Материалдар / «Сабақ өткізу барысында қалыптастырушы бағалау».
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Сабақ өткізу барысында қалыптастырушы бағалау».

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп ұстаздарына, жас мамандарға, студенттерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2019
550
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рефлексивтік жазба


Шара, не әрекет атауы

Өту барысының сипаттамасы

Рефлексиялық түйін

1


Коучинг

«сабақ өткізу барысында қалыптастырушы бағалау"

Коучингке шығармашылық топ мүшелері, І,ІІІ деңгей мұғалімдері және ұжым мүшелері барлығы 28 мұғалім қатысты. Мұғалімдердің коучингке деген қызығушылығын ояту мақсатында коучинг «мен тілектеспін» деген тенингпен басталды. Онда мұғалімдер бір біріне жақсы тілектер білдірді. Одан кейін мұғалімдерді топқа бөлу үшін жемістердің суретін пайдаланып, 4 топқа бөлдім . Сабақ тарту үшін ауызша:

-бағалау дегенді қалай түсінесің?

-Бағалау не үшін қажет деген сұрақтарға мұғалімдер өз ойларымен жауап берілді.Мұғалімердің жауаптарын презентация арқылы толықтырылып өтілді.

4 топқа берілген тапсырмалар:

1. бағалау түрлері

2. Қалыптастырушы бағалау

3. Қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы

4. Қалыптастырушы бағалаудың түрлері.

Топтық жұмысқа 5 мин уақыт беріліп және мәтіндер үлестірілді.Топ мүшелері өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыстанды,постер әзірледі. Әр топ тапсырмасын тыңдау 2 минутқа созылды, әр топтан тың, өзекті ,ұтымды ойлар айтылды, сұрақтарға жауаптар алынды, дәлелдерімен түсіндіріп өтті.. Қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі туралы презентация көрсету арқылы толықтырылды. Тренинг «Гүл жасау» 15 мин.

-Жұптасып мұғалім өз гүлін қорғайды.

р топ басқа топтың жұмысына қалыптастырушы бағалау береді.Сабақ соңында "екі жұлдыз бір ұсыныс " айту бойынша бағалады.


Қалыптастырушы бағалау-оқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында оқушылардың алға ілгерілеуін бағалау. Формативтік бағалау оқушыларға өздерінің прогрестерін ұғынуға және бақылап отыруға,мұғалімнің көмегімен алдағы қадамдарын жоспарлауға мүмкіндік береді. Формативтік бағалау белгілі бір сызбалар бойынша жүргізіледі және оқу үдерісінің тиімділігі мен дұрыс бағытынқамтамасыз етіп, оқушылардың оқудағы мұқтаждықтарын білуге мүмкіндік тудырады.

алыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату.

Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың маңызы білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу,болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы, білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау дағдылары

Тақырыбы: Коучинг тақырыбыҚалыптастырушы бағалау арқылы оқуды жақсарту, білім сапасын арттыру




Мерзімі: 06.01.2018ж

Өткізген мұғалім: Г.Ә. Арыстанова.

Жалпы мақсат


Мұғалімдерге оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалаудың оқыту жүйесіндегі маңыздылығын түсіндіру, критериалды бағалауды қолдануға бағыт-бағдар беру.

Күтілетін нәтиже:


Мектептегі оқу үдересінде оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды қолданудың нәтижесінде білім сапасы артады.Оқушылардың бірін-бірі, өзін-өзі бағалауы жүзеге асады, сабаққа деген ынталары оянады.

Оқу нәтижелері:


Критериалды бағалау туралы толық мағлұмат алдыру,мұғалімдерге бағалау критериалдарын құрастырып, оны тәжірибеде іс жүзінде қолдандыру.

Түйінді идеялар:


«Өзіңді өзің бағаласаң, өзгені де бағалайсың» деген даналыққа сүйенсек, бағалау - адамның құнды қасиеттерінің бірі. Бүгінгі оқыту жүйесіне оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін еңгізу, оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалауды тәжірибеде қолдану оқушыларды ынталандыруға, өз мүмкіндіктерін тануға, өзін-өзі, бірін-бірі формативті бағалауға жол ашады.

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:


АКТ, Оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау, СТО.

Топтық жұмыс, Өзіндік жұмыс, Формативті бағалау.

Тапсырмалар:«Шаттық шеңбері», «Жүректен жүрекке» тренингі, «Өз-өзіме хат» кері байланыс, рөлдік ойын, постер, БҮҮ, «Алтын балық».

Қосымша оқу:


Мұғалімге арналған нұсқаулық. 65-70 бет.

Кезеңдері

Уақыт

Коучинг әрекеті.

Коучингке қатысушылар әрекеті

Ұйымдастыру

2 мин

Сәлемдесу. Жағымды көңіл-күй туғызу.

«Шаттық шеңберін» құрғызып, «Жүректен жүрекке» тренингін ұйымдастыру.

-Осы айтылған қасиеттер, жүрек жылулары әрқашан бойларыңыздан табылуға шын жүректен тілектеспін.

«Шаттық шеңберіне» тұрады, «Жүректен жүрекке» тренингіне қатысады. (Әркім өзінің жүрегінен шыққан жылуын, қасиеттерін айтады, бір-біріне таратады.



2 мин

Түрлі –түсті қағаздардан ұшақ жасау арқылы топқа бөлдіру және топ аттарын шығару.

Топ ережесін құрғызып, тақтаға ілдіру.


Әр топтың жұмысынан соң

формативті бағалау жүргізу.


Кері байланыс. «Өз-өзіме хат» стикерлерге коучингке келу мақсаттарын жаздыру.

Бірден 3 топқа бөлінеді.

І топ – Ойлан

ІІ топ – Ізден

ІІІ топ – Бағала

Бірлесе отырып топтың ережесін шығарады, тақтаға іледі.


Смайликтер арқылы бағалайды.


Өз мақсаттарын жазып, іледі. Әр топтан бір «Өкіл» шығады.

«Ой шақыру кезеңі»

4 мин

Бағалау парағын тарату, бағалау критерилері бойынша бағалату

/5 балл/.

Коуч тарапынан сұрақ:

-Сіздер бағалауды қалай және қандай бағалау формасын қолдандыңыздар?

-Бұл тапсырмалардың бүгінгі коучингке қандай қатысы бар деп ойлайсыздар?

Мақсатым: Бүгінгі коучингтің тақырыбын өздеріне айқындату.


Формативті бағалау. Басбармақ

5 балдық бағалау критерилері бойынша бағалайды.

Бүгінгі коучингтің тақырыбын өздері табуға еңбектенеді.









Осы кезеңдегі жұмыс барысын басбармақ арқылы бағалайды.

Топтық жұмыс. Постер қорғау.




Сергіту сәті

4 мин






















І топ. Дәстүрлі бағалаудағы оқушы –мұғалім. Рөлдік ойын.

ІІ топ. Критериалды бағалаудағы оқушы-мұғалім.Постер.

ІІІ топ. Бағалаудағы кедергілер, шешу жолдары. Постер.

Топтық жұмысты критериалды бағалау.

І топ – айтады, ІІ топ – сұрақ қояды, ІІІ топ – бағалайды.



Жұмыс барысын формативті бағалау.

Түрлі түсті бағдаршамдар таратылады.

Қызыл – Жақсы

Жасыл – өте жақсы

Сары – орташа

Топтар берілген уақытта тапсырманы орындайды, қорғайды.





Топтық жұмысты өздері бағалайды,





Формативті бағалау /бағдаршам арқылы.


Теориялық материал, ақпараттар беру.

3 мин

Оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау туралы мұғалімге арналған нұсқаулықтан анықтама беру.

/64-70/бетін жазу. Презентациялау.


Кері байланыс орнату.

БҮҮ кестесін тарату.

Берілген мәліметтерден не алғанын, пікірімен бөлісу.


БҮҮ кестесін толтыру.

3 мин

Өздік жұмысын жүргізу.

Алтын балықтың суретін берілген уақытта салдыру.

-Салынған жұмыстарын жұптарына бағалату.

-Соңынан критериалды бағалау парағын беру арқылы бағалату.

-Салынған суреттің толықтығы -3 балл

-Жартысы салынса – 2 балл

-Үштен бір бөлігі салынса – 1 балл

Түстері: 4 түс – 3балл

2,3 түс – 2 балл

1 түс – 1 балл

Балық мүшелерінің саны 5 – 3 балл

3,4 – 2 балл, 1,2 – 1 балл

Суреткер шеберлігі:

Өте шебер салынған – 3 балл

Ұқсайды – 2 балл

Ұқсатуға талаптанған – 1 балл


Формативті бағалау. Смайликтерді кеуделеріне жапсыру арқылы марапаттау.

Ақпаратты тәжірибемен ұштастыру, суретті салады, алдымен өздері бағалайды. Соңынан критериалды бағалау парағы арқылы бағалайды, тиімділігін ортаға салады.





Түрлі түсті бағдаршамдар арқылы жұмыс барысын бағалайды.


Рефлекция

2 мин

«Алтын балық» кері байланыс.

Стикерлерге пікірлерін жазу.













«№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ











Коучинг тақырыбы:

«Сабақ өткізу барысында қалыптастырушы бағалау».











Өткізген: Г.Ә. Арыстанова.













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!