А лматы
облысы
Сарқан
ауданы
Сарқан
қаласы
Ақын Сара атындағы орта
мектеп
информатика пәні
мұғалімі
Адамбекова Асель
Данияровна
Сабақтағы кері байланыстың
тиімділігі
Болашақтың бүгіннен де нұрлы
болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек
білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орнын
алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасына байланысты. Қазақстан
Республикасының білім берудегі басты мақсаты - жан-жақты дамыған,
білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі
жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға
тәрбиелеу.
Кері байланыс оқушының оқыту
үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы
ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында
ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын
тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия
мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға
беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім
оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып,
жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын,
ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала
біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне
құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап,
келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі
болады.
Рефлексия сөзі латын тілінен
аударғанда reflexio - кейінге айналым мағынасын
білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген. «Рефлексия -
адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану
барысында өзіне - өзінің нені, қалай жасағаны туралы
толық және анық есеп беруі. Кері байланыс жүргізу бір күннің
іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет. Мұғалім рефлексия
арқылы алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын
дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын
анықтап, орындалған іс- әрекетін зерделейді. Ең алдымен,
мұғалім кері байланыс жасауға оқушыларын дағдыландырып алу қажет.
Сонда ғана бұл оң нәтиже береді. Оқушылардың ой - өрісінің
дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен толықтыруы
мен өзін-өзі дамытуды қамтиды. Оқушы білім алудың мақсатын
саналы түрде түсінсе ғана белсенді бола алады. Қолайлы оқу үшін
адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан кері
байланыс жүргізілуі тиіс. Ашық сауалдар, оқыту міндеттерімен алмасу
сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне
әсер етеді. Оқушылар жұппен де, өз беттерімен де өз білім
деңгейлері бағалауға және оған жеткенін түсінуге мүмкіндіктер
бар.
Рефлексияны әр түрлі
әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында,
сабақ бөлімдерінен кейін және тарау соңында жүзеге
асыруға болады. Кері байланысты әртүрлі қылып өткізуге болады:
топтық рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б.. Кері
байланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге
болады.
Сабақтағы кері байланыстың үш
түрі бар.
Бірінші, көңіл күй мен
эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл күйді
әртүрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау.
Мысалы: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы». Мысалы, «Бағдаршам»
деп алайық. «Бағдаршам» әдісінде оқушылар сабақтың соңында сабақта
алған білімдеріне баға береді. Оқушының жасыл түс таңдағаны
материалды жақсы меңгергені, сондықтан, көңіл күйі көтеріңкі екенін
білдіреді, сары түс таңдағаны әлі де білімімді толықтыру қажет
дегені, қызыл түсті таңдаса мен материалды түсінбедім, көңіл күйім
жоқ дегенді білдіреді.
Екінші, сабақтағы іс-әрекетке
қатысты кері байланыс. Мысалы, «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі
сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен ... білемін, 2-ші
баспалдағы Мен ... түсінемін, 3-ші баспалдағы Мен ... жасай
аламын.
Үшінші, оқу материалының
мазмұнына берілетін кері байланыс. «Бұрын мен білмеуші едім. Енді
білемін» деген сияқты ой-пікірлерін білдіру болып табылады. Мысалы,
«Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс» – оң әсер еткен фактілері, алған
білімдері жайлы жазады. «Минус» – қолымнан келмей жатыр немесе
түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады. «Қызықты» дегенде
бағанға өздеріне қызықты болған жайтты немесе көбірек білгісі
келетін дүниені жазады.
«Аяқталмаған сөйлемдер»
әдісінде:
Мен бүгін
білдім...
Мен бүгін
сезіндім...
Мен келесі сабақта білгім
келеді ... – деген сөйлемдерді
аяқтайды.
Жоғарыда келтірілген кері
байланыс түрлері жеке оқушының жұмысына бағытталған. Сонымен қатар
оқушылардан топтық кері байланысты алуға болады. Бұнда жеке өзінің
пікірі емес, жалпы топтың пікірі, топтағы жұмыстардың
нәтижесі алынады.
Топтық кері байланыс
сұрақтары:
1.Жұмыс барысында топтағы
қарым-қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер
етті?
Жұмыстың тиімділігін одан әрі
арттыруға көмектесті;
Жұмыстың жақсы жүруіне кедергі
болды;
Біздің қарым-қатынасымыз
тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік
бермеді;
2.Топтағы қарым-қатынас
әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты?
Ақпарат
алмасуда;
Өзара қарым-
қатынаста;
Осы дәрежелердің бәрінде іске
асты;
3.Жұмыс барысында
қарым-қатынас жасаудың қай стилі басым
болды?
Бір адамға бағытталған
стиль
Тапсырманы орындауға
бағытталған стиль.
4.
Топтағы орындау барысында топта
ауызбіршілік сақталды ма?
Топта ауызбіршілік пен серіктестік
қарым-қатынас сақталды;
Топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны
байқалды;
Негізінен рефлексия адамның үш
қасиетін: өз бетімен білім алуын, шешім қабылдай білуін,
бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады. Өйткені бұл ХХІ ғасырдың
талабы. Сонымен қатар кері байланыс арқылы оқушылар өз-өзіне есеп
беріп, өз-өзін реттеуге дағдыланады. Оқушылар ойлауға, сөйлеуге,
өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Кері байланыс жасауға
сабақтың белгілі бір уақытын бөліп, олардың ой-пікірлерін
шыдамдылық танытып тыңдау қажет. Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы
сабақтарда енжар отыратын оқушының себебін анықтап, олардың
белсенділігін арттыруға жол іздеуге болады. Кері байланыс оқушы
үшін-өз жетістіктері мен қателіктері туралы ойлану, алға жылжу үшін
ұсынба алу; мұғалім үшін өз қызметіне қажетті өзгерістер енгізу
мақсатында алынатын ақпарат.
Кері байланысты жасағанда мына
жайттарды есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың
ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың
субъективті болатынын ескеру,кері байланыс жасалған істі бағалау
емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс
оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға
мүмкіндік береді.
Қорытындылай келгенде,
рефлексия- көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет оқушының
психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің кәсіби
әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне көмегін тигізеді.
Рефлексия, яғни кері байланыс- нәтижелі білімнің жоғары көрсеткіші
екенін бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық
сеніммен айта аламыз. Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда
рефлексия жасау дағдыға айналған. Рефлексия арқылы оқушының
қажеттіліктерін біліп, оларды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын
түсіндік. Сабақтағы оқушының ой-пікірін, көңіл-күйін біліп
қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін анықтап
отырмыз.
Сонымен, кері байланыстың
тиімділігіне тоқталар болсақ, оқушылар үшін рефлексия оқушыны
өз-өзіне есеп беруге баулиды, рефлексия арқылы оқушының
қажеттілігін біле аламыз, рефлексия арқылы оқушының өзіндік
көзқарасы қалыптасады, рефлексия арқылы білім беру барысының
сапасын жақсартуға болады және рефлексияның нәтижесінде оқушының
сыни көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады. Мұғалімдер
үшін тиімді жағы оқытудағы әлсіз тұстарын анықтайды, келесі
сабақтың жоспарына өзгерістер енгізуге, түзетуге яғни оқытудың
тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді, уақытты үнемді
пайдалануға мүмкіндіктер береді.
Кері байланыстан күтілетін
нәтижелер ол
-мұғалім мен оқушы арасындағы
қарым-қатынас жақсарады;
-оқушы өзінің мықты, осал
тұсын анықтайды және алға жылжуға ықпал
етеді;
-оқушы тек бағалауды ғана
емес, өз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға қызығушылығын
арттырады;
-мұғалім мен оқушы кері
байланысына қарай өз жұмыстарын ұйымдастыруға
бағытталады;
Сондықтан да кері
байланыстың тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын
жақсартуға болады деп ойлаймын.