Сабақта қолданылатын
заманауи технологиялардың тиімділігі
Сарсенбаева Гульдана Олжабаевна
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Шопа ауылы
«Шопа бастауыш мектебі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Қазіргі заман талабына сай білім беру, жеке тұлға тәрбиелеу – әрбір ұстаз атын иемденген жандардың міндеті болып саналады. Ұлт көшбасшысы, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» және «тіліміздің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тіліндей қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек» деп айтқан болатын. Демек, Елбасының бізге – ұстаздар қауымына артып отырған жүгін орындауға міндеттіміз. Оқытылу тілі орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілінен сабақ беру барысында оқушылардың ойлауы мен тілін дамытуда, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруда көптеген жұмыстар жасауымыз тиіс деп есептеймін. Оқытудың жаңа технологиялары, ең алдымен, оқу үдерісін қалай басқаруға болады, соңғы мақсатты нәтижеге қалай жетуге болады, нені үйрету керек, қандай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады. Мұғалім теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады, Отанынының патриоты, азаматы етіп тәрбиелейді. Сонда дағды мен білім, тәрбие беру инновациялық технологиялар арқылы оқыту кезінде іске аспақ.
Инновация терминінің өзі ағылшын тілінің «innovation» деген сөзінен шыққан, «жаңашылдықты енгізу» деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық үрдісте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының біргіп жасайтын жұмысын ұйымдастыруда жаңалық жасау дегенді білдіреді..
Инновациялық білім беруге қажетті құралдар реті: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, Интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу үрдісі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу мұғалімнің міндеті. Сабақ түсіндірген кезде жалаң ғана дәстүрлі түрде балаға мағлұмат беріп қана қоймай, бір мезгілде мәтіндік, аудио, бейне мәліметтерді пайдалана аласыз. Сабақты қызықты, оқушы санасына оңай, тиімді жолмен жеткізу үшін бірнеше заманауи технологиялардың элементтерін қолданамын.
Түрлі заманауи технологияларды тиімді пайдалану нәтижесінде туындаған түрлі қиындық мәселелерін де оңай шеше аласыз. Ойнай отыра оқыған, компьютер көмегімен жұмыс жасаған оқушы нәтижесінде өз ойларын жаза алады, салыстырады, табады, талқылайды. Алған білімдерін жіктейді, саралайды, түйінін де түсіне білетін болады. Мұғалім мен оқушы бірігіп жұмыс жасағаннан кейін, олардың арасында өзара қарым-қатынас қалыптасады, жетекші сұрақтар қою арқылы баланың да сабаққа деген қызығушылығы, ынтасы артады. Тірек-сызбалармен жұмыс істеу – логикалық ойлау әдісін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттырады. Күнделікті сабақ жоспарын құрғанда оқушылар өздігінен тапсырманы орындай алатындай етіп құруыңыз керек.
Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникативтік технология элементтерін кез-келген мұғалімнің сабақ барысында қолдана алуына мүмкіндік туған. «Активті экранның» да мұғалімнің түсіндіруіне, оқушының шәкіртіне тигізер пайдасы мол. АКТ қолдану арқылы біз беріп отырған сабағымыздың мазмұнын молайтып, жаңа сабақты түсіндіруде, өтілген материалды қорытындылау кезінде өте тиімді. АКТ көмегі көп, тек қана тақтаға жазу, кесте құру керек болса, сызып, ең оңай режимде жұмас жасайсыз. Кеңестік дәуір кезінде мұғалім күні-түні қолдан көрнекі құрал-жабдықтаса, қазіргі кезде оны Office режимі алмастырып отыр, тұсаукесер (презентация), экран бетінде көрсетілген түрлі тапсырмаларды оқушылардың орындауына болады. Оқушылар жауаптарын салыстыра алады, сызықпен тиісті жауабын жылжытып қоя алады. Әр сабақ сайын АКТ тиімді пайдалан білудің арқасында өзге тілді балалар өздерінің сөздік қорларын, ауызекі сөйлеу тілдерін толықтыра алады.
Ойын арқылы оқыту технологиясының элементтерін пайдалана отырып, оқушының дағдысы мен ауызекі тілде сөйлеу машығын қалыптастыруға қол жеткізуге болады, сәйкесінше, тілдік орта қалыптастыруды мақсат етеді. Мұғалім ретінде түйгенім, ойната отырып оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушы қызығушылығын ояту арқылы тілді меңгертуді, ойын арқылы шешім қабылдай білу және ойлануға үйретуді, ойынды әсерлі, қызықты етіп ұйымдастырып, оқушылардың танымдық әрекеттерін қалыптастыруды міндетім деп санаймын.
Ойната отырып оқыту технологиясының мақсаты мен мағынасы: ойын арқылы қызықтырып, баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсу.
М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын пайдаланғанда, оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте, карта және т.б. сүйене отырып түсіндіреді.
Негізгі бөлімінде білім алушылардың оқу материалдарын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолданылып, үш деңгейлік тапсырмалар арқылы орындалады.
Ж.Қараевтың деңгейлік саралап оқыту технологиясында әр білім алушыларды оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды білім алушылардың әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау, берілген тапсырманың саралануы. Әр топта үлгерімі орташа, жақсы, үздік білім алушылар болады, оларға деңгейлік тапсырмалар қолдану қажет: 1- деңгей – мүмкіндік; 2- деңгей – міндетті; 3-деңгей – эвристикалық; 4-шығармашылық.
Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да артады. Мұғалімнің айтқанын өзіне қайталаудан гөрі, оқушыларды іздендіре отырып, ой-пікірін тайсалмай айтуға ұмтылдыру баланың ойлау қабілетін дамытады. Демек, жаңа технология қарыштап дамып жатқан қоғамда орта жалпы білім беретін мектептерде немесе кәсіптік білім беру тұрғысынан осы әдістерді пайдаланудың тиімді тұстары көп. Қазақ тілін үйретудегі ең маңызды міндеттердің бірі – оқушыларда сауатты жазу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Көптеген оқушылар білімді теория жүзінде жақсы меңгеріп, түрлі талдаулар жасай білгенмен, сауатты жазуға келгенде өте қатты қиналады. Бастауыш сыныптарда көбінесе пайдаланылатын оқыту әдістері - ауызша баяндау, ақпараттық хабарлау, түсіндіріп оқыту, әңгімелеу, демонстрациялау, саяхат, тексеру, жүйелеу, бағалау және оқу әдістері - әңгімелесу, оқулықпен, кітаппен, қосымша материалмен жұмыс, жоспарлау, тапсырманы орындау, бақылау, зерттеу, қайталау, графикалық жұмыс, жаттығу, оқыған материалын баяндау.
Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын басты талап – инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы және терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Бастауыш сыныптарда грамматикалық, лексикалық тақырып, мәтіндерді үйретіп-меңгерту – күрделі жұмыс, сондықтан заманның көшінен қалмай, заманауи технологиялардың көмегімен өскелең ұрпақты сауатты, жан-жақты, алған білімін өмірде қолдана білетіндей етіп бағыт-бағдар беріп, тәрбиелеуге бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Сіз әрбір қырық бес минөттік сабағыңызды қайталамасыз, жаңашылдық элементін көрсететіндей етіп жоспарлаңыз. Бастауыш сынып мұғалімі ретінде сіздің жұмысыңыздағы ең бастысы - әрбір өткізген сабақтарыңыздың бір-бірімен байланыста болуы, оқушылардың тілін дамытуға бағытталған жұмыс түрлері мен олардың шығармашылық қабілеттерін жандандырып дамытуда.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында», «Егемен Қазақстан» газеті, 3/ ІІІ-2005. № 13
-
«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналдары, 2009, № 12; 2014, № 1
-
М.А.Аманбаева «Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақта қолданылатын заманауи технологиялардың тиімділігі

шағым қалдыра аласыз