиміз, айтамыз.

ә) - Енді балалар біз ертегіге қайта оралайық. Бауырсақ ертегісінің басы қалай басталушы еді? Канеки кім айтады?

 -  Оқушылардың жауабы. Дұрыс айтасыңдар.
Бүгінгі біздің бауырсақ ертегіміздің ерекшелігі бауырсаққа әр кездескен аңдар «мен сені жеймін» деген сөздің орнына, ерекше әдемі бір өз тапсырмасын береді екен.

Бірақ тапсырма бауырсаққа қиын болмас үшін, біз оған көмектессек қайтеді балалар?

-Иа.

Сергіту сәті:

                          Ормандағы аюдың,

                          Құлпынайы көп екен.

                          Теріп- теріп алайық,

                          Себетімізге салайық.

  1. Қоянның тапсырмасы. « Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?
    - Алма артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады? Машиналар.
    - Машина сөзі М м дыбысынан басталады.
    Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?
    - Түйе өркешін қарайық

Мм әрпінің баспа түрін көрсету.

2. Қасқырдың тапсырмасы.
«Орнын тап»
 ойыны. М м дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.

  • Моншақ, мақта, машина– сөз басында;

  • Домбыра, балмұздақ, алма– сөз ортасында;

  • Қалам,шам,бағдаршам – сөз соңында кездеседі, сөздерді буынға бөлу

3. Аюдың тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс:
 М м әрпін жазу.
а) ауада жазып қол жаттықтыру;
ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.

Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатты жұмысқа.

Допты алып қолына,

Қойды оны жолына.

Оң жағына қарады,

Сол жағына қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

4. Түлкінің тапсырмасы.
«Әріптер еліне саяхат»

 Қызыл үйшік........                                     

Көк үйшік.............           

(Аа, Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл, Уу, Шш, Йй, Оо, Ққ, Дд)

Дыбысталу ерекшелігіне қарай үйлеріне орналастырайық!

Міне балалар біз барлығымыз бірігіп бауырсақты атасы мен апасына аман-есен табыстадық ата мен апа бізге риза болып алғыстарын білдіруде.

Балалар «бірігіп істеген істе алынбайтын қамал жоқ»- деген.

Сурет бойынша жұмыс: (Оқушыларға әңгімелету)

Моншақ

Бұл – моншақ. Қыздар моншақты әсемдік үшін тағады.

Комбайн

Бұл-комбайн. Комбайн мақта алқабында мақта орады.

Мақта

Бұл мақта. Мақтадан киім тоқылады.

Ендеше осымен бүгінгі сабағымызды қортындылай келе.

Қорытынды.
Сұрақ-жауап:
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- М м дыбысы қандай дыбыс екен?
- Әріп таңбасы неге ұқсас?
- М м дыбысына байланысты сөздер айту.
Бағалау: Оқушыларды өз білімімен бағалау.

                                                   

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!