Материалдар / "Сабақты зерттеу - мектептегі білім сапасын бақылау құралы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сабақты зерттеу - мектептегі білім сапасын бақылау құралы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Сабақты зерттеу - мектептегі білім сапасын басқару құралу" тақырыбындағы озық педагогикалық тәжірибені жадпылау жұмысы.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Капизина Алия Есимбекқызы


Тәжірибе авторы туралы мәлімет...........................................................................2

Тәжірибе тақырыбы.................................................................................................3

Тәжірибені жинақтау шарттары.............................................................................3

Тәжірибенің өзектілігі.............................................................................................3

Тәжірибенің теориялық негіздемесі.......................................................................3

Тәжірибенің жетекші педагогикалық идеясы........................................................4

Тәжірибе технологиясы «Сабақты зерттеу – мектептегі білім сапасын бақылау құралы»...............................................................................................................4-12

Тәжірибемен жұмыс істеу ұзақтығы....................................................................12

Тәжірибе ауқымы...................................................................................................13

Тәжірибе тиімділігі..........................................................................................13-16

Библиографиялық тізім.........................................................................................17

Қосымша материалдар































І. Тәжірибе авторы туралы мәлімет



  1. Т.А.Ә. Капизина Алия Есимбеккызы

  2. Білімі 1) Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті,

бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі;

2) «Көкше» академиясы, қазақ тілі және әдебиеті;

  1. Мамандығы бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі;

қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі;

  1. Жұмыс орны «Ақмола облысы білім басқармасының

Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №2 жалпы білім

беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  1. Лауазымы мектеп басшысы;

  2. Еңбек өтілі 31 жыл:

  3. Оның ішінде осы мекемеде 11 жыл:

  4. Байланыс телефоны 8 771 296 9759;

  5. Электрондық пошта kapizinaa@mail.ru





















ІІ. Тәжірибе тақырыбы – «Сабақты зерттеу – мектептегі білім сапасын бақылау құралы»

ІІІ. Тәжірибені жинақтау шарттары

Қазіргі кезде оқушыларға дайын мәлімет берудің қажеті жоқ, сабақтың мақсатына жету үшін әр сабақты, әр тапсырманы ой елегінен өткізіп отыру қажет. Осыған байланысты мұғалімдерге өз сабақтарына басқа көзқараспен қарауға көмектесетін осы тәсілді оқу үдерісіне енгізу барысында рефлексия дағдысын дамыту мақсатында «Lesson Study тәсілін енгізу» басымдылығын таңдадым. Сабақ циклдарына қатысу үрдісінде мұғалімдер ортақ пікірге келуге, өзіндік рефлексияға және сабақ жоспарларын дұрыс құрастыруға үйренеді.

ІҮ. Тәжірибенің өзектілігі: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдірудің негізгі мәселесі – заман талабына сай білім сапасын жақсарту, тұлғаның келешекте маңызды қажеттіліктеріне сәйкес білім жүйесінің барлық компоненттерімен қамтамасыз ету. Қазіргі мектептің басты міндеті тек оқушыларға білім беріп қана қоймай, өз көзқарасын жүйелі түрде тұжырымдап білдіре алатын мәдениетті, білімді оқушы тәрбиелеу.

Ү. Тәжірибенің теориялық негіздемесі: Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыты, қарқындылығы, қоғамның ашықтығы, жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Қоғам қажеттілігіне байланысты білім жүйесін жаңарту бағыттарын да өзгерту керек. Қазіргі тенденция тек қана ұлттық басымдылықтарды ғана емес, сонымен қатар білім беретін жүйелердің жалпы дүниелік бағыттылығын бейнелейді.

Сабақты зерттеу – мұғалімдердің ынтымақтастығы арқылы оқу сапасын арттыруға бағытталған технология. Мұғалімдер ұжымы алдына нақты мақсат қойып, бір-бірінің сабағына қатысып, әріптестерінің жұмысына емес, таңдаулы бірнеше оқушының іс-әрекеті мен жетістіктеріне назар аудара отырып, оған жетуге бірге қадам жасайды.

ҮІ. Тәжірибенің педагогикалық идеясы: Технология Жапонияда шамамен 100 жыл бұрын пайда болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «Күншығыс елі» шетелдіктер үшін ашылғанда, әдістемелік идея Еуропа мен АҚШ-қа тарап, бұл бағыттағы зерттеулер кеңейді. ХХІ ғасырда бұл әдіс посткеңестік кеңістікке де келді. Әр жерде оның өзіндік ерекшеліктері бар.

Неліктен сабақты зерттеу елімізде танымал бола бастады? Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері көп жағдайда біз қалағандай нәтиже бермейді. Мәселен, әдістемелік бірлестік жетекшілері бюрократиялық ауыртпалықтармен айналысып, сабаққа қатысуға үлгермейді. Басшыларлар мен олардың орынбасарларының да мұғалімдермен араласуға уақыты жетпейді. Бірақ мұғалімдер бір-біріне көмектесе алады: ыңғайлы жұмыс жағдайында, тиімділігін дәлелдеген технологияны қолдана отырып.

«Сабақты зерттеу» әдісінің ерекшеліктері - бұл мұғалімді бақылау және сабақты талдау емес. Әдетте мұғалімдер өз мекенжайында сын айтудан қорқады, бірақ бұл жерде назар оқушылардың жұмысына аударылады. Яғни, мұғалім үшін жағдай, мысалы, ашық сабаққа қарағанда аз күйзеледі. Бір нақты мәселе шешіледі: мысалы, «әлсіз» оқушыларды артта қалудан қалай ұстау керек немесе топтық жұмысты қалай енгізу керек және т.б. мектеп, параллель, сынып үшін ең өзекті мәселе алынады.

ҮІІ. Тәжірибенің технологиясы: «Сабақты зерттеу» әдісінде жұмыс жасау барысында мұғалімдер сабақты бірлесіп жоспарлайды және әртүрлі оқушылар үшін қол жеткізуге болатын өлшенетін мақсаттар қояды. Бақылау объектілері 3 типтік оқушы: «ілгері», «орташа», «артта қалған». Яғни, жұмыс тек өздері байланыс жасайтын «мықты» оқушылармен ғана емес. Бірнеше сабақ циклдары және одан кейінгі талдау жұмыстары мәселені шешудің әдістемелік әдістерін жылдам сынап көруге және түзетуге мүмкіндік береді. Бірлескен жұмыста мұғалімдер бір-бірінің «адами капиталына» (тәжірибе, әдістер, лайфхак) қол жеткізеді. Мұғалімдер топтық жұмыс, бірлескен жобалық іс-әрекет жағдайында болады. Осылайша, олар 21-ғасырдың дағдыларын игеріп, тәжірибеде қолданады, оны шәкірттеріне жеткізу керек. Зейін жекелеген оқушылардың іс-әрекетіне бағытталғандықтан, сабақтарда негізгі тәрбиелік тенденциялардың бірі – оқытуды дараландыру жүзеге асырылады. Жобаның нәтижелерін мұғалімдер тиімді ұсына алады, әріптестеріне жеткізе алады.

Тәжірибенің мақсаты – мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету және соның негізінде оқушылардың білім сапалары мен оқуға деген қызығушылықтарын көтеру.

Тәжірибенің міндеті:

«Сабақты зерттеу» – бұл топтағы бірлескен кәсіби даму моделі, ол келесі міндеттерді қамтиды:

  1. екі немесе одан да көп мұғалімдердің оқыту тәжірибесін дамыту;

  2. нақты оқушылардың білім беру қажеттіліктеріне назар аудару;

  3. мұғалімдер жекелеген оқушылардың оқу процесінің нақты аспектілерін жетілдіруге бағытталған оқытудың арнайы әдістемелерін әзірлеуге қатысады;

  4. мұғалімдер үнемі үйренгендерінің барлығын есепке алады және практикалық білімдерін коучинг, кәсіби қарым-қатынастың басқа түрлері және демонстрациялық сабақтар арқылы бір-біріне береді.

Тәжірибеден күтілетін нәтиже – оқушылардың білім сапасын арттыру, мұғалімдердің кәсіби өсуі.

«Сабақты зерттеу» технологиясын мектептегі оқу үрдісіне енгізер алдында, 2021-2022 оқу жылының ең алғашқы педагогикалық кеңесінде алдағы оқу жылының нәтижесі бойынша ең төмен білім сапасын көрсеткен 5 «А» сыныбы таңдап алынды. Осы сыныптың пән мұғалімдерінен тұратын екі зерттеу тобы құрылды. Оқу жылының нәтижесі бойынша төмен білім сапасын көрсеткен 5 «А» сыныбы зерттеуге алынғаны туралы сыныптық ата-аналар жиналысы және пән мұғалімдерінің кеңесі өткізілді. Кеңес барысында нақты проблема айқындалып оны шешу құралдары талқыланды. Осыдан зерттеу тақырыбы «Сабақты зерттеу – мектептегі білім сапасын бақылау құралы» деп айқындалды.

Мәселе: сыныптың білім сапасының төмендігі – оқушылардың сабаққа, білім алуға деген қызығушылығының төмендігі – мұғалімдердің күнделікті сабақ жоспарларын белгілі деңгейде құрастырмауы.

LS мұғалімдер арасында ашық, кең диалогтың болуына, өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салуға жетелейді, ұжымдық мәдениет пен кәсіби дамуға тәрбиелейді.

LS тәжірибелі мұғалімдермен қатар, жас мамандардың да кәсіби жетілуіне көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, талдау, бақылау - бағалау арқылы оқыту бойынша бірлескен пікір қалыптасады. Бұл жағдайда сабақты зерттеу барысында зерттелген сабақты дәстүрлі жоспарлаған сабақпен салыстыру жүзеге асады. Бұл дәстүрлі сабақта ескерілмеген жағдайларды аңғартуға түрткі болады және сабақты толықтыруға, түзетуге мүмкіндік береді.

Зерттеу сабағы 3+3+3 формуласымен іске асырылады:

1 – зерттеу үшін әр деңгейлі 3 оқушы таңдалынып алынады;

2 – LS кем дегенде 3 циклдан тұрады, әр циклда бірнеше қадам болады, сол циклдағы сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлайды, өткізеді, талдау жасайды және оқушыларды бақылайды.

3 – зерттеуге кемінде 3 және одан артық пән мұғалімі қатысады. Сол себепті, тәжірибені жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін пән мұғалімдері тартылды.

1-қадам. Зерттеу сабағын өткізетін топтар құру.

Оқу жылының басында мектепте «Сабақты зерттеу» жобасына жауап беретін комиссия және шығармашылық топтар құрылды. Комиссияға мектеп басшысының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Д. М. Абдилова, басшының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары А. С. Абдильдина, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 2деңгейлі мұғалім, педагог-зерттеуші А. К. Жекина, тарих және география пәнінің мұғалімі, мектеп тренері, педагог-сарапшы Х. Хумар, математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Р. И. Мергенбаева кірді.

Бұл мұғалімдер топтары сабақты зерттеуді жоспарлады, оқыту мен оқу әдістерін талдады, бақылау – бағалау жүргізіп, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесе жүргізді. Шығармашылық топтардың бірінші отырысында келесі мәселелер қарастырылды:

  1. Біз қанша уақыт кездесеміз?

  2. Кездесулерімізде қандай жұмыстарды жүргіземіз?

  3. Біз нені басшылыққа аламыз?

Топтар кездеспес бұрын, сабақты зерттеу нұсқаулығымен танысып, бірінші отырыста кім қандай жұмыстарды жүргізетінін анықтап, міндеттерді бөліп алдық. Оқытудың нақты мақсаты жоспарланды. жоспарда оқушылар нәтижесінде нені біліп, нені орындай алатыны анықталып, мына мәселелер талқыланды:

  • Оқыту мақсаттары мен оқу мақсаттары бірдей ме?

  • Мақсат қоя білу нәтижеге қалай әсер етеді?

Сабақты зерттеу барысында тек бір мұғалім ғана сабақ бермейді, жауапкершілік барлық топ мүшелерінде болады. Сондықтан ең алғашқы отырыста әр топ сабақ беретін мұғалім, А, В, С деңгейіндегі оқушыларды бақылаушы, жалпы сыныпты бақылаушы және сабақ беретін мұғалімге көмекші рөлдерін бөліп алды.


2-қадам. Сабақ жоспарын құру.

Сабақ жоспарын құрастыруға кіріспес бұрын, мен және А. К. Жекина екі топ мұғалімдеріне «SMART - мақсатты қалай дұрыс қою керек» (№1 қосымша) және «Топтық жұмысты ұйымдастырудың қандай стратегиялары сабақта тиімді жұмыс жасауға көмектеседі» (№2 қосымша) тақырыптарында коучинг өткізді. Коучинг барысында зерттеу тобының мұғалімдері өз білімдерін жаңғыртып, шыңдады.

Сабақты зерттеу жоспары мен бақылау барысында қолданатын бақылау картасы сабақтың басында топ мүшелерінің барлығы таратылып берілді.


Сабақты жоспарлау, бақылау және талдау картасы


Сабақ барысында қол жеткізген табысы мен жетістігі

А – деңгейлі оқушы

В – деңгейлі оқушы

С – деңгейлі оқушы

Сабақ кезеңдері

Оқушыларға қойылатын сұрақтар

Күтілетін нәтиже

Оқушы жауабы

Күтілетін нәтиже

Оқушы жауабы

Күтілетін нәтиже

Оқушы жауабы

Ұйымдастыру кезеңі








Үй тапсырмасын тексеру








Жаңа тақырып








Бекіту








Кері байланыс








Рефлексия/сұхбат









3-қадам. Бағаланатын оқушыларды анықтау.

Зерттеудің басты мақсаты мен міндеттері анықталған соң, пән мұғалімдері негізгі нысандарды анықтады. Олар:

  • осы сыныптағы зерттелетін 3 оқушыны кім бақылайды?

  • LS бағытында жұмыс жасайтын әрбір оқушының деңгейі қандай?

  • LS аяқталған соң әр оқушыдан қандай нәтиже күтеміз?

Топ мүшелері сабақты «зерттелетін оқушылардың» меңгеруіне ерекше назар аудара отырып жоспарлайды. Бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді, осы уақытта 3 мұғалім зерттелетін оқушыларға айрықша көңіл бөліп, оларды қадағалайды.

Зерттелетін оқушы туралы мәліметтер


Бақылаудағы «А» оқушы

Аты-жөні


Осы оқушыға арналған табыс критерийі


Сабақты зерттеу аяқталған кезде «А» оқушы ......... атқара алады (сабақта қойылған мақсатына жетуді оқушы қалай көрсететінін сипаттау)


Қосымша түсініктемелер



4-қадам. Алғашқы LS өткізу, сабақты бақылау.

Сабақ – мұғалімдердің жоспарланған иджеяларын жүзеге асыратын «Сабақты зерттеу» үдерісін құрастырушыларының бірі. Бұл кезеңде топ мүшелерінің бірі сабақ өткізеді, ал қалған топ мүшелері өздері бөліп алған ролдерді атқарады. Дәстүрлі бақылауда әдетте, мұғалімнің сабақ бойы жүзеге асыратын іс-әрекеті басты назарда болатын. Ал зерттеу барысында бақылаудың фокусында оқушылар және олардың іс-әрекеттері.

Ең алғашқы болып зерттеу сабағын математика пәнінің мұғалімі Б. А. Капбасова көрсетті. Ол көрсететін сабақ жоспарын өзі құрастырды, содан кейін шығармашылық топқа ұсынды. Әр топ мүшесі өздері бақылайтын оқушыларға сай тапсырмаларға дифференциациялық өзгерістер енгізді (№3 қосымша). Сабақтың мақсатына жету жолдарын талқылаған кезде, «С» оқушысына дайындалған тапсырма қиын болатынын бақылаушы мұғалім айқындап, Б. А. сабақ жоспарына кішігірім өзгерістер енгізді.

Сабақ жоспары бірлесіп жасалғандықтан, ол топтың меншігі болып табылады.

Топ мүшелері бақылауды назардағы оқушыға енгіздей отырып, кейіннен бақылау аясын кеңейтіп, барлық сыныпқа да бақылау жасады.


Сабақты бақылау үлгісі


Мазмұны

Ескерту

І

Сабақтың басы


1.1.

Материалды жүктеу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!