Сабақ тақырыбы: 1.3.Көкшетау 1.3. Дефис арқылы жазылатын сөздердің емлесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ тақырыбы: 1.3.Көкшетау 1.3. Дефис арқылы жазылатын сөздердің емлесі

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар үлгісі.1-бөлім: Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-бөлім: Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография

Мектеп: №164 жалпы орта мектебі

Сабақ тақырыбы: 1.3.Көкшетау

1.3. Дефис арқылы жазылатын сөздердің емлесі

Күні

Мұғалімнің есімі: Курбаназарова Дариха Налибаевна

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты


6.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу.

6.4.1.1. Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Оқыған мәтін бойынша негізгі ойын анықтайды. Дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Оқушылардың басым бөлігі: Оқыған мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді. Дефис арқылы жазылатын сөздердің емлесін түсіндіреді.

Кейбір оқушылар: Оқылған мәтін бойынша негізгі ойды анықтап, жинақы мәтін жазады. Сөйлемдерді құрауда дефис арқылы жазылатын сөздердің мән-мағынасын ашып, орфографиялық нормаға сай қолданады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

1.Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді

2. Материалдар негізінде жинақы мәтін жазады

3. Дефис арқылы жазылатын сөздердің бес түрлі жасалу жолын меңгереді.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: жазылым

Терминология

Орфографиялық норма, дефис арқылы жазылатын сөздер

Сөз тіркестері:

Барқыт түн, шыңырау көк, құштар болу, барқыт, жәрмеңке, таулар, ерте-кеш, сай-сала, тұп-тұнық, ерсіл-қарсыл, аң-таң.

Құндылықтарды дарыту

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.Табиғатты қастерлеуге, қорғауға, туған жердің қадірін білуге шақыру.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет пәнінен С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы табиғаттың суреттелуімен байланыстырамын.География пәні бойынша Қазақстандағы географиялық орны мен ерекше климаты жайында таныстырамын.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, слайд, кесте

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Көкшетау және дефис арқылы жазылатын сөздер туралы мағлұмат бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

6 минут

Психологиялық жағымды ахуал тудыру үшін «Алақаннан алақанға» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің алақандарына алақандарын тигізе отырып, өздерінің жылы лебіздерін айтады. Пазлдар арқылы үш топқа бөлемін. «Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас»

Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты хабарланады.

Алдыңғы білім: Берілген қиықшалардан дефис арқылы жазылатын сыңарларын тауып, мақал-мәтел, нақыл сөз немесе күрделі сөйлем құрап айтады. Оқушыларға жеке қолдау көрсетіледі.

«Еркін әңгіме» әдісі арқылы сұраймын.

Қалыптастырушы бағалау. Марапат сөздері.

Бекіту сұрақтары:

  • Дефис арқылы жазылатын сөздерді қандай сөздер дейміз?

  • Тағы да қандай күрделі сөздердің түрлерін білесің?









«Жарайсың!»

«Керемет!»

«Тағы қалай толықтырасың!»

Ортасы





7 минут





























































5 минут
































10 минут





















































10минут










І Жұптық жұмыс.

«Сөздік қор» әдісі арқылы мәтіндегі жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру мақсатында тапсырма беріледі.

топттар

сөз

Сіздің ойыңызша мағынасы қандай?

Сөздіктегі анықтамасы

Сөзді пайдалана отырып құрылған сөйлем.

1

Жәрмеңке

базар

мұнда:

той-думан

Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған той-думан басталды.

2

Құштар болу


құмарту, қатты қызығу


3

Барқыт


1. Оң жағы жұмсақ болып келген жұмсақ мата 2. ауыспалы мағынада жанға жайлы самалды түн



Қалыптастырушы бағалау: Ауызша бағалау.1 минут

- Сіздер Көкшетау туралы не білесіңдер? ( балалардың жауаптарын тыңдау, 
толықтыру)

Оқжетпес

17 ғасырда осы өңірде жүрген кезінде Абылаймен рулас қазақтар қалмақтарды жеңіп, мол олжаға ие болған екен. Қалмақтың ару қызын бөлісе алмапты. Сонда қыз кімнің жебесі орамалымды тесіп өтеді, сол менің ерім болады деген екен. Ешкімнің оғы ол таудың басында тұрған қызға жетпеген екен.

Көкше биігі теңіз деңгейінен 887 м. биіктікте орналасқан. Ол Оқжетпес шоқысынан қашықта емес. Көкшетау атақты Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырайдың туған жері.

Ақын С.Сейфуллин жырлап өткен Көкше жерінде көлдер саны сексеннен 2-3 есе көп. Олардың атаулары да өздеріне сай берілген, Әулиекөл, Айнакөл, Аққуатқан, Ақкөл т.б. қайыңдары да ерек-ше жер астындағы минералдардың әсерінен майысып өседі. Сондықтан да оларды «Биші қайыңдар» деп атайды.

Жұмбақтас

Пішіні пирамидатәріздес, жиектері дөңгеленген граниттен тұрады. биіктігі 18 м. Жұмбақтастың пайда болу тарихы туралы халық жадында сақталған аңызда:17-жастағы тұтқынға түскен қалмақ қызы Оқжетпес

 шыңынан Бурабай (ескі атауы Әулиекөл) көліне секіріп кетеді де, сұлудың түскен жерінен таңғажайып жартас пайда болған. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қараса, қыздың бейнесі байқалады, ал қарама-қарсы жағынан қараса мыстан кемпірдің бейнесін көруге болады.

Көкшетау Қазақстанда орналасқан. Алтайдан Атырауға дейін көсіліп жатқан 
қазақ даласына тән қай қасиет, қай сипаттың бәрін осы жерден табылады. 
Құдіреттің өзі аспан асты әлемінің барлық сыр, барлық қасиетін қаз ­ қалпында 
бейнелейтін арнайы көрме залын әкеп әдейі орнатқандай.. Көкшетауды екінші 
Швейцария деп те атайды. Ақын – жазушылары Көкшетаудың сұлулығын, ондағы 
90 көлдің әсемдігін жырлап, көптеген шығармалар жазылған. Солардың бірі ­ І. 
Жансүгіров. 

Бурабай

Ертеде қос өркешті аппақ әдемі түйе болыпты. Өзі жуас болған екен, тек жұт немесе соғыс бола қалса, бура өзгеріп шыға келеді екен. Күндей күркіреп буырқанғанда, тау сілкініп, дала сілтідей тына қалады екен. Мұны естіген жұрт жедел жиналып, жаудың бетін қайтаруға, туған жерін қасіреттен аман сақтап қалуға аттанады екен. Бір күні Қасым хан осы түйені кезіктіріп садақпен атып салады екен. Бура шипалы судан бір ұрттау үшін көлге қарай ыңырана жөнеледі. Бірақ әл-дәрмені жетпей, тасқа айналып, сол жерде тау болып қалады деседі.

Қазақстанда Көкшетау сияқты көрікті жерлер өте көп. Бірқатар адамдар табиғаты көркем жерлерді аралап көріп, демалуға шетелдерге барады. Ал шын мәніндегі табиғат сұлулығы осы Көкшеде. Көкшетау – ұлттық мақтанышымыз. Сондықтанда біз оны мақтан тұтамыз. Сондықтан да мен сіздерді шетелге емес, еліміздің осындай сұлу жерлеріне баруға шақырамын. Жер жаннатын шалғай шетелден емес, өз жерімізден іздейік!
Автормен танысу.
І. Жансүгіров туралы не білеміз? (Балалар жауабы тыңдалады)
Автор туралы нені білуіміз керек?
Қашан, қай жерде дүниеге келді?
Кім болды?
Шығармалары?

Өлеңді «Стоп кадр» әдісі арқылы кезектесіп мәнерлеп оқиды.

Көкшетау

Құмарың Көкшетауды көрсең тарқар,

Адам түгіл аңның да көзін тартар.

Көктемде көрерміз деп Көкшетауды,

Жосылып, бұғы, марал, құлан, арқар.


Екі уақ ерсіл-қарсыл қайтқан құстар,

Көкшеге бір қонуға болар құштар.

Сықылды тіршіліктің жәрмеңкесі,

Ғажайып нендей сыр бар, нендей күш бар?!


Көк қасқа Көкшетаудың бетегесі,

Сықылды сепкен алтын күн сәулесі.

Тыңдаған бұлбұл үнін ойшыл орман,

Толықсып бас изелер ерте-кеші.


Сықылды тоқсан ауыл тоқсан көлі,

Жалтылдап қарар дағы тартар сені.

Аралап сұлу Көкше сай-саласын,

Шығады саяхаттан самал желі.


Тұп-тұнық қара барқыт түні қандай,

Рақат дүниесі ұйығандай.

Сұлудың алтын гауһар сырғасындай,

Көкшенің иығында шалқиды Ай.


Шалқыған шымылдықтай атады таң,

Алқадай қойған қадап алтын шолпан.

Ішінде сол шымылдық Көкше сұлу,

Қарайсың көркіне сен болып аң-таң.


Қ.Аманжолов

ІІ.Топтық жұмыс «Джигсо карточкалары» әдісі арқылы жүргіземін. (Берілген тапсырмаларды орналасу ретімен сәйкестендіреді және өлең мазмұнына сүйеніп, мағынасын табады, дефис арқылы жазылған сөздерді тауып, мағынасына сәйкес келетін бағанға орналастырады.) Топ ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы нәтижелі жұмыс жасауға ынталандырамын.

1-топ:

А) Өлең мазмұнына сәйкес ақпараттардың ретін көрсетіңдер.

Орман ертелі-кеш бұлбұл әнін тыңдайды

3

Көкшенің иың,ғындағы сұлу Ай –ару қыздың сырғасына ұқсайды

5

Көктемде Көкшетауды көруге аңдар да асығады

1

Көкшенің сай-саласында самал жел соғады

4

Көкшедегі өмір тіршіліктің жәрмеңкесі сияқты

2

2-топ
Ә) Өлең мазмұнына сүйеніп, берілген сөздердің мағынасын табыңдар

Сөздер

Мағынасы

көк

Шөп, көгал/аспан, әуе

Күш

Шама, қайрат/құдірет, тылсым

Уақ

Ұсақ, майда/мезгіл, уақыт

барқыт

Жанға жайлы/жұмсақ мата

3-топ

Б) Өлеңнен дефис арқылы жазылған сөздерді тауып, мағынасы сәйкес келетін бағанға орналастырыңдар.

Мағынасы

Сөздер

1.Ертеден қара кешке дейін, күні бойы

...ерте-кеші

2.Су жүретін жыра, ойпаң жер

...сай-сала

3.Таза, мөлдір

...тұп-тұнық

4.Әрі-бері, іргелі-кейінді

...ерсіл-қарсыл

5.Таңырқау, таңқалу

...аң-таң


Дескриптор:

-Дефис арқылы жазылатын сөздерді табады;

- дефис арқылы жазылатын сөздерді бағанға орналастырады;

- Жазылым барысында орфографиялық норманы сақтайды;


Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Кері байланыс:

-Топта жұмыс жасау қаншалықты қызықты?

Интербелсенді тақта арқылы «Дефис арқылы жазылатын сөздер» туралы мағлұмат қайталанады.

Дефис арқылы жазылатын сөздер

1

Қос сөздердің барлық түрі

Ыдыс-аяқ, күннен-күнге, жалт-жұлт, көзбе-көз

2

Мағынасы бірдей немесе жуық сөздер

Күш-қуат, аз-кем, ар-намыс, өсіп-өну

3

Реттік сан есім цифрмен жазылғанда -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары көрсетіліп жазылғанда

6-сынып, 70-інші пәте, немесе 70-пәтер

4

Күшейткіш буын арқылы жасалатын сын есімнің күшейтпелі шырай тұлғалары

Жап-жасыл, сұп-сұр, кіп-кішкене, әп-әдемі

5

Қысқарған сөзге жалғанатын қосымша дефис арқылы жазылады

ТМД-ға. БАҚ-қа, ҚР-ның

ІІІ. Жеке жұмыс. «5 минуттық эссе»

Оқылым және оқулық материалдарын пайдаланып, «Туған өлке таулары» тақырыбында шағын жинақы мәтін жазыңдар.

Шарты: Өлеңдегі көркем сөз қолданыстарын тауып, оларды шығармада пайдаланыңдар. Мысалы: барқыт түн, шыңырау көк

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді


Материалдар негізінде жинақы мәтін жазады


  1. Өлеңнен көркем сөз қолданыстарын табады

  2. Сол көркем сөз қолданыстарын пайдаланып, жинақы мәтін жазады.


Қалыптастырушы бағалау: Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен кезек жазады, кейін ой бөліседі.
















Қосымша ресурс беріледі

фотосуреттер












































(Слайд)






Оқулық






























Джигсо карточкалары




























«Жарайсың!»

«Керемет!»

«Тағы қалай толықтырасың!»




Интербелсенді тақта























«Шахмат тақтасы»


Аяқталуы

5 минут


«Акроним» әдісі арқылы сабақты бекітемін.

К - Көкшетау

Ө – өте тамаша

К – керемет

Ш - шаттық сыйлайтын

Е - ерекше

Т - табиғаты

А- айрықша

У-кақыт өткізетін жер

Кері байланыс.«Тауға шығу» әдісін қолдану. Мұғалім тақтаға сурет салып, әр оқушы тауға шығу жолында қай тұста тұрғанын белгілейді

  1. Түсінбедім.

  2. Енді түсініп келемін.

  3. Барлығын түсіндім.

Үйге тапсырма:

10-тапсырма.Түймедақ гүліндегі 3-тапсырманы орындаңдар.

3. Көпшілікке танымал табиғи орындар туралы қазақ ақын-жазушыларының шығармаларында кездесетін сипаттаулардан үзінді жинаңдар.

Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Білім алушылардың жеке қабілеттері мен қажеттілігін ескере отырып, түрлі деңгейдегі топтар үшін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін саралап тапсырмалар беруді жоспарладым.

Білім алушының оқуға деген ішкі уәжіне қолдау көрсету мақсатында саралау тапсырмаларын ұйымдастырдым.

Үй тапсырмасын бекіту мақсатында «Еркін әңгіме» әдісін қолдануды жөн санаймын.Себебі ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар өздерінің қосымша дереккөздерді пайдаланғанын, яғни дефис арқылы жазылатын сөздердің сыңарларын таба отырып, мақал-мәтел мен құраған күрделі сөйлемдерін бөлісуіне мүмкіндік туады. Мұғалімнің ауызша марапаттауы Сенде аз болса да ілгерілеу бар, егер үздіктердің қатарында болғың келсе, саған анықтамаларды, терминдерді, т.б. меңгеруге көңіл бөлуің керек. Бекіту сұрақтары арқылы теориялық білімін қайта жаңғыртады.

Оқылым дағдысын дамытуда барлық оқушыға визуалды көмек ұйымдастырамын және ол «Джигсо карточкалары» әдісі арқылы іске аспақ. Мәтінді «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы талқылау барысында дағдысы жоғары оқушылар дағдысы төмен оқушыларға қолдау көрсетеді. (ЖАДА) Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар өлең мазмұнын түсініп қана қоймай, іріктеп оқу, негізгі және қосымша ақпараттарды ажыратуға мүмкіндік алды.Ал ерекше қабілетті оқушыларға тапсырманы жылдам орындағандықтан қосымша ресуртармен («Оқжетпес», «Бурабай», «Жұмбақтас» мәтіндері) қамтылады.Сөздік қоры молайып, шығармашылық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алады.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Сабақта оқушылардың жеке, жұптық,топтық жұмыстары қалыптастырушы бағалау,дескриптор арқылы бағалау арқылы жүргізілді.

Мұғалімнің «Мадақтауы»,оқушылардың «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысы арқылы бағаланады. Бұл әдістер білім алушылардың бірін- бірі бағалай білуге, шынайылыққа үйретеді.

Қалыптастырушы бағалау білім алушының алға ілгерілеуіне, нәтижеге қол жеткізуіне, ынталануына ықпал жасайды. Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Бұл әдіс сабақтың тиімділігін арттыра түсумен қатар, осы сабақта қамтылмай қалған тақырыптардың келесі сабақта іске асырылуына мүмкіндік береді.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2018
8874
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі