Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
15 ҚАРАША
ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІНЕ
арналған дайын материалдар
Сабақтан тыс іс - шара
Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру және де ұшқыр ойлау дағдысын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1645
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – лицей - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
8б сыныбыСабақтан тыс іс - шара
Өткізген: Зейнолдина А.К.
Өскемен, 2016
Көңілді ойшылдар клубы
Бүгін біз 8 "б" сынып оқушылары арасында «Көңілді ойшылдар клубы» ойын - сайысын өткізбекпіз.
Мақсатымыз: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру және де ұшқыр ойлау дағдысын дамыту. 1 – жүргізуші: Құрметті оқушылар! ден қойып тыңдап, өздеріңізге қажеттілеріңізді тауып қайтуларыңызға тілектеспіз. Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз. Бұл әлемнің қаншалықты қиын болғанымен қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.2 – жүргізуші: Ғылымдардың патшасы атанғансың, Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың. Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа! Жасықтан емессің сен, қаталдансың. " Ақыл ойды тәртіпке келтіретін " Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға сайыскер командаларды шақырмақпыз. Командаларды таныстырмас бұрын сайыс барысын қадағалап отыратын, әділ бағасын беретін – әділ қазылар алқасымен таныстыруды өзіме мәртебелі міндет санаймын.
1 – жүргізуші: Қолына қалам алатын, Әділ баға беретін. Еңбекті әділ бағалар, Армысыңдар, ағалар! Алдарыңда бұл тұрғандар Білім жолын қуғандар. Шеберлікті, білімді, Сараптап сіздер көріңдер. Әділ қазы алқасы, Әділ баға беріңдер! – деп математикалық сайыстың әділ қазы алқасымен таныс болайық: Насырова Еркежан - 11б сынып оқушысы, Мұратханов Саян – 11б сынып оқушысы I айналым. «Сәлемдесу» сайысы2 – жүргізуші: Сөз 1-топ «Алғырлар» командасына беріледі. Топтың аты:Алғырлар.Топтың ұраны: Біз алғырлар тобымыз, Жеңіске біз жетеміз. Қандай сұрақ болса да, Бәрін де біз шешеміз!2 – жүргізуші: Лицейде ылғи дарындар Жүректе от, көздерінде жалын бар. "Тапқырлар" тобын халайық! Қол соғып қарсы алайық! 2-топ. Топтың аты: Тапқырлар. Топтың ұраны:Әрқашанда шыңдарда, Көрінеміз біз алда. Жеңілмейміз, талмаймыз, Биіктерде самғаймыз.3-топ Топтың аты:Пифагор ізбасарлары.Топтың ұраны:Ізбасарлар алға, Биіктерге самға. Біліміміз барда, Жүреміз тек алда! 4-топ. Топтың аты: Білімділер. Топтың ұраны: Білімдіміз, алғырмыз, Математик, тапқырмыз. Білімімізді біз шыңдап, Асулардан асамыз! II айналым. «Капитандар» сайысы 1 – жүргізуші: Мәнгі бақи есте қалар, Қызықты бір ойын болсын. Білімдірек шәкірт озар, Сұрақтары қиын болсын -дей отырып сайысымыздың келесі кезеңі «Капитандар» сайысына көшейік.
Енді сіздерді топ жетекшілерінің білімін, біліктілігін тамашалау мақсатында дайындалған сұрақтарға берілетін жауаптарын тыңдауды ұсынамыз. Залдан тыныштық өтінеміз. Сұраққа бірден 3 секунд ішінде жауап берілмесе, жауапты жүргізуші өзі айтып, келесі сұраққа көшеді. Дұрыс жауапқа 1 балл, дұрыс емес жауапқа 0 балл беріледі. 2 – жүргізуші: Ал енді ортаға " Алғырлар " тобының капитанын шақырайық: 1. Айырмашылығы тек таңбасында болатын сан. (қарама қарсы сан) 2. Нольден үлкен сандар. (оң сандар) 3. Қарама қарсы сандардың қосындысы. (ноль) 4. 9-ға кері сан. (тоғыздан бір) 5. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді) 6. у=кх+в функциясының графигі не болады? (түзу)7. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем. (аксиома) 8. cos45° –та неге тең. (бірге) 9. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. (360°)10. Үшбұрыш медианасы деген не? ( Қарсы жатқан қабырғаны төбемен қосатын кесінді)11. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (ноль)12. a²+b²=c² кімнің теоремасы. (Пифагор)13. 75% санның қандай бөлігі. ( ¾ )14. бестің квадраты. ( 25 )15. 11 жай сан ба? (ия) 1 – жүргізуші: «Тапқырлар» тобының капитанын шақырайық:1. Санау үшін қолданылатын сандар. (натурал сан) 2. Нольден кіші сандар. (теріс сандар) 3. Кері сандардың көбейтіндісі. (бір) 4. Жарты түзу. (сәуле) 5. 9-ға қарама қарсы сан. (- 9 ) 6. Функция терминін енгізген математик? (Лейбниц)7. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем. (теорема) 8. sin45°- та неге тең. () 9. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. (180°)10. Қиылыспайтын түзулер. (параллель түзулер)11. ax4+bx2+c=0 қандай теңдеу? (биквадрат теңдеу)12. sin²α+cos²α неге тең? (бірге)13. 100 санының ¼ бөлігі неше? (25)14. Тоғыздың квадраты. (81)15. 13 құрама сан ба? (жоқ) 2 – жүргізуші: «Пифагор ізбасарлары» тобының капитанын шақырайық:1. Берілген шаманың жүзден бір бөлігі. ( % )2. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)3. Пифагор теоремасы. (a²+b²=c²)4. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер. (перпендикуляр түзулер)5. ax²+bx+c=0 қандай теңдеу. (квадрат теңдеу)6. Кесінді деген не? (екі нүкте арасындағы түзу)7. Квадраттық функцияның графигі. (парабола)8. sin30°-та неге тең. (1/2)9. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)10. Екі қабырғасы тең үшбұрыш. (тең бүйірлі үшбұрыш)11. Ең алғаш координаттар жүйесін енгізген кім? Р. Декарт12. tgx·ctgx неге тең. (бірге)13. 100 санының ¾ бөлігі неше? ( 75 )14. Үштің кубы. (27)15. 15 жай сан ба? (жоқ) 1 – жүргізуші: «Білімділер» тобының капитанын шақырайық:1.Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)2.Бұрыш өлшейтін құрал? (транспортир)3.Миллионда неше ноль бар? (6)4.Планиметриядағы негізгі фигура? (нүкте)5.Египет үшбұрышының қабырғалары неге тең? (3;4;5)° мәні неге тең? ()7.Шеңбер сызатын құрал? (циркуль)8.Ең кіші натурал сан? (1)
9.Тік бұрыш неше градусқа тең? (90°)10."Негіздер" кімнің шығармасы? (Евклид)11.Жазыңқы бұрыштың шамасы? (180°) 12.у функциясының графигі? (парабола)13. қай елдің, не деген сөзі? (Үндістан, "жоқ")сызықтық функциясының графигі? (гипербола)15. Квадраттың қабырғасы 2-ге тең, периметрі неге тең? (8)ІІІ- айналым. «Жүйріктер» сайысы2 – жүргізуші: Әр топ тапсырманы 5 мин орындайды да жауабын әділ қазыларға береді. Берілген уақытта тапсырманы үлгеріп тапсыру қажет, тапсырмаса жұмыс қабылданбайды. Демек, ол топтың жұмысы 0 мен бағаланады.1) 56 санының 75%-ін табыңыз. А) 40; В) 42; С) 44; Д) 46; Е)48; 2) Ромбының бір диагоналі қабырғасына тең. Ромбының бұрыштарын табыңдар. А) 20°;160°; В) 40°;140°; С) 50°;130°; Д) 60°;120°; Е) 70°;110°; 3) Сөйлемді толықтырыңыз «Сызықтық функцияның графигі . . . болады» А) кесінді; В) парабола; С) гипербола; Д) сәуле; Е) түзу сызық; 4) Көбейткіштерге жіктеңіз: х(р-а)+у(а-р)-z(р-а) А) (р-а)(х+у+z); В) (р-а)(х-у-z) ; С) (р+а)(х-у-z); Д) (р+а)(х+у+z); Е) (р-а)(х-у+z); 5) матадан 50 көйлек тігіледі. Сондай матадан қанша көйлек тігуге болады. А) 35; В) 36; С) 37; Д) 38; Е)39; 6) Үшбұрыштың бұрыштары 7:5:6 сандарына пропорционал, үшбұрыштың ең кіші бұрышын табыңыздар. А) 50°; В) 60° ; С) 70°; Д) 30°; Е) 40°; 7) Есептеңдер: 98²-98·88 А) 100; В) 99; С) 98; Д) 980; Е)990; 8) у=5х²+3х+2 функциясының анықталу облысын табыңыздар. А) [-4;2]; В)[-5;3] ; С) (-∞;+∞); Д) (-∞;2]; Е) (-1;1);9) 19782001 саны нешемен аяқталады А) 1; В)6; С)8; Д) 9; Е)210) Келтірілген квадрат тендеуді көрсетА) 0,1х²+3х+12= 0 В) х²+3х+2= 0 С) 0,5х²+2= 0 Д) 25х²+х= 0 Е)3х+2= 0
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
в | д | е | в | а | а | д | с | с | в |
IV- айналым. «Тапқыштар» сайысы 1 – жүргізуші: Ең қиын тапсырмаға кезек келді Шын мықтыны анықтау мақсат еді . Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай Осы ойыннан көреміз ерен ерді.1. Топтар алма кезек, ретпен жауап береді. Бірінші болып «Алғырлар» тобынын жауабы тындалады, егер бұл топтың жауабы болмаса онда қалған топтардың жауаптары тыңдалады. Жауапты жазбаша түрде әділ қазылар алқасына тапсыру қажет.Сандардың орнын ауыстыра отырып, кестенің ішіндегі сандарды қалай қосқанда 15 шығатындай етіп орналастыру керек.
1 | 2 | 3 | 4 | 9 | 2 | |
4 | 5 | 6 | 3 | 5 | 7 | |
7 | 8 | 9 | 8 | 1 | 6 |
2.Ребустың шешімін тап. Бірінші болып «ТАПҚЫРЛАР» тобынын жауабы тындалады, егер бұл топтың жауабы болмаса онда қалған топтардың жауаптары жазбаша түрде әділ қазылар алқасына тапсырылады.
3. Бір ғана таяқшаны жылжыту арқылы, теңдікті орында.Бірінші болып ПИФАГОР ІЗБАСАРЛАРЫ тобынын жауабы тындалады, егер бұл топтың жауабы болмаса онда қалған топтардың жауаптары жазбаша түрде аділ қазылар алқасына тапсырылады. Бірінші болып «Білімділер» тобынын жауабы тындалады, егер бұл топтың жауабы болмаса онда қалған топтардың жауаптары жазбаша түрде аділ қазылар алқасына тапсырылады.4. Мұғалім 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандары жазылған карточкалар бумасын алып, бірінші санды столға ашып қойды, екінші санды буманың астына салды, үшінші санды столға ашып қойып, төртінші санды буманың астына салды. Бұл процес ары қарай жалғастырылды. Сонда столда ашылып қойылған сандар 10-нан 1-ге дейінгі кему ретімен орналастырылған болса, бастапқы буманың орналасу ретін тап.Бірінші болып БІЛІМДІЛЕР тобынын жауабы тындалады, егер бұл топтың жауабы болмаса онда қалған топтардың жауаптары жазбаша түрде аділ қазылар алқасына тапсырылады.
V – айналым. «ЖҰМБАҚ» сайысы Бұл жерге келмейді ешкім
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)