6 сынып Қазақстан тарихы. Қысқа мерзімді жоспар Абдыкайыров А.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ. Моғолстан.Әбілқайыр хандығы.
6 сынып Қазақстан тарихы. Қысқа мерзімді жоспар Абдыкайыров А.
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.3 А бөлімі. XIII-XV ғасырдың I жартысындағы Қазақстан Мектеп: №183 жалпы білім беретін мектеп ККМ Күні: 08.12.2017. Мұғалімнің аты-жөні: Абдыкайыров А. Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Моғолстан.Әбілқайыр хандығы. Зерттеу сұрағы: Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай саяси өзгерістерге әкелді? |
|||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сәйкес) |
6.31.6 картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру. 6.1.1.2 -XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау. 6.3.2.5- тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап Қазақстан аумағында XIII-XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру |
|||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының сыртқы саясатын сипаттау
|
|||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының құрылуы туралы біледі Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының географиялық орналасуын біледі, кескін картадан көрсете алады Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының этноәлеуметтік құрылымын анықтай алады Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының сыртқы саясатын сипаттайды Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының Қазақстан тарихындағы маңызын ашып көрсете алады |
|||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар: |
Тілдік мақсатқа арналған тармақтар: Термин сөздер: Ойрат қоңтайшысы, әмір, көшпелі өзбектер, сойырғал т.б Тақырып бойынша берілген мәтінді оқиды және топпен талқылайды (оқылым, тыңдалым, айтылым)
|
|||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу: |
Тарихтың мәдениет пен тілдің біртұтастығы
|
|||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс: |
География, дүние жүзі тарихы |
|||||||||||||
|
Алдыңғы білім: |
6.3.2.5 Ақ Орда «Таза тақта» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау |
|||||||||||||
|
Сабақ барысы: |
||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері: |
Ресурстар |
||||||||||||
|
Сабақтың басы: 10 мин |
Оқушылармен амандасып, оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстырамын. Психологиялық ахуал туғызу үшін шеңберге тұрғызып бір-бірлеріне жақсы тілектер айтқызамын. «Кемпірқосақ» әдісі арқылы 2 топқа бөлемін 1- топ - Білімділер 2-топ - Даналар |
Түрлі-түсті қағаздар |
||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 20 мин |
Оқушыларды зерттеу жұмысының тақырыбымен таныстырамын: 1.Даналар тобы: Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының Қазақстан тарихындағы маңызы туралы не білесіңдер? 2.Білімділер тобы: Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының сыртқы саясаты қандай бағытта өрбіді? 1-кезең Жаңа сабақтың мәтінімен оқушылар кітаптан оқып танысады.Зерттеу жұмысына берілген тапсырмалар тақырыбына сай топпен бірлесе зерттеу жүргізеді.Жинақтаған білімдерін постерге түсіріп тұжырымдамалық карта жасайды және қорғайды. Мәтін: Моғолстан Моғолстан хандығы ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІҮ ғ. ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы – дулат тайпасының көсемі Әмір Болатшы. Алғашқы ханы – Тоғылық Темір (1348-1362 жж.), ол Моғолстан билеушілері әулетінің негізін салды. Астанасы – Іле алқабындағы Алмалық қаласы болды. Территориясы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Орталық аймағы – Жетісу. «Моғолстан» атауы «монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, үйсіндер, барластар т.б. түрік және түріктенген монғол тайпалары. Олар мемлекет атауына сай моғолдар деп аталды. Осынау тайпалардың Жетісуды жайлайтын едәуір бөлігі кейін қазақ халқының құрамына енеді, ал оның Тянь-Шань өңірі мен Шығыс Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары 60 жж. бастап Қазақ хандығының құрамына енеді. Сөйтіп, ХҮІ ғ.басында феодалдық өзара қырқыстар, халық наразылығының жиілеуі және олардың Қазақ хандығына барып қосылуы салдарынан Моғолстан ыдырап, жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты. Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын аяқтауына территориялық тірек, саяси-экономикалық негіз болды. Мәтін. Әбілхайыр хандығы XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани ұрпақтары иелігіндегі ұлыстар мен ру-тайпалар Ақ Орда мемлекетінің құрамында болды. Мұнда Орда-Ежен мен Тоқа-Темір әулетінен шыққан хандар билік жүргізді. Осыған қарамастан Шайбани ұрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды. Ал XV ғасырдың 20- жылдарының аяғына қарай Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиян-кескі күресінің нәтижесінде билік Орда-Ежен мен Тоқа-Темір мұрагерлерінен Шайбан ұрпақтарына ауысады. Оған Ақ Орданың әлсіреуі мен құлдырауы, оның соңғы ханы Барақтың 1428 жылы қаза табуы себепші болды. Бұл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз екі саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі – Жайықтан және оның батысына қарай Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағыстарына Шайбани ұрпақтары иеліктерін жүргізді. Олар: Аралдан солтүстікке қарай Шайбани әулеті Жұмадық ханның ұлысы, Шайбани әулетінің екінші бір тұқымы Мұстафа хан Атбасарда, үшінші бір тұқымы Махмұд-Қожа Тобылда. Маңғыт Кепек би мен Адабек Бүркіт Батыс Сібірдегі Тура өңірінде билік еткен. Жазба тарихи дерекетерде бұл феодалдық иеліктер Көшпелі өзбектер хандығы деп те аталған. Бұл ұлыстардың арасында жер үшін, билік үшін ешбір тоқтаусыз, қиян-кескі ұрыстар үнемі болып тұрған. Осы талас-тартыстың барысында Жошының Шайбан ұрпағынан тараған Дәулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар Әбілқайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Түмен) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпалардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған. Халқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктенген түрік-моңғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, ұйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары. Бұл тайпалар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және тұрмысы жағынан туыстас тайпалар. Сондықтан олар «өзбек» деген атпен саяси жағынан бірге аталған. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста – Жайыққа, шығыста – Балқашқа дейінгі, оңтүстікте – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте – Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.Әбілқайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428–1468 жж.) елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады.. XV ғасырдың 50-ші жылдары Әбілқайыр Мауеренахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бұхараға талау-тонау жорықтарын жүргізді. Соғыстар барысында Әбілқайыр қанша жерлерді қосып алғанымен, хандық ішінде саяси берік бірлік болмады, әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар күшейді. Ірі феодалдық топтар, ру басылары, сұлтандар оны қолдамады, қарсы шығып отырды. Әбілқайыр мемлекетінің ішкі әлсіздігі, Шыңғыс әулеті арасындағы тоқтаусыз қырқыстар, көшпелі рулар мен тайпалар сұлтандарының өз алдына бөлінуге ұмтылуы 1456–1457 жылдардағы Әбілқайырдың Үз-Темір тайшы басқарған ойраттармен Сығанақ маңындағы шайқаста күйрете жеңілуіне алып келді. Ол Түркістандағы талан-таражға түскен қалаларын тастап, Дешті-Қыпшақ даласына кетуге мәжбүр болды. Тек 60-жылдардың басында ғана Әбілқайыр Сырдария бойындағы бұрын өзі жаулап алған қалаларына қайта оралды. Осы жерден Әбілқайыр 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа кетіп бара жатқанда Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде кенеттен қайтыс болды.Ішкі және сыртқы қайшылықтардың шиеленісуі, бітпейтін феодалдық соғыстар мемлекеттің шаңырағын шайқалтып, Әбілқайыр хандығының ыдырап тарауына ұрындырды. Сөйтіп Шайбан әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады. Көшпелі өзбек тайпаларының бір бөлігі XVI ғасырдың бас кезінде Мауеренахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалып қойған ру-тайпалар қазақ хандарының қол астына кірді. Темір ұрпақтары үкіметінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы үкімет билігін басып алды.
2-кезең: «Өрмекші торы» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жаңа тақырыпқа байланысты сұрақ қояды және қойылған сұрақтарға жауап бере отырып алған білімдерін нақтылайды. Кері байланыс:Бас бармақ әдісі арқылы кері байланыс орнату. Үйге тапсырма: Моғолстан мен Әбілқайыр хандығы туралы қосымша ақпараттар іздестіріп оқып келу.
|
Түрлі-түсті қағаздар А3 форматты плакат |
||||||||||||
|
Саралау: «Таза тақта»әдісі арқылы үй тапсырмасын орындау барысында оқушылардың есте сақтау,жылдам ойлау қабілеттері дамып үй тапсырмасын жылдам орындауға қалыптасады «Тұжырымдамалық карта» жасай отырып: Оқушылардың барлығы: Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының құрылған уақытын анықтап,кескін картадан орналасу аумағын көрсете алады. Басым бөлігі:Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының этноәлеуметтік құрылымын анықтайды. Кейбірі:Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының сыртқы саясатын сипаттап-талдайды.. Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының Қазақстан тарихындағы маңызын ашып көрсетеді. Сабақтың соңында оқушылар «Өрмекші торы» әдісімен жұмыс жасау барысында бір-бірімен кері байланысқа түсіп,жаңа сабақтан алған білімдерін толықтырып,нақтылай отырып қорытындылайды. «Бас бармақ» әдісі арқылы бір-бірімен кері байланыс орната отырып жаңа сабақта не түсінгендерін қандай нәтижеге қол жеткізгендерін білдіреді. |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырасыз? Оқушылардың материалды игеруін бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша тексеру жүзеге асырылады |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Тарих кабинетінде, АКТ-мен жұмыс жасау қауіпсіздіктерін ескеру, білу. |
||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріп оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз













