Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақтан тыс жұмыс: Талантыңмен таңыл
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пәні: Математика
Мұғалімі: Жұмабаев Қ.Ж.
Сабақтың тақырыбы: «Талантыңмен таңыл»
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сарапқа салу арқылы жеңімпаз топты және студенттердің пәнге деген қызығушылығын, танымдық қабілеттерін және математика, информатика, әдебиет, ағылшын тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылық: әрбір жеке тұлғаның ой-өрісін кеңейтіп, тапқырлық, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, еңбекке, жауапкершілікке, уақытты үнемдеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс сабағы.
Әдісі: Топ бойынша жұмыс.
Көрнекі құралдар: цор
«Талантыңмен таңыл» атты сайысы V - кезеңнен тұрады.
-
“Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір’’ топқа сұрақ
-
“Ақылдассаң шешерсің, ақылдаспасаң кем көсерсің’’
-
Полиглот.
-
Ойлан тап
-
Кім жылдам (есептер)
-
Қорытынды.
I - Жүргізуші: Бүгінгі студент ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты, өзінің біліміне сенімді екеніне байқап көрейік. « Білімді азамат – ел ертеңі », « Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзімен сіздерге сәттілік тілейміз.
Ізгі арманын, үмітін
Бабалардың жалғаймыз!
Білім көкжиегінде
Жалындаймыз, самғаймыз!- дей отырып сайыскерлерімізді таныстырамыз.
II - Жүргізуші : Бірінші сайыскерлеріміз: «Уақыт » тобы.
Болашақ тобы алға,
Биіктерге самға.
Достығымыз барда,
Жүреміз тек алда!
I – Жүргізуші: Екінші сайыскерлеріміз: «Дарын» тобы.
Ізбасарлар тобы алға,
Биіктерге самға.
Біліміміз барда,
Жүреміз тек алда!
II – Жүргізуші:
Ойын – толқын жатқандай асып, тасып,
Біреуі мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып.
I - кезең
« Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір » (10 ұпай)
Бұл бірінші кезең сайысында сұрақ жалпы командаға қойылады. Қойылған сұрақтың әр дұрыс жауабына 10 ұпайдан есептелінеді.
«Уақыт » тобы
1. Бұл затты есептеуде уақытты үнемдеу үшін қолданады. Бұл не? (калькулятор )
2. Кез келген санның 0 дәрежесі неге тең? (1)
3. Алғашқы есептеу құрылғысы(саусақ)
4. Барлық нақты сандар жиыны (R немесе (-∞;∞))
5. 666 санын еш амал қолданбай 1,5 есеге қалай артрыруға болады? (аударып жазу )
6. Құрамында мәнін табу қажет болатын әріпті теңдік (теңдеу)
7. Айнымалының алдындағы тұрақты сан (коэффициент)
8. Тұрақты сан.(константа)
9. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін (сан жай)
10. «Айнал» командасы берілгенде жауынгер қандай бұрышқа бұрылады?(1800)
11. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы)
12. Көбейту және бөлу таңбаларын енгізген кім? (Г. Лейбниц)
13. Алгоритм сөзі қай ғалымның атынан шыққан (Әл-Хорезм)
14. Дүниежүзілік компьютерлік желі. (интернет)
15.Шеңбер ұзындығының диаметріне қатынасы (Пи)
16. Аксиома дегеніміз не?. (мағынасы күмансіз тұжырым)
17. Косинустың синусқа қатынасы (котангенс)
18. « Математика ғылымдар патшасы» кімнің сөзі (Карл Гаус)
19. Негізі сан дәреже көрсеткіші айнымалы болатын функция(Көрсеткіштік)
20. «Ноль» қай елден шыққан? (латын, мисса-ешқандай, ештеңе емес)
«Дарын» тобы
1. Байлаған сайын тереңге, шығасың биік белеңге? (Білім)
2. Қандай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)
3. 100-ді -ге бөліп, 50-ге ті қосқанда нәтижесі қандай? (250)
4. Геометриядан жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына100 өгіз сойып құрбан еткен ежелгі грек ғұламасы (Пифагор)
5. 1 пұт неше кг-ға тең? (16 кг)
6. Ең алғаш әйел математик (С. Ковалевская)
7.Бір шокаладты 100 теңгеге сатып аласың ,1,5 шокаладты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)
8. «Фигура» сөзінің мағынасы (түр, кескін, бейне)
9. Анықталу облысы симметриялы және аргументтің теріс және оң мәндерінде мәні тең функция (жұп)
10. Координата бас нүктесінен қарағанда симметриялы функция (тақ)
11.Интернетті қосуда қамтамасыз ететін құрылғы (модем)
12. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр. (98)
13. Алматы қаласындағы республикалық мамандырылған физика- математикалық мектеп-интернат аталған, қазақ халқының дарынды ұлы, акедемик кім? (О.А. Жәутіков)
14. Қарама-қарсы қабырғалары тең және параллель төртбұрыш.(параллелограмм)
15. Египетте фараондар жерленген көпжақ.(пирамида)
16. Косинутың синусқа қатынасы(котангенс)
17. Дәлелденбейтін ұйғарым (аксиома)
18. Бір түзудің неше параллель түзулердің бойында жатқан векторлар (коллинеар)
19. «Фигура» термині ең алғаш рет кімнің қолжазбасында кездеседі? (Г. Лейбниц)
20. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді (0)
I - жүргізуші:
Ойла-ойла тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген.
Оны сен білмесең,
Өте алмайсың көпірден – дей келесі .
II-кезең:
« Ақылдассаң шешерсің, ақылдаспасаң кем көсерсің » .
Бұл сайыста қазақ тілі, тарих, география пәндерінен Жамбыл облысында және Тараз қала-сының мағында орналасқан бірнеше сәулеттік ескерткіштер және облысымыздан шыққан атақты тұлғалар, жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы, ақын, олимпиада жүлдегерлері туралы болады. Сонымен қатар математика, физика, биология, ағылшын пәндерінен сұрақтар болады.
II - Жүргізуші:
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға 3 тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Ұпай, студенттер сіздікі - дей келесі .
III кезең:
« Полиглот » (5 минут)
Топтардың алдындағы парағына жауабын 3 тілде жазады, егерде 3-еуі дұрыс болса – 30 ұпай, 2-еуі дұрыс болса -20 ұпай, 1-еуі дұрыс болса- 10 ұпай беріледі.
1. көбейту-умножение – multiplication(еуөктбй)
2. анықтама -определение- definition(атынамқа)
3. кесінді-отрезок- line segment(деінікс)
4. дәреже-степень-power(дереәж)
5. шама-величина- value(ашма)
6. білім-знание-knowledge-(імблі)
7. Математика ғылымдардың ... (патша-царь-king)-(пшата)
8.Математик ... жанды болуы керек (ақын-поэт-poet)-(ныақ)
I - Жүргізуші: « Алтын қоржын» - дағы логикалық есептерді шешіп көрелік. Экранға көңіл аударайық.
Сандардың сырына біз үңілеміз,
Үйренбеген достардан түңілеміз.
Қасиетті сандарға байланысты,
Дәстүрлі ұғымдарға тоқталамыз.
IV-кезең:
« Ойлан тап » (10 ұпай)
1. Арман черновикте есеп шығарып, оны дәптерге көшірді. Бірақ жақшаларды қалай қойғанын ұмытты. Оның есінде қалғаны мынау 6*8+20:4-2=40. Арманға жақ-шаларды қоюға көмектесіңіз. (6*(8+20):4-2=4017)
2. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін? (53)
3.Қанша тәсілмен бір қатарға қызыл, көк, жасыл, сары шарларды орналастыруға болады? (24)
4. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? (Бір мотоцикл)
5. Ас үйде тәрелкелер мен ыдыстардың қайсысы көп? (ыдыстар).
6. Түлкі базарда жемістер сатып тұр. Сауда жасауға оған аю, кірпі, қоян келді.
Түлкі айтты: - 1 алма, 2 алмұрт, 3 банан 200 теңге тұрады.
- 3 алма, 2 алмұрт, 1 банан 200 теңге тұрады.
Сонда 1 алма, 1 алмұрт, 1 банан қанша тұрады?
Жауабы: 4 алма+4 алмұрт+4 банан = 400 теңге
400: 4=100 теңге
1 алма+1 алмұрт+ 1 банан=100 теңге
7. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар,
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар. (домбыра)
8. Кімді математика королі атаған ? (Карл Гаусс)
9. Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп, 5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады. 3 тара-қанды өте ауыр жаралады және олар жара-қаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті, бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды. Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)
10. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі. Ләззат 7 жігітпен, Гүлзат 8 жігітпен, Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мерекеге келген барлық жігітпен би биледі. Мерекеде қанша жігіт болған ? (13)
I - жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің шүбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар - дей келесі .
V-кезең:
« Кім жылдам » (10 балл)Слайд
Бүгінгі «Талантыңмен таңыл» сайыс сабағының тақырыбына арнап 1 курс студентті ..... өзінің шығарған өлеңін оқиды.
II - жүргізуші:
«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан арттық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»-дегендей Н.Д. Зеленскийдің сөзімен «Талантыңмен таңыл» атты 5 кезеңнен тұратын сайыс сабағымыз мәресіне жетті.