Сабақ тақырыбы "Денсаулық - зор байлық!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ тақырыбы "Денсаулық - зор байлық!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге арналған қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО,Бәйтерек ауданы, «Бәйтерек колледжі» МКҚК педагог-зерттеуші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы : М.С.Даулеталиева

Сабақ тақырыбы Денсаулық –зор байлық!

Мәтінмен жұмыс.


Денсаулық – адам баласының ең құнды байлығы. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетің таза болуы керек. Адамның жан тазалығы денсаулығына әсер етеді. Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.

Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе, біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек.

Ғылыми деректерге сүйенсек, елімізде адамдардың 100 және одан да ұзақ өмір сүруге мүмкіндігі бар екен. Өкінішке орай, халықтың көпшілігі ғылым дәлелдеген саламатты өмір салтының ережелерін сақтамайды. Соның салдарынан, халық арасында жұқпалы аурулар мен қатерлі дертке шалдыққандардың саны көп. Оның бірнеше себебі де бар, мысалы, қоршаған ортаның ластануы, халықтың әлеуметтік тұрмыс-жағдайының нашарлауы.

1Денсаулыққа байланысты мақал-мәтел жазыңыз.


2тапсырма.

Денсаулықты сақтау сөзіне сөйлем құраңыз.

3 тапсырма

Өз ойыңыз.

1.

Денсаулықтың 1-құпиясы – денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл-ойымызда жатыр. 

2.

Денсаулықтың 2-құпиясы – біздің тыныс алуымызда.

3.

Денсаулықтың 3-құпиясы – шынығу әрекеттері күш әкеледі.

4.

Денсаулықтың 4-құпиясы – дұрыс тамақтану күші.

5.

Денсаулықтың 5-құпиясы – күлкі. Күлкі – бұл мәңгілік емші.

6.

Денсаулықтың 6-құпиясы – демалу күші.

7.

Денсаулықтың 7-құпиясы – тұлғаны түзу ұстай білу күші.

8.

Денсаулықтың 8-құпиясы – таза қоршаған ортасыз шынайы денсаулықтың болуы мүмкін емес.

9.

Денсаулықтың 9-құпиясы – сенім күші.

10.

Денсаулықтың 10-құпиясы – сүйіспеншілік күші.






Үй тапсырмасы. Денсаулығымды күтемін! Тақырыбына ээсе жазу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2021
464
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі