жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ тақырыбы: Аэробикалық жаттығудың пайдасы
Сабақ тақырыбы |
Аэробикалық жаттығудың пайдасы |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
4.1.4.1 дене жаттығуларын шебер орындау үшін әлеуетті анықтап, қозғалыстың күшті және әлсіз жақтарын салыстыру |
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Оқушылар бұл бөлімде білу түсіну дағдыларын жеке, топтық жұппен гимнастикалық элементтерін дамытады. Көптеген оқушылар: Жеке және топтық жаттығулары арқылы таңғы гимнастикалық жаттығуларды орындайды Кейбір оқушылар: Қозғалмалы ойындармен эстафеталар негізінде төзімділікті дамытады |
|||
Тілідік мақсаттар |
Пәндік лексика және терминология Талқылауға арналған сұрақтар: • орын ауыстыру, тепе-теңдік, айналу • итерілу, ұшу, қону • гимнастикалық саймандар • арқан, саты, керме (белтемір) • гимнастикалық құрал-жабдық • гимнастикалық төсеніштер, орындықтар • қозғалыс үйлесімділігі • дене сымбаттылығы Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері Талқылауға арналған сұрақтар: • Гимнастикада жаттығуларды орындау кезінде неліктен қауіпсіздік техникасы нұсқаулығын ұстану қажет екіндігін айта аласыз ба? • Гимнастикалық құрал-жабдықтарды пайдалана отырып жаттығуларды орындау күрделі үрдіс болып табылады ма? • Ойланыңыз, сіз тағы қандай бірлескен жаттығулар орындай алар едіңіз? • Ырғақты гимнастика кешенін жасақтауда сіз қандай қиындықтармен жолықтыңыз? |
|||
Жетістік критерийлері |
|
|||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||
Пәнаралық байланыстар |
Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады. |
|||
АКТ қолдану дағдылары |
БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану; Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу; |
|||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және постер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, слайд, флипчарт. |
|||
Бастапқы білім |
Оқушылар өткен сыныптағы дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс уақытта алған гимнастикалық жаттығуларды орындау дағдылары мен білімдеріне ие. |
|||
Сабақтың барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы |
«Әуе таяқ» — ұлттық ойын.
Бұл ойын далада, алаңда, ауыл сыртында ойналады. Жас өспірімдер таяқтарымен келіп, дөңгеленіп тұрады да, ұпай санын әбден келісіп алып, бірінің таяғын бірі көздей аспанға лақтырады. Бірінің таяғы екіншісінің таяғына тисе, келісім бойынша белгілі бір ұпай алады. Егер әуеде таяққа таяқ тимесе, онда таяғы жерге басқалардікінен бұрын түскен бала ұтады. Мұндайда ұпай саны әуеде таяқтардың санына байланысты болады. Ойын тәртібін ойын жүргізуші бақылайды. Ол ойынға неше адам қатынасты, кімнің таяғы тиді, кімнің таяғы жерге бұрын түсті — соған төрелік айтады. Әдетте ұтылған жас өспірім өлең айтып құтылады. Бұл ойын балаларды лақтырған нәрсесін дәл тигізуге дағдыландырады. Жұмыс ережесін келісу Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда) (Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау (Ж, Т, ҚБ) Тіреліп секірулер.Сынып шағын топтарға немесе жұптарға бөлініп, келесідей элементтермен жұмыстануға ұсыныс жасалады. Жүгіріп келіп секіріп тізеге тірелу, отырып тірелу және артқа керіле секіріп түсу. Нұсқалар: Сол (оң) қолмен тіреле және сол (оң) аяқпен итеріле жанмен секірулер. (Тәж, Ж, ҚБ) Тепе-теңдік жаттығулары. Сынып шағын топтарға бөлінеді, келесідей жаттығуларды орындау ұсынылады. Аяқтың ұшымен жүру, отырып алға еңкейу, арқамен алға жүру. Алға алмакезек адымдар. Қолдан ұстап екеуден, үшеуден жанмен қозғалулар. Алға қозғала отырып бір аяққа секіру. Оң аяққа тіреле отырып сол аяқты артқа созу. Бір тізеге тіреліп, қолдардың көмегімен тұру. Аяқтардың ұшымен 180 градусқа бұрылу, артқа керіле секіріп түсу. (ЖЖ, Т, К, ҚБ) Оқушылар гимнастикалық саймандарда келесідей тапсырмаларды орындайды: 1. Жұпта немесе шағын топтарда акробатикалық қосылыстардың реттілігін жасақтайды және жазып алады. 2. Жасақталған қосылыстарды орындайды. 3. Орындалған қосылыстарды талқылайды және бағалайды, бір-бірлерінің қателіктерін түзетеді. |
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
||
Сабақтың ортасы |
(Т, ЖЖ, Тәж) Оқушыларды екі топқа бөліп, жұппен әрқайсысына спорттық жабдықтарды орнатыңыз: екі гимнастикалық мата және екі орындық. Оқушылар жаттығуды синхронды түрде орындайды. Бір топ тапсырманы гимнастикалық маттарда орындайды, екінші топ гимнастикалық орындықтарда орындайды. Жұптар жаттығуларды орындағанда, қалған оқушылар оларды бақылап, қателерді түзету үшін кеңестер береді. Мысалы, акробатикалық тапсырма : Алға домалап артқа аунап жауырынға тұру , жатып" көпір", алға қарай секіріп тіреле бұрылып жоғары көтерілу.. Гимнастикалық орындықта: оң аяқты ұшымен алға үш қадам, оңға 180° бұрылу, бір аяқта тепе-теңдігі сақтау, "қарлығаш" бейнесін көрсетіп, алға екі қадам жылжып секіріп түсу. Аэробикалық жаттығудың пайдасы Дескрипторы: Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
|
||
Сабақтың соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. Ой толғаныс кезеңі. Жаттығулар барысында жіберілген қателіктерді талқылаңыз. Сұраңыз: Бұл тапсырманы орындай сізге қиындық туғызды ма.? Жаттығулар орындау кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыз.? Сұраңыз: Акробатикалық комбинациясын жасақтауда немесе орындауда қандай қиындықтар сезіндіңіз? Сұраңыз: Өзіңіздің идеяларыңызды серіктесіңізбен ережеге сай әрі бір мезгілде орындап бере аласыз ба?
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады. |
||
Қосымша ақпарат |
||||
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. |
|||
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау парақтары |
|||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
|||
Қорытынды бағалау |
||||
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. 2. |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген