Материалдар / Сабақ тақырыбы "Наурыз бен ақпан " 7 сынып

Сабақ тақырыбы "Наурыз бен ақпан " 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мұғалімдерге керек жоспар оқып жүрген оқушыларға орыс сыныбына
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Пәні:Қазақ тілі мен әдебиеті Күні:. Сыныбы :7б

Мектеп: КММ « Свободный ОМ» Мұғалімнің есімі:Ильгундинова М.Н.

Қатысқандар :Қатыспағандар :

Сабақтың тақыры

Наурыз бен ақпан

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

-тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгеру, сөйлесім барысында қолдана білу

-ұжымдық жұмыс жасау дағдыларын нығайту

- шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

- жыл мезгілдерін қазақ тілінде салыстыра суреттеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді. Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады Кейбір оқушылар:Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Жасаған постерлерін белгілі критерийлер бойынша бағалайды.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, желімқағаз.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы 5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Оқушылар бір-біріне ЖҮРЕКШЕНІ беріп жылы сөздер айтады, ол сипаттау немесе жақсы тілек болуы мүмкін

Топтарға таратылатын қима қағаздар, бағалау парақтары


Ортасы 20 минут

1. Өткен сабақты пысықтау

«Иә, жоқ» жауаптары арқылы.

Жазда Наурыз мейрамын тойлаймыз ба?

Бұл мейрам мамыр айында ғой?

21-22 наурызда күн мен түн теңеледі ме?

Наурыз мейрамы 22-ақпанда ма?.

Наурызда халық ағаш отырғызып, үйлерін тазалайды ма?

Наурызкөже пісіреді ме?

Наурыз – батыс халықтарының Жаңа жылы ма?

2. Сабақтың тақырыбын анықтау

Қар жауады. Боран соғады. Күн қысқа. Дала аппақ. Күн суық.

Қай мезгіл туралы айтып тұрмын?

Күн жылынады. Қар ериді. Табиғат оянады. Күн ұзарып, түн қысқарады.

Ал бұл қай мезгіл? Демек, бүгінгі сабақта қыс пен көктем туралы айтамыз.

3. Түсіну

М.Мақатаевтың «Наурыз бен ақпан» өлеңін оқытып, мазмұнын түсінеді.

4. Қолдану.

Екі топқа тапсырма. Ақпан мен наурыз айларының іс-әрекетін, сипатын флипчартқа түсіреді. Жұмыстарын қорғайды.

Топтар бірін-бірі бағалайды, максималды 10 балл.

  1. Эстетикасы

  2. Мазмұндылығы

  3. Қорғауы

Дәптерге наурыз бен ақпан айларының негізгі әрекеттерін жазады.
















Оқулық




Флипчарт, маркер

Сергіту сәті

2 минут

«Мен кіммін» ойыны. Оқушы маңдайына өткен тақырыптан бір сөз (түйе, домбыра) жазылады. Оқушылар сол адамға қатысты сөздерді, белгілерді айтады, ал оқушы табады.

Желімқағаз

Аяқталуы

13 минут

5. Синтез

Екі топ «Синквейн» әдісімен Наурыз бен Ақпан айларын суреттейді. Бір оқушы оқиды.

Топ басшысы оқушылардың бағасын айтады.

6. Рефлексия. «Көңіл-күй ағашына» жапсырады

 

Алма – бәрі түсінікті, қажетті материал.

Жасыл жапырақ - қызықты болды. Қоңыр жапырақ – қызықсыз болды, ештеңе түсінген жоқпын.

Флипчарт, маркер



Рефлексия суреттері

Үйге тапсырма: б 87, 11-тапсырма. Сөздерді жазбаша сәйкестендіру.







Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі