Сабақ: Сенсорлық қабылдау Сабақтың тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ: Сенсорлық қабылдау Сабақтың тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын тапсырмларын орындату аркылы өткен сабактардағы негізгі кеңістік (дене мүшелерінің, өзінің айналасындағы және жазықтық бетіндегі кеңістік) туралы білімдерін пысықтап бекіту, қажетті салада кеңістікке байланысты термин сөздерді айыра білуге үйрету. Өзінің айналасындағы заттардың орналасуын, жазықтық бетінің кеңістігін бағдарлап сөзбен айтуга, сүрақтарга жауап іздеуге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы»



Ашық сабақ



Сабақ: Сенсорлық қабылдау

Сабақтың тақырыбы:



«Кеңістікті бағдарлау»







Дефектолог: Қансеитова А.















Тараз

Ашық сабақ

Үлкен ІІІ - топ

Сабақтың тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау»

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Ойын тапсырмларын орындату аркылы өткен сабактардағы негізгі кеңістік (дене мүшелерінің, өзінің айналасындағы және жазықтық бетіндегі кеңістік) туралы білімдерін пысықтап бекіту, қажетті салада кеңістікке байланысты термин сөздерді айыра білуге үйрету. Өзінің айналасындағы заттардың орналасуын, жазықтық бетінің кеңістігін бағдарлап сөзбен айтуга, сүрақтарга жауап іздеуге дағдыландыру.

2) Тузете-дамытушылық Көріп-естіп дұрыс қабылдауын, көрнекі-әрекетті, бейнелі ойлауын, көріп, естіп, есте сақтау қабілеттерін, сенсорлық білімдерін, сөздік қорларын, ұсак-қол қимылдарын дамыту.

3) Тәрбиелік Көрнекі құралдармен, ұжыммен бірлесіп ойнауга, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер еске түсіру, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойындар, сергіту сәті, жұмыстандыру,мадақтау, корытындылау.

Қолданылатын корнекі құралдар: Ақ кағаз, фломастер, пішіндер, кеңістікке байланысты суреттер, ою-өрнек салынган көрпеше, тапсырма жазылған шар.

Сабақ барысы

I. Үйымдастыру кезеңі.

1. Баланы сабакқа психологиялық дайындау.

- Балалар қараңдаршы, бүгінгі біздің сабағымызға біздің орталықтың көптеген қонактары келіп отыр.

- Қонақжайлықты қалай көрсетеміз? (Орындарынан тұрып сәлемдесу)

2. Баланың ынтасын аудару, қызығушылығын арттыру.

- Балалар, біздің қонақтарымыз бізге тосын сыйларымен келіпті.

- Қараңдаршы мынау нелер? (Шарлар)

- Түстері қандай?

- Қонақтарымыз сендердің билеріңді не үйренгендеріңді, өмірде қалай қолдана алатындарыңды тексеру үшін, мына шарға көптеген тапсырмаларды қыстырып, жіберіпті.

- Ал екіншісі өте ауыр, оның ішінде не бар екенін білмейміз. Тапсырмаларды дұрыс орындап, сабаққа белсене қатысып, зерек болсак, осы тосын сыйды ашып көреміз.

- Қалай сендерге қызықты ма? Олай болса бәріміз сабакқа жаксылап ат салысайық!

- Балалар кәзір жылдың кай мезгілі?

- Қыстың қанша айы бар?

- Қыстың үш айы бар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

- Қазір қай ай?

- Қыстың соңгы айы болса, қай мезгіл таяп қалыпты?

- Бүгін ақпан айының нешесі?

- Ақпанның несінші күні?

- Апта күндерін атайықшы.

- Қыста ауа - райы қандай болады?

- Суық, үскірік, аяз, гуілдеп боран соғады.

1. Тапсырма. «Қателесіп қалма»

- Оң қолдарыңмен сол қолдарыңды ұста.

- Сол қолыңды оң иығыңа қой.

Оң аяғыңды сәл алға қой.

- Оң қолыңмен оң көзіңді жап. Сол қолыңды сол аяғыңның тізесіне қой.

- Қолдарымызды түсіреміз, түзу тұрамыз.

- Жарайсыңдар, бірінші тапсырманы орындадық.

2. Тапсырма. «Не қайда?» Суретпен жұмыс

А) Арманның оң және сол жағында, алды мен артына орналасқан ойыншықтарды ата.

Ә) Сәуленің ойыншықтары: Қоян, қонжық, піл, арыстан, көбелек, тышқан қайда жасырынған?

Б) Аю не істеп отыр? Үстелдің үстіндегі тамақтарды ата. Ойыншықтарды ата.

В) Суретке қарап төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:

- Әпкесі мен інісі қайда келді?

- Ол екеуінің қайсысы ұзын? ¥л ма әлде қыз ба? Ұлдың алдында кім бар? Қыздың оң жағында кім бар? Сол жағында ше?

- Қай аң балалардан алыс тұр? Тиын қайда отыр? Қоянның үстінен не ұшып барады?

3. Тапсырма. «Көрпешені әрілеу» (нақты затпен іс-әрекет)

- Ал енді тақтаға қараймыз. Неге ұқсайды? Осы кілемді кескіндейміз. Бірақ, көрпешеміз әдемі емес, тек бір түсті жасыл кілемді өрнектейміз, әдемі болып, барлығына ұнау үшін.

- Менің айтуым бойынша кезекпен шығып орындаймыз.

-Shape1 Оң қолыңмен ал және оны кілемнің жоғарғы сол жақтың бұрышына қой.


-Shape2 Сол қолыңмен ал және оны кілемнің төменгі оң бұрышына қой.

Shape3

- Оң қолыңмен ал және оны кілемнің артына қой.


-Shape4 Сол қолыңмен ал және жоғарғы оң жақ бұрышына қой.


-Shape5 Оң қолыңмен ал және оны, төменгі сол жақ бұрышына қой.

- Қараңдаршы, сендер қандай әдемі көрпешелер өрнектедіңдер.

ІІ. Сергіту сәті. «Буги-вуги»

Оң қолды алға созып,

Содан кейін артқа тастап,

Одан кейін алға созып,

Сілкілейміз жай ғана.

Біз билейміз буги-вуги

Дөңгелене айнала

Алақанмен шапалақта

Міне былай-былай, былай,

Қ/сы: Буги-вуги - о - кей!

Буги-вуги - о - кей!

4. Тапсырма. «Қагазга өрнек саламьіз»

- Балалар алдарыңдағы қагазға менің нұсқауым бойынша пішіндер саламыз.

-Shape6 Қағаздың ортасына қызыл қаламмен саламыз.

-Shape7 Жоғары оң жақ бұрышыне көк қаламмен шаршы

-Shape8 Төменгі сол жақ бұрышына саламыз.

-Shape10 Shape9 Төменгі оң жақ бұрышына жасыл қаламмей саламыз.

- Жоғарғы сол жақ бұрышын күнді саламыз.

- Жарайсыңдар балалар, бұл тапсырманы да орындадыңдар!

- Қандай әдемі өрнектер!

5. Тапсырма. «Суыртпақ сүрақтар» Доп лақтыру ойынын ойнаймыз. Сабағымызды қорыту..

- Балалар шеңбер жасап тұрамыз! Мен ортада тұрып , доп лақтырып, сұрақтар қоямын. Ал сендер жауап бересіңдер. Тек, допты маған жылдам лақтырып, жауап берулерің керек.

- Сенің артыңда кімдер отыр? (қонақтар)

- Сенің алдыңда не бар? (терезе)

- Кемпірқосақ қайда тұрады? (аспанда)

- Кемпірқосақтың неше түсі бар? (жеті)

- Бағдаршамның неше көзі бар? (үш)

- Аспанда неше жұлдыз бар? ()

- Жұлдыздың неше бұрышы бар?

- Адамда қанша көз бар?

- Қолғапта неше саусақ бар?

- Жарайсыңдар балалар, сендер қонақтарымыздың барлық тапсырмаларын өте жақсы орындадыңдар. Сендерге дайындаған тосын сыйды алу үшін, бізге мынадай қағазға сызба сызып жіберіпті. Сол сызба бойынша бәріміз орнымыздан тұрып сыйлығымызды іздейік.

- Міне балалар біз тосын сыйды да таптық, жарайсыңдар! Сендерге қонақтар қатты риза.

- Қандай әдемі шар! (Шарда не бар екенін көру үшін шарды жарамыз. Ішінен балапандар шығады)

- Жарайсыңдар балалар!

- Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

- Олай болса, сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.08.2021
1775
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі