Сабаққа есеп

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабаққа есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
сабаққа есеп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен оқушыларға пәнді, оқу үдерісіндегі қажеттіліктерді үйретуден бұрын ынтымақтастыру атмосферасын құруым керек деп ойлаймын. Себебі әрбір оқушы сабақ барысында өздерін еркін және қауіпсіз сезінуі тиіс. Зейінділік, байсалдылық көрсеткіштерімен танысып біздің сынып «Біз өзімізге, басқаларға және әлемге зейінмен қараймыз!» деген ұранды таңдадық. Ал, табиғилық, тәуелсіздік көрсеткіштерінде «Біз сұрақтарды еркін қоя аламыз және күмәндана аламыз» деген ұранды таңдадық. (Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар 11бет) Мен сабақ беретін 7 сынып оқушылары тәжірибе кезіндегі сабақ барысында өздерін еркін ұстады. Өйткені олар топқа бөлінген сәтте де өз қалаған галстуктерін алып топқа бөлінді. Психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында тақтаға тілектер ілдірдім. Айгүлдің тақтадағы ілулі тілекті алу үшін көңілді, еркін, секіріп бара жатқанын байқадым. Әрбір оқушы өзінің жақын достарына тілектерін білдірді. Дәстүрлі сабақта оқушыға көп шектеулер қойылатын. Тәжірибедегі сабағымда оқушылар берілген тапсырманы орындау барысында да өз ойларын еркін жеткізіп, жанындағы достарымен пікірлесіп білімдерін толықтырды және сабақтың мақсатын ашты. Сыныптағы тәртіп ережелері мен нормалары өздері құрған топ ережелеріне сәйкес келеді. Сабақ барысында тапсырма орындау сәттерінде тәртіп ережелерінің бұзылмағанын байқадым. Өйткені оқушы жеке және топпен тапсырманы орындаумен артық нәрселер жасауғада уақыты болған жоқ. Екі оқушының диалог айтып жатқан сәтінде Әділхан партаға басын қойып тыңдап жатты. Ол өзін еркін ұстады және тыңдау ережесін сақтады. Оқушылар бір-бірімен жұмыс істеу барысында түсініспеушіліктер туындады. Себебі топ жұмысының нәтижесін барлық оқушы жеткізгісі келеді. Жансая мен Меруерт өздерінің көшбасшы екендігін көрсетті. Ал, Диас болса жауапты өзі айтқысы келгенін білдірді, Арман жылдамдық танытып ортаға шыққан кезде Диас өзін жайсыз сезінді.

Picture 1 Picture 2


Менің сыныбымда күлкі жиі естілді. Ынтымақтастыру атмосферасын орнату үшін бірнеше тапсырмалар орындаттым. Мысалы: бір-біріне ізгі тілектер айту, бірлесіп сергіту ойындарын орындады. Бұрын дауысы шықпайтын оқушылар сабақта белсенділік танытты, өз ой тұжырымдарын дәлелдеді, достарымен пікірлесті. «Saving the world 2» деген тақырыптағы сабағымда оқушылар таспадан жаңа сөздерді есту, сөздердің семантикалық картасын толықтыру және сұрақ-жауап арқылы сабақтың мақсаттары мен міндеттерін өздері әзірледі. Келешекте мен оқушылардың өздерінің критерийлер жасап сол бойынша сыныптасын бағалауды және өздерін бағалауды іске асырамын.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2019
566
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі