Сабақта ойын технологияларын тиімді қолдану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақта ойын технологияларын тиімді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланы тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін- өзі басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы






Тақырыбы:

« Сабақта ойын технологияларын тиімді қолдану »












өткізген: Тасмагамбетова К.А.























2017-2018 оқу жылы

Мектепалды дайындық тобында ойын технологиясын тиімді қолдану жолдары



Мектепалды даярлық сыныптарында сабақтың өн бойы ойын әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Себебі, 5-6 жасар бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды, зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шұғылдана алмайды.

Бала ойынмен өседі. Халқымыз бала мінез-құлқының қалыптасуында ойын әрекеті де елеулі мән атқаратынын жақсы аңғарған. Ойында баланың қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, мінез-құлқы қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ. Ойын адамның дамуына, қалыптасуына әр түрлі әсер береді.

 Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын – бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ та емес. Ол – бала миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі жаттығу. Мағжан Жұмабаев: «Ойын - баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болуы керек, бақылау деген сөз - қарауылда тұрған солдаттай қабағыңды түйіп, қарап тұр деген сөз емес, олай тұрсаң бала ойынына кірісуші болма!».

Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат пен қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Бала тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері де, мазмұны да сан алуан. Балалар ойыны әр алуан, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизация, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар.

Ойын әлеуметтік қызмет, ол баланың жасына қарай, өзін қоршаған ортаны танып білуге, оны өзгертуге құштарлығын арттыратын құрал. Онда танымдық және бағдарлық қызмет бар. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады, оқу әрекетінің негіздері қаланады.

А.М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» - десе, А.С.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - дейді.

Н.К.Крупская ойынның байқағыштыққа, ептілікке және басқа мінездерге тәрбиелейтін атап айтқан. Ол адамның дербестігін, ұйымдастырушылық дағдыларын дамытады. Оқытудың түпкі мақсаты – оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оның танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейдеге көтеру.

Баланы тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін- өзі басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады.

Ойынның дамытушылық қызметінің маңызы өте зор. Ойын үстінде бала өз еркімен, ықыласымен барлық зейінін аударып істегендері күннен күнге өрлеу, даму үстінде болады. Ойын- бала қызығуының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық кеңістігі. К. Д. Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: «Ойын- балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс- әрекет көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық, өмірге қарағанда терең қаланады.»

Балалар ойын кезінде өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Дұрыс орындалған ойында жақсы қатысқан оқушылардың атттары аталып отыруы керек. Ойын түрі белгіленген уақыт ішінде өтеді.

Балаға бір рет кездескен ойынның бәрі жаналық, бәрі де ғажап дүние. Ойын арқылы баланың бойында адамгершілік қасиеттер қалыптасып, психологиялық қабілеттері жетіледі. Мағжан Жұмабаев халықтық педагогика негізінде бала мынадай мән берген: «Баланың қиялы, әсіресе ойында жарыққа шығады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе, соны істейді.Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы нәрселерді пайдаланады ».

Педагогикалық ойындар педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың құралы болып табылады. Педагогикалық ойынның айырмашылығы алдыға қойған мақсаты мен міндеті бар, оқу- танымдық бағыттылығымен сипатталатын құнды ерекшеліктерінің болуында. Олар әр түрлі болып келеді:

а) баланың жас ерекшелігіне сәйкес;

ә) алдыға қойған мақсатына байланысты;

б) ұйымдастыруына сәйкес;

в) мазмұндық ерекшелігі ескерілген, т.б.

Оқытудың белсенді тәсілдерінің ішінде дидактикалық ойындар ерекше орын алады. Кезінде А.В.Луначарский: «Ойын – белгілі дәрежеде барлық адамзат мәдениетінің негізі болып саналады! – деп жазды.

Дидактикалық ойын – кішкене балаларға тән оқыту формасы болып табылады.Арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылды ұштастыру негізінде жатыр.

Міндеті –ойынның оқыту сипатын , оның мазмұны баланың танымдық әрекетін дамытуға бағытталады.

Дидактикалық ойындарға қойылатын талаптар:

1. Ойынға берілген уақыт оқушыны жалықтырмайтындай болуы;

2. Тақырып аясынан ауытқымай, оның мазмұнын ашуы қатаң ескеріледі;

3. Ойынға қажетті материалдар алдын ала даярлануы;

4. Ойынның оқушыға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;

5. Оқушының жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етуі керек.

Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.

1. Сыныптағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнің ашу керек.

2. Ойындардағы тапсырмалардығың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпал ету қажет ықпалын күшейтуге ықпал ету керек.

3. Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.

4. Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.

5. Дидактикалық ойындардың нәтижелері, тапсырма жауаптары қорытындылануы тиіс.

Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамиды. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Мысалы, математика сабақтарында ойындар арқылы оқушылар әр түрлі амалдар мен жаттығулар орындайды, сөйтіп, олар математикалық сипаттағы қиыншылықтарды меңгергендерін тіпті байқамай қалады. Бұл ойындар жай ғана емес, оқу ойыны болып табылады.

Мен өз тәжірибемде көп қолданатын дидактикалық ойындар төмендегідей: Математикада:санамақ – ойындар, жұмбақ – ойындар, «Тізбек», «Поезд», «Көрші-көрші», «Мынау кімнің үйі?», «Допты қай ойыншыға беру керек?», «Керекті санды қой?», «Айға кім бұрын жетеді?», «Есептеуіш машиналар», «Десанттар», «Аң патшасы», «Ханталапай», «Қасқыр мен қой», «Теңге алу», т.б.«Геометриялық эстафета», «Ою құрастыру», «Фигураны тап», «Бірден сызып шық», «Себеттегі сәбіздер». «Аюға көмектес» «Фигураларда қанша бұрыш бар» «Қоянның сәбіздері»

Сауат ашу, тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында : «Буыннан сөз құрайық», «Алма бағы», «Қағып ал», «Сиқырлы сөздер», «Орамал тастамақ», «Дүкен», «Орнынды тап», «Хаттың иесі кім?», «Күн мен түн», «Баспалдақ», «Сыр сандықты ашып қара» т.б.

Айнала қоршаған ортамен таныстыру: «Алақай - ау, алақай!», «Ала қанат сауысқан», «Ұя жасайық», «Зымыран», «Балық аулау», «Нышандар», «Қоянға көмектес», «Саңырауқұлақ жинайық», «Кім қайда мекендейді?», «Саңырауқұлақтар жинаймыз», «Шанамен сырғанайық», «Үйректерге көмектес», т.б.

Ойын технологиясы мектепалды даярлық сыныптарында кең тараған технология болып табылады. Бұл ойындарды әрбір сабақта түрлендіріп қолдануға болады. Көрнекіліктер тартымды болса, балалар қызыға қатысады.

Ойын әдісі мына бағытта жүргізіледі:

- үйретудегі оқушының міндеті ойын арқылы шешіледі;

- оқушыларға жаңа ұғымдар меңгертуге қажетті оқу материалы ойын құралы ретінде пайдаланылады;

- үйрету де, үйрену де ойын – жарыс түрінде жүргізіледі;

Біріншіден, ойын баланың жас шамасына байланысты ерекшеліктерін жақсы білуге көмектеседі. Бұл арқылы баланың психологиясына жете үңіліп, мінез-құлқын білуге болады. Екіншіден, ойын баланың жауапкершілігін арттырады, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Кез келген бала ешуақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Топқа бөліп жүргізілетін ойындарда оқушы өз тобының жеңіп шығуына өзінің тікелей қатысы барын ұғынады. Басқалардың алдындағы жауапкершілігін сезінеді де, берілген тапсырманы ынтамен, зейін сала ықыласпен орындауға тырысады. Сонымен бірге олардың бойында бауырмалдық, жанашырлық, ізеттілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер қалыптаса бастайды. Үшіншіден, ойын арқылы бала оқу материалын жеңіл түсініп, терең меңгереді және оны ұзақ уақыт бойы есте сақтайтын болады, сабаққа қызығушылығы арта түседі.

Дидактикалық ойындарды тиімді қолдана білсек, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруге, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол ашамыз.

Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйренеді. Бұл оқушылар бойына бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады және соның нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.йын технологияларын мектепалды даярлық топтары мен бастауыш сыныпта қолдану.

Балалардың  танымдық  қабілеттерін  дамытып  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттырудың  негізгі  бір  жолы -  дидактикалық  материалдар  мен  қызықты  тапсырмалар.  Есеп  зерделікке,  қиялдауға,  тапқырлыққа,  шапшаң  есептеу  қабілеттерін  дамытуға  тәрбиелейді.

Математикалық  викториналар,  ребустар,  логикалық  есептер,  математикалық  эстафеталар,  сөзжұмбақтар  шешу,  қызықты  тапсырмалар  құрастыру  баланың  ойын  ұштай  түсіп,  ұстамдылыққа,  еңбектене  білуге  тәрбиелейді.

Жаңа  заман  талабы  жеке  тұлғаны  дамыту  мен  танымдық  ауқымын  кеңейту  деңгейінде  әр  түрлі  технологияларды  және  әдістерді  қолдануды  қажет  етеді. Мектепалды  даярлық  топтарында,  бастауыш  сыныптарда  дидактикалық  ойын  технологиясы  тиімді  қолданылады

Ойын  балалардың  негізгі  іс - әрекеті  ретінде  психологиялық ,  анатомиялық -  физиологиялық,  педагогикалық  маңызы  зор  қызметер  атқарады.  Ойын  баланың  даму  құралы,  таным көзі,  тәрбиелік  дамытушылық  мәнге  ие  бола  отырып,  адамның  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Ойынның  тәрбиелік  маңызын  жоғары  бағалай  келіп,  А.С.Макаренко  былай  деп  жазды: «Бала  өмірінде  ойынның  маңызы  зор,  ересек  адам  үшін   еңбектің,  жұмыстың,  қызметтің  қандай  маңызы   болса,  нақ  сондай  маңызы  бар.  Бала  ойында  қандай  болса,  өскен  соң  жұмыста  да  көп  жағынан  сондай  болады».  Сондықтан  келешек  қайраткерді  тәрбиелеу  ең  алдымен  ойыннан  басталады. Ойын – баланың  қажетті  әрекетінің  бірі  ойынды  кіші  жастағы  балалардың  табиғаты  керек  етеді.  Балалардың  еңбегі,  оқуы  ойыннан  басталды.  Ойын  арқылы  оқушы  білім  алуға,  оқуға  қызықтыра  отырып,  тұлғалы   дамуын  қалыптастыруға  болады.  Жалпы,  математика  сабағында  қолданылатын  ойын  түрлері  оқушылардың  математикалық  ұғымдарын  кеңейтіп.  Ойлау  қабілеттерін  арттырып,  есептеу  дағдыларын  шыңдай  түсетіні  белгілі.

Баланың  тілін  дамытуда  ауызекі  сөйлеу,  тілдің  дыбысталу  мәдениетіне  тәрбиелеуде,  байланыстырып  сөйлеу,  сөздік  қорын  дамыту  үшін  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  ойналатын  дидактикалық  ойындардың  маңызы  зор.  Ойын  шарттары  мен  көрнекіліктерін  пайдалану  арқылы  баланың  жеке  басын,  ойын  әрекетін  дамытуға  болады.  Дидактикалық  ойындар  баланың  ақыл – ойын  дамытуға,.  Ойлауын,  қабылдауын,  есте  сақтауын,  зейінін,  салыстыру,  жіктеуге,  өзін - өзі  бақылауға  үйретеді. Дидактикалық  ойындарды  іріктеуде  баланың  ойынды  саналы  түсініп,  оның  шартын  дұрыс  орындауға  тырысып,  белгілі  бір  нәтижеге  жету  мақсаты  көзделеді.  Ойын  мақсатына  сай  ойын  ш артын  орындап,  ондағы  сұрақтар  мен  тапсырмаларға  жауап  беруге  дағдыланады.  Ойын  шартын,  ережесін  қатаң  сақтау  арқылы  онда  жолдастарын    тыңдай  білу,  олардың  қатесін  түзетуге  көмектесуге,  ойын  шартын  түсіндіріп  ойынды  жалғастыруға,  жаңа  ойын  ережесін  ойлап  табуға,  оны    басқаларға  түсіндіре  білуге,   ойында  ұйымдастыруға   жаттықтырылады.

Дидактикалық  ойындарды  тіл  дамыту  сабақтарында  пайдаланудың  тиімділігін  тәжірибе  көрсетіп  отыр.  Сабақты  бекіту,  сабақта  меңгерген  материал  туралы  түсінігін  кеңейту,  баланың  шығармашылығын  дамыту,  тіл  байлығын  молайту  үшін  ол  ойындар  сабақтың  тақырыбына,  мақсатына  сай   таңдалып  отырады.  Ұсынылып  отырған  дидактикалық  ойындардағы  тапсырмалар:  сөйлеудің  екі  түрі -  монологтық  және  дидактикалық  сөйлеуге  арналған.

«Өз  фирмаңды   аш»  ойыны.

Сен  балаларға  арналған  қандай  фирмаларды  ашқың  келеді? Өз  ұсыныстар  туралы  әңгімелеп  бер  немесе  сурет сал. Мысалы:

Қуыршақтарға  көйлек  тігемін.

Құстарға  арнап  үй  жасаймын.

Машиналарды  жөндеймін.

Түрлі  жағдайлар   Бізді  кім  емдейді? Дүкен. Мен  қайда  тұрамын. Сен  қайда  тұрасың? Адамдардың  жасымен  сурет (фото,  мүсін)  бойынша  таныс.  Көңіл -  күй  лотосы. Сынып  қалған  телефон. Жол  белгілері. Өзен  жолдарының  әліппесі.  Себетке  біз  не  саламыз.  Суда,  жерде,  ауада.  Көрсетілген  заттар  мен  ойыншықтар  қандай  жастағы  балаларға  керек.  Мен  немен  саяхатқа  барамын? Берілген  киімнің  жартысынан  оның  иесін  тап (атаның,  әженің,  баланың,  қыздың,  түрлі  кейпкерлердің,  дәрігердің  және  т.б)

Қорытынды. Ойын оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады, сабақ қызықты өтеді. Ойын белгілі бір қабілеттердің қосындысы, оны былай көрсетуге болады: зейін + қабылдау + ес + ойлау + пайымдау. Ойынды халқымыз балаларын тәрбиелеуде ертеден пайдаланған. А.Байтұрсынов «...баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйретуі керек» деген қағидасын басшылыққа алған жөн. Ойын – үйрету әдісінің ерекше түрі. Ол үйренуді мәжбүр етпейді, баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2019
1590
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі