
Ұйымдастырылған оқу іс – əрекетінің технологиялық картасы
Апта тақырыбы: «Өзіңе жəне өзгелерге көмектес»
Тақырыбы: «Анама көмек
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: сөйлеуді дамыту
Мақсаты: : Балалардың сөйлеу тілін, заттардың қасиеті мен сапасын білдіретін сөздермен
байыту. Өзіне жəне айналасындағы адамдарға көмек көрсету дағдыларын жетілдіру
Əдіс – тəсілдері: Түсіндіру, ойын, əңгімелеу, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар
Билингвалдық компонент: ана-мать, көмек-помьщ
Əрекет кезеңдері
Тəрбиешінің іс – əрекеті
Балалардың іс –
əрекеті
Себепті –
қызығушылығын ояту
- Балалар, бүгінгі біздің оқу іс -
əрекетіміз өте ерекше тіпті қызықты
өтпекші. Сондықтан балалар,
көңіліміз көтеріңкі болу үшін, мен
сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойнаймыз ба балалар, жақсы онда
барлығымыз суретке назар
аударайық.
Кімнің суретін көріп тұрмыз?
Олай болса, «Анамыз қандай?»-
деген ойын ойнайық.
Бізге ойын ойнау үшін алдыменен не
керек?
Өте жақсы.
- Ал енді айтайық анамыз қандай?
- Анамыз бізге не береді?
Дұрыс айтасыңдар.
Құшағы ыстық, бірақ күн емес
Өзі нəзік, гүл емес
Жəне сүйкімді, қоян емес,
Сүт береді, сиыр емес.
Бұл кім екен балалар?
-ия ойнаймыз
Ананың
-суреттер
- Сұлу
- Мейірімді
- Нəзік,
- Бізге қамқор болады.
- Сүт береді.

Нені білу керек: Өзіне жəне айналасындағы адамдарға көмек көрсетуді
Нені игереді: сөйлеу тілін, заттардың қасиеті мен сапасын білдіретін сөздермен байыту.
Нені біледі: аналарын құрметтеуді, сыйлауды
Ұйымдастырушылық
– іздену кезеңі
-Балалар АНА деген сөзді бояу керек
болса? Қай түспен бояр едіңдер?
Ал, осы «АНА» деген сөзді ұстап
көрсек, қандай болар екен.
Міне сендер қазір барлығыңда өз
аналарыңды елестеткен
боларсыңдар.
- Анаң үйде болмаса қандай болады.
- Жыл мезгілінде аналарға арналған
қандай мерекелер бар екен.?
- Ал, үйде аналарыңа қандай көмек
бересіңдер?
-Қалай көмектесесіңдер?
(балалар аналарына қалай
көмектесетіні туралы айтады)
Дидактикалық ойын:
«Тəрелкесіне қарай кесесін таңда»
Қане, балалар шаршаған
боларсыңдар, орнымыздан тұрып
сергіту жаттығуын жасап жіберейік.
Мынау менің жүрегім,
Бəрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды
Бəрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.
-өз ойларын айтады
- Көңілсіз, ренжиміз,
суық болады.
Өз ойларын айтады..
-ойын ойнайды
Оқу іс - əрекетті
бақылау кезеңі
Сонымен балалар бүгінгі сабағымыз
ұнадыма?
Анамызға əрдайым көмектесіп
жүрейік