Материалдар / «Сабақтағы кері байланыс мұғалімдер үшін қандай мүмкіндік береді?»

«Сабақтағы кері байланыс мұғалімдер үшін қандай мүмкіндік береді?»

Материал туралы қысқаша түсінік
коучинг жоспары
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Сабақтағы кері байланыс мұғалімдер үшін қандай мүмкіндік береді?» тақырыбы бойынша коучинг жоспары


Жалпы мақсат:

Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Оқушылардың көңіл – күйіне, сабақтағы іс - әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Әр мұғалімнің түрлі тапсырманы орындау негізінде түрлі амал-тәсілдерді пайдалануды үйренеді;

Оқу нәтижесі

Кері байланыстың мәнін, оның түрлерін түсінеді. Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесінде өзгерістер енгізуге, яғни оытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді.

Коучингте қолданылатын материалдар:

А- 4 парақтары,стикер, маркер, қалам, кері байланыс толтыру парақтары.

Оқыту әдістері:

Оқуды бағалау

Талантты мен дарындылар

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Жас ерекшелік

1. Бағалау

2. Жұптық жұмыс

3. Топтық жұмыс

4. Қалай оқу керектігін үйрету

Коучингтің өту кезеңдері

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

(5 мин)

Ұйымдастыру кезеңі





- Сәлемдесу, қатысушыларды ортаға шақыру.
Тренинг «Суретші» өткізу. Қатысушылардың екі адамнан жұптасуын сұрау.
Қатысушылар екі адамнан бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Олар құшақтасқан күйі бірінің арқасына бірі ақ парақты қойып сурет салады.



Мұғалімнің қажеттілігіне қатысты суретер(Не салып жатқанын өздері көре алмайды) Енді осы суретті бір - біріне сыйға тартады.
ә) Ұқсас суреттер бойынша топқа бөлу. Мұғалімдер төрт - төрттен топқа бөлінеді.


(10 мин)

- Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс немесе рефлексия деген не?




«Миға шабуыл»

- Кері байланыстың (рефлексияның мақсаты) мақсаты не?
- Кері байланыстың қандай түрлерін білесіздер?
- Қандай әдіс - тәсілдері бар? Қатысушылар кері байланыстың қажеттілігі жайлы бір - бірімен ойларымен бөліседі.


Дауыс беру әдісі.

Топта кері байланыс түрлерін жазып, оны жариялап, дауыс береді. Дауыс беру арқылы кері байланыстың реттілігін анықтайды.

Оны «Жаухарлар пирамидасына» жазады.


(15 мин)

Сабақтарға кері байланысты қалай ұйымдастырар едіңіздер?

І топ. Сабақтағы іс - әрекетке кері байланыс. Табыс критерийін құрастырып сол бойынша жасайды.

ІІ топ.Сабақтағы кері байланыстың сұрақтары

Топтар ақылдасып осы сабақта кері байланысты қалай жасайтыны жайлы пікірлеседі. Оны постерге түсіріп, топ алдында қорғайды.
.

І топ. “Аяқталмаған сөйлемдер” әдісі бойынша жасайды. Бүгін мен...................... ................. қызықты болды.т.б.

ІІ топ. «Табыс сатысы» әдісі бойынша жасайды. 1 - ші баспалдағы, 2 - ші баспалдағы , 3 - ші баспалдағы.


(15 мин)

Топтық бағалау

Қарсы топтың жұмыстарына І топ бағалау, ІІ топ ұсыныс жасайды.

І топ табыс критерийі бойынша бағалау жүргізеді.

ІІ топ ұсыныс береді.


(15 мин)

Рефлексия

Қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын көрсетеді


Топтық тапсырма

Сабақ соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» әдісі түрінде алу. Чемодан(суреті) Қоқыс жәшігі (суреті) Еттартқыш (суреті)


- Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар).

(10 мин)

Кері байланыс


«Бір сөзбен» әдісі 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі коучингтегі жағдайларын сипатайтындай 1 сөзді таңдап айтады.

1.Төзімсіздік,2. Ашу, 3.Қуаныш, 4.Немқұрайлылық, 5.Қанағаттану, 6.Шабыт, 7.Зерігу, 8.Алаңдау, 9.Тыныштық,10. Сенімділік, 11.Сенімсіздік,12. Рахаттану.



ЖИ арқылы жасау
21 Желтоқсан 2017
1549
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі