Материалдар / Сабақтын тақырыбы ; Қасым хан кезіндегі казақ хандығы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақтын тақырыбы ; Қасым хан кезіндегі казақ хандығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға ашық сабақ өткізгенде көмек береді. Жас мамандарға пайдасы көп деп есептеймін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қырқүйек 2018
582
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Нургожина Бикеш Акимжановна

« Солтүстік Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған

мектеп- интернат- колледжінің » тарих пәнінің мұғалімі.



Сабақтың тақырыбы: Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты: 

 1) Білімділік-  оқушыларға  Қасымның хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі ішкі-сыртқы жағдайы, « Қасым ханның қасқа жолы » атты зандары, оның құрылымы туралы түсінік беру.

2) Дамытушылық- Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру,  жүйелі ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше қорытынды жасау, құбылыстарды салыстыра, айырмашылығын білуге үйрету.

3) Тәрбиелік-  Оқушылардың ұлттық намысын ояту, адамгершілік сана-сезімін қалыптастыру, туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық,  ХV-ХVІІ ғ.  Қазақ

хандығы  картасы, суреттер , қосымша  материалдар.

Пән-аралық байланыс:  Қазақ әдебиеті

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері:  Сұрақ-жауап, түсіндіру, пікіралысу,  жазбаша тапсырмалар, ойын.

І. Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушыларды түгендеу

- психологиялық ахуал тудыру.

Оқушыларды шаттық шеңбер бойына тұрғып, есте сақтау қабілеттерін байқау үшін олармен «Дүкеннен зат сатып алу» ойынын ұйымдастыру. Бұл ойынның шарты бойынша алдымен әрбір оқушы өз есімдерін атап шығады, дүкеннен өз есімдерінің бас әрпінен тұратын зат сатып алуы қажет. Келесі оқушы алдында айтқан оқушының сөзін қайталай отырып, өз есімін айтады соған байланысты дүкеннен зат сатып алады, осы жағдай шеңбер бойына жалғасады.

«Кемпірқосақ» әдісі арқылы оқушыларды 5-топқа бөлу

1-топ «Қызы түс», 2-топ «Сары түс», 3-топ»Көк түс» , 4-топ «Ақ түс»

Оқушыларды жұмыс орындарына отырғызу.


1 тапсырма :Талдау. «Үш нақты  қадам» мәтіндегі маңызды  оқиғаларды, деректерді анықтау. Жеке оқиды,жұбымен  бөліседі,топқа салады, постер  қорғайды.

І-топ. Қасым хан туралы деректер және оның заңдарын айқындайды. 
ІІ- топ. Қасым ханның ішкі саясаты. 
ІІІ-топ. Қасым ханның сыртқы саясаты.

IV-топ Қасым хан салған қасқа жол.



2 тапсырма: «Сұрақты ұстап ал» әдісі бойынша сұрақтар.Сынама шкаласы арқылы топтар 3 сұрақтар дайындап бір біріне қойып жауап беру.

Мысалы;

1)Қазақ хандығының құрылуына қай аймақ негіз болды?

2)Қазақ хандығының күш қуатын, саяси беделін нығайтқан хандар?


3. Қолдану .«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы тапсырманы орындау.

І-тапсырма:  «Жылдар сөйлейді»

1473 жыл - 1523 жыл – 1518 жыл –

1511 жыл – 1503 жыл –


4 -тапсырма 

Мәтіннің екінші  бөліміндегі «Қасым ханның қасқа жолы»  деп аталатын заңдардағы ережелерді сәйкестендір


1

Әскери заң

А

кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу

2

Қылмыс заңы

Ә

жер дауы, мал-мүлік дауы

3

Мүлік заңы

Б

аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат

4

Жұтшылық заңы

В

майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық

5

Елшілік заң

Г

шүлен тарту, ас, той, мереке, думан


5 - тапсырма 

Мәтіннің бірінші  бөліміндегі негізгі идеяны  анықта:

Мына сұрақтарға жауап ізде:

1.Қасым хан  билік  құрған  кезде  қазақ  мемлекетінің  өрлеуі қандай болды?     

2.Қасым хан туралы ұлы ойшылдар пікірі:

Оқушылардың тапсырмаларын критерий арқылы өзін –өзі бағалау.





Бағалау  крийтерилері


Тап-

сырма

Дискрипторлар

балл

Білім алушы

Қасым ханның маңызды оқиғаларын түсініп оқу.

1

 Қасым ханның тұсындағы маңызды  оқиғаларды, деректерді анықтап оқиды салыстырады.

1

Жылдардың тақырыбын анықтайды

1

Жылдардағы оқиғалардың себебін анықтайды

1

Мәтіннің бірінші  бөліміндегі негізгі идеяны  анықтайды


2

 Тиісті сөздерді жаза отырып бірінші сөйлемді құрастырады.

1

Тиісті сөздерді жаза отырып екінші сөйлемді құрастырады.

1

Тиісті сөздерді жаза отырып үшінші сөйлемді құрастырады

1

«Қасымның қасқа жолы»заңдарындағы ережелердің бір-бірімен айырмашылықтарын түсініп оқиды.

3

«Қасым ханның қасқа жолы»  деп аталатын заңдардағы ережелерді сәйкестендіреді

1


Сабақты бекіту : Жинақтау . «Сөзжұмбақ шешу»:

Қ

А

С

Ы

М

  • 1. Қазақ хандары ту тіккен құтты қоныс.

  • 2. Қазақстанның батыс өңірінде құрылған мемлекет.

  • 3. Қазақстандағы жер атауы.

  • 4. Шайбани әулетінен шыққан хан.

5. Қазақ хандығының құрамына енген рулардың бірі


Кері байланыс: «Чемодан, Еттартқыш, Қоқыс жәшігі» Оқушылар қолдарындарындағы стикерлерге жұмыстарға қатысты пікірлері мен ұсыныстарын жазып, сол жұмыстың тұсына жапсырады.

Критерий арқылы өзін-өзі бағалау. Топтық жиынтық бағалау.


Үйге тапсырма: Қазақ ханы Қасым хан туралы мәлімет.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!