Сабақтағы кері байланысты қалай ұйымдастыруға болады? коучинг сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақтағы кері байланысты қалай ұйымдастыруға болады? коучинг сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл коучинг сабақ мұғалімдерге сабақта тиімді кері байланыс ұсыну түрлері мен дағдысын қалыптастыруға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучингтің жоспары

Тақырыбы

Сабақтағы кері байланысты қалай ұйымдастыруға болады?

Мақсаты

Сабақта оқушыларға тиімді кері байланыс ұсыну дағдысын дамыту

Табыс критерийлері

-Тиімді кері байланыс түрлерін анықтайды

-Өзінің іс-тәжірибесінде қолданады

-Оқушыларды өзін-өзі бағалауға үйретеді

Күтілетін нәтиже

-Кері байланыс және оның түрлері туралы түсінік қалыптасады

-Кері байланыс жүргізу мақсатын түсінеді

-Кері байланыс пен рефлексияны ажырата алады

Ресурстар

Слайд, видеожазбалар, маркер, стикер.

Барысы

Кезеңі

Әдіс-тәсілдер

Қатысушының іс-әрекеті

1

Мақсатты анықтау


2 минут




1 минут

Қатысушылармен сәлемдесу. Аудиторияға психологиялық ахуал тудыру. «Армандарыңыз орындалсын» бір шеңберге тұрып жасалады.

Топтық жұмысты негіздеу. 1,2 саналу арқылы мұғалімдерді 2 топқа бөлу.

Коучингтің тақырыбымен таныстырып, мақсатын ашу.

Әр қатысушы арманын айтады. «Арманыңыз орындалсын» деп барлығы бірге дауыстайды.




Қатысушылар 1,2 саналу арқылы 2 топқа бөлініп отырады.

2

Ағымдағы жағдайды талдау


12 минут минут

«Миға шабуыл» сұрақтары:

-Сабақта кері байланысты қалай бересіздер?

-Кері байланыс не үшін керек деп ойлайсыздар?

«Топтастыру» әдісі

Топтарға төмендегідей сұрақтар беру?

1.Кері байланыс дегеніміз не?

2.Кері байланыстың қандай түрлерін білесіз?

3.Кері байланыс не мақсатпен жүргізіледі?

4.Кері байланыс сабақтың қай кезеңінде жүргізіледі?

5.Кері байланыс не мақсатпен жүргізіледі?

6.Рефлексия мен кері байланыстың айырмашылығы неде?

Мұғалімдер топ ішінде талқылау жасап, топтық қорытындыны (өз ойларын) топтастыру ретінде постерге түсіреді. Постерді тақтаға шығып қорғайды.

Топтар топтың жұмысына өзара бағалау жүргізеді.

Коуч тарапынан топтарға кері байланыс беріледі.

3

Мүмкіндіктерді қарастыру

8 минут






12 минут
















10 минут

«Куртка кию» Топтарға бейнероликті көрсету.







Тақырыппен жұмыс.

Ашық сұрақтар қою.

-Дәстүрлі сабақ кезінде кері байланысты қалай аласыздар?

-Жаңашыл сабақ кезінде қалай іске асып жатыр?

-Бұл кері байланыстың сабаққа тигізер әсері қандай?

«Өкіл» әдісі. Әр топқа «дәстүрлі сабақ» пен «жаңашыл сабақ» кезіндегі кері байланыстың тиімді, тиімсіз жақтарын анықтауға тапсырма беру.


Екі топқа «Кластер» құруға тапсырма беріледі.

1-топ. «Кері байланыс» дегеніміз не?

2-топ. «Рефлексия» дегеніміз не?

Топтар бейнероликті көріп болған соң «Кері байланыс» дегеніміз не? анықтама құрастырады.

Кері байланыс – қатені айту емес, өздері қатесін (табу) шешу жолдарын табуға көмектесу.Яғни сұрақ қоя отырып бағыт беру.


Қатысушылар «дәстүрлі сабақ» пен «жаңашыл сабақ» кезіндегі кері байланыстың тиімді, тиімсіз жақтарын анықтайды, өздері топ ішінде ақылдасып дұрыс деген жауаптарын жазады. Топтан бір адам барып екінші топқа өз жұмыстарын түсіндіреді. Екінші топ қатысушылары қосымша пікірлері болса стикерге жазып қыстырады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды



Осы сұрақтар бойынша топтар постер қорғайды. Топтар бір-бірлерінің жұмысын «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

Коуч тарапынан кері байланыс беріледі.


4

Кері байланыс


5 минут

1.Рефлексиялаушы сұрақтар

2.«Бес саусақ» әдісі арқылы сабақтан алған әсерін білу.

-Коучингтен не түсіндіңіз?

-Қандай ой түйдіңіз?

Бас бармақ-өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек-бүгін не үйрендім?

Әрбір қатысушы қағазға қолының суретін салып, әр саусақ бойынша бүгінгі күнге рефлексия жасауы қажет.

5

Коучтің рефлексиясы







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2018
768
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі