Материалдар / Сабақта кездесетін қиындықтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақта кездесетін қиындықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге сабақ жоспарлауға көмек ретінде берілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2019
4110
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
















Сабақта жаңаша әдістерді тиімді пайдалану жолдары


















Мақсаты: әдістерді тиімді пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа

деген қызығушылығын, белсенділігін, білім сапасын, шығармашылық қабілеттерін арттыру


Күтілетін нәтиже:

  • оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады;

- сабаққа белсенді қатысады;

- сыни ойлау қабілеттері дамиды;

  • өзара пікір алмасады;

  • өз беттерінше ізденеді.







































  Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс тәсілдерімен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Мектеп пәндерін оқыту процесінде түрлі әдістерді пайдалану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың білімге деген қызығушылығының, ізденушілікке деген ынтасының, сезімінің өсуіне әсер етеді. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер мұғалімнің жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, ізденушілігіне байланысты.

Технология мен әдіс-тәсілдің ара-жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады.Қазіргі оқытудың басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу.

Осы мақсатта сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте боламын.

Қазіргі уақыт талабына сай біз де өз сабақтарымызда жаңаша ұйымдастырып,

өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын.

Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп,оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін.

Біз қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, аралас сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді.

Қазақ тілі пәні сабақтарын ойын түрлері арқылы оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ой белсенділігін арттыруға бағыттаймын. Мәселен, «Екі түрлі түсініктеме күнделік» тәсілін қазақ тілінде күрделі сөздерді өткенде пайдаландым.Тапсырмаға күнделіктің бірінші жағына жалқы есімдерді теріп жаз деп берсең,екінші жағына неліктен бұл сөздерді бас әріппен жаздың? Себебін көрсет деп тапсырма беруге болады. Мұнда оқушы өзі теріп жазған жалқы есімнің жасалу жолына тоқталса,екінші жағынан оны дәлелдейді.

Күнделікті жоспардағы сабақтан гөрі мұндай сабақтар оқушының есінде ұзақ сақталады, ой-өрісі кеңейеді. Ойлау қабілеті дамиды, сабаққа қызығуы, белсенділігі артады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту барысында ауызша, жазба дағдыларын меңгерту көзделеді.

Бұл сабақта көрнекіліктерді көру арқылы балалардың есте сақтау қабілеті артады, әрі көп бала сабақта белсенділік танытады. Сабақты «Суреттер сөйлейді » тәсілін пайдаланып ,оқушының ойлау қабілеті мен жазудағы сөз қолданыстарын байқауға болады. «Еркін жазу» әдісі сабақты қорытындылау кезінде қолдануға болатын әдіс . Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де білу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң оқушылар жазғандарын ортаға салады. Ең жақсы деп танылған жұмысты марапаттайды. “Детальдарын қосу” әдісін пайдалану қазақ тілі пәніне өте ұтымды дер едім. Оқушыға сөздер беріліп,олардан сөйлем құрау тапсырмасы беріледі.Оқушы детальдарды тауып , толық сөйлемді жасап шығады.

1.Біз бүгін мектеп аула сенбілік жасаймыз.

Біз бүгін мектеп ауласына сенбілік жасаймыз.

2. Олар демалуға шықты.

Олар табиғат аясына демалуға шықты.

3.Менің ақкөңіл, ........, ........ досым бар.

Менің ақкөңіл, ашық, ақжарқын досым бар.

Аталған әдістерді пайдалана отырып көп жетістіктерге жетуге болады. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір – бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастайды. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастайды.
Бұрын шығарма, мазмұндама, жоба жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін.
Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой – толғанысын жасап өз ойын жазбаша, ауызша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.

Мұндай әдістерді сабаққа пайдалану оқушы үшін де,мұғалім үшін де тиімді.

Біріншіден,үздіксіз білім алуға жағдай жасап оқыта отырып дамытуға, екіншіден, өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасаудамын.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы аса зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды женуге тәрбиелейді.

Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының  оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.

Өз тәжірибемізде оқыту барысында алдымызға қойған мақсатымыз – баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету.

Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызығылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін

тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!