Материалдар / Сабақ "Ойнап жүріп ойлайық"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ "Ойнап жүріп ойлайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тәрбиешілеріне ұнайды деген үміттемін.Сабақ өте жеңіл әрі қызықты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2018
1741
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім саласы; Таным.

Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті:Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.

Тақырыбы. «Ойнап жүріп,ойлайық »

Мақсаты: 10 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау, .Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып -алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым-қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап , сергіту сәті, « Қай сан жоғалды?» дидактикалық ойыны , жұмбақтар.

Құрал жабдық ретінде суреттер , , геометриялық пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, сандар, үлестірмелі материалдар пайданылады

Билингвизм..

Іс-әрекет кезеңдері ;

Тәрбиешінің іс-әрекеті;

Балалардың әс-әрекеті ;

Мотивациялық –қозғаушылық

-Саламатсыздарма, балалар!

Саламатсыз ба!

-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!

Біз әдепті баламыз Амандасу үлкенге,

Алдыменен қонақпен Тәрбиенің басы ғой.

Амандасып аламыз. Ал кәнекей бәріміз.

Сәлем!- дейік үлкенге

Шаттық шеңбері:

Балалар біз таңертең тұрғанда аяғымызбен нені басамыз?- Жерді басамыз .

Терезеге қарағанда нені көреміз?-Көк аспанды,содан кейін күнді көреміз.

Ендеше біз Көк аспанмен,Күнмен,Жермен амандасайық.

Балалар:Армысың ,қайырымды Аспан ата!

Армысың, мейірімді Жер ана!

Армысың ,шұғылалы Алтын күн!

-Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.

Тәрбиеші: ендеше балалар ,біздер қызықты тапсырмаларды «Ойнап жүріп,ойлайық»

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.

-Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын

Мына шарларды ала келдім .

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық . .. (қыс, көктем, күз, жаз)

Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.

Мына шардың түсі қандай ?(ақ)

-Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?

Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)

Сары шарды көрсету

Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)

-Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.

Жер беті сары кілемге ұқсайды.

Жасыл шарды көрсету.

Бұл түс шөптердің түсі сияқты.

-Табиғат көктемде оянып ,жер беті жасыл шөпке толады..

Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)

Қызыл шарды көрсету.

-Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?

Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)

-Балалар ,түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады.

1-тапсырма . 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау

2-тапсырма.Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан».

(1-ден 10-ға дейін сандар бойынша ретімен тұрады.)

3-тапсырма. Логикалық есептер

1.Дүкеннен анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім.менде неше доп қалды? (1)

2.-Қоянда неше құлақ бар?(қоянның суретін көрсету)

2- қоянда ше?

3 1-Қолда қанша саусақ бар?

2-қолда ше?

4.. Ағашта 5құс отыр, оның 2-уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?

5.Себетте 2 алма , табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?

6.тал басында тізіліп 10 жапырақ тұр еді,

Жел соқты да үзіліп

Ұшып кетті 1-еуі (9)

7.Алма ағашта 5-алма

Қандай жақсы жесе алма

Бесеуін жеп қойсақ

Қалады неше алма? (0)



Сергіту сәті:

Оңға,оңға түзу тұр,

Солға ,солға түзу тұр,

Артқа қарай бір адым

Алға қарай бір адым,

Жоғары,төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Балалар ,ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен.

Мынау түрлі-түсті пішіндерді қараңдаршы.Оларды қалай атаймыз.

Балалар :Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.

Тәрбиеші : Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек)

Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)

Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға)

4-тапсырма: Осындай геометриялық фигуралардан мынадай үй салынған.осы үйге біз алмаларды жинауымыз керек.ол үшін мына есептерді шығарамыз.

5- тапсырма: Осы үйге балалар қонаққа тасбақалар келе жатыр екен .бірақ олар жолды таба алмай адасып жүр, оларға үйге жету үшін тапсырмаларды орындауымыз керек.

6- тапсырма: Сандарды салыстыру.

3<5. 6<8. 8<10. 6>3. 7<8

-Жарайсыңдар, балалар,бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:

Қолынан келу:

- Балалар, бүгін геометриялық пішіндерді ажыратты

Білуі қажет:

Сандарды тура және кері санау, логикалық есептер, жұмбақтар шешу.

Болу керек: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері, дамыған.



Shape1













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!