жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақтың тақырыбы "Абай –дана, Абай- дара қазақта
«ОТҚД» ШЖҚ МКК жанындағы шағын жинақталған мектебі
Сабақтың тақырыбы:
«Абай –дана, Абай- дара қазақта»
2020 ж.
Сабақтың тақырыбы:«Абай –дана, Абай- дара қазақта».
Сабақтың мақсаты: Б/К Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.
5дайындау. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Т/К Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндңру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.
Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезең.
Кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз « Абай- дана, Абай- дара қазақта» атты әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады. Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар.
1-жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
2-жүргізуші:Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Сахнаға Абай шығады.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
1-оқушы: Өмірбаян.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған.Әкесі Құнанбай аға сұлтан,болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған.Болашақ ақын жас кезінен өлең , әңгімеге әуес болып , әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет- Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.
Абай
– аудармашы.
-
Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений
Онегин» романынан үзінділер,
М.Ю.Лермонтовтың, И.Гетенің шығармаларын
сүйіп оқып, аударған. Біз оқыған «Шегіртке
мен құмырсқа» мысалын да И.А.Крыловтан
аударған Абай атамыз екен.
-
Көрініс: «Шегіртке мен құмырсқа»
2- оқушы. Тірек сызбамен жұмыс
философ заңгер ақын аудмашы сазгер
дара ойшыл
кемеңгер Абай жазба әдебиетінің негізін салушы
гуманист қоғам қайраткері әділ би
ағартушы-ұстаз
3- оқушы: Фотосуреттерді сөйлету.
4-оқушы: Абай туралы сөз.
Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан , қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда данышпан , хакма философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті.
Шәкәрім.
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев . Онан асқан бұрынғы –соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.
Ахмет Байтұрсынұлы.
Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып , жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
Мұхтар Әуезов.
Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.
Ғабит Мүсірепов.
Орыстар үшін-Пушкин, ағылшындар үшін –шекспир, грузиндер үшін -Руставели.... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.
Қайсын Кулиев.
Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді.... Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық бауырласы екенін таныттты.
Шыңғыс Айтматов.
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев
5-оқушы: «Көзімнің қарасы» әнін тыңдаймыз.
6-оқушы: Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М. Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің шығармаларын қазақшаға аударды.
ІІ.
Абайдың қарасөздерінен үзінділер
айту:
1
- оқушы: Адам баласын замана өстіреді,
кімде - кім жаман болса, замандасының
бəрі виноват.
2
- оқушы: Биік мансап — биік жартас.
Ерінбей
еңбектеп жылан да шығады.
Екпіндеп
ұшып қыран да шығады.
3
- оқушы: Бақпен асқан патшадан,
Мимен
асқан қара артық;
Сақалын
сатқан кəріден
Еңбегін
сатқан бала артық.
4
- оқушы: Жаман дос — көлеңке,
Басыңды
күн шалса,
Қашып
құтыла алмайсың;
Басыңды
бұлт шалса,
Іздеп
таба алмайсың.
5
- оқушы: Досы жоқпен сырлас,
Досы
көппен сыйлас.
Қайғысыздан
сақ бол,
Қайғылыға
жақ бол
6
- оқушы: Əкесінің баласы — адамның
дұшпаны.
Адамның
баласы — бауырың.
7
- оқушы: Ер артық сұраса да азға разы
болады.
Ез
аз сұрар, артылтып берсең де разы
болмас.
8
- оқушы: Бағың өскенше тілеуіңді ел де
тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен
соң — өзің ғана тілейсің.
9
- оқушы: Күллі адам баласын қор қылатын
үш нəрсе бар. Сонан қашпақ керек: Əуелі
— надандық, екінші — еріншектік, үшінші
— залымдық деп білесің.
10
- оқушы: Надандық — білім - ғылымның
жоқтығы, дүниеден еш нəрсені оларсыз
біліп
болмайды.
11
- оқушы: Білімсіздік хайуандық болады.
12
- оқушы: Еріншектік — күллі дүниедегі
өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік,
ұятсыздық, кедейлік — бəрі осыдан
шығады.
13
- оқушы: Залымдық — адам баласының
дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса,
адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан
хисабына қосылады..
Өлеңдерін жатқа айту. Абайдың жатқа айтуға берілген өлеңдері:»
7-орқушы: Абайдың шығармалары.
Поэмалары: «Ескендір», Масғұт», «Әзім әңгімесі»
45 қара сөзі, өлеңдері бар.
Көрініс 17 қара сөзіне.
1-жүргізуші: Туғаннан дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңменен....
8- оқушы:«Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»
9-оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
10-оқушы: «Ғылым таппай мақтанба»
11-оқушы: «Әсемпаз болма әрнеге»
12-оқушы: «Мен боламын демеңдер»
13-оқушы: « Сенбе жұртқа тұрса да сені қанша мақтап»
.
Абайға арнау Оқушылардың Абайға арналған өлеңдерін оқиды.
Сұрақтар Абай шығармашылығына байланысты.
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).
4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
6.Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шы,арма аударған).
7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).
10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)
11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).
12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қоыйлды?(Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)
14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
2-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.
Қорытынды
Абайдың күллі шығармасы мен дүниетанымының өн бойында өрнектің арқауындай болып жарыса жүріп отыратын басты идея — бұл халыққа білім беру. Абай жұрт алдына білімін салғанда, басқалар малын салған… «Білімнен мал болушы ма еді? —деп Абай жұрттың онысына таласқан», — деп жазуы оның осы білімді адамшылық қасиеттің басы деп, сол жолға бүкіл өмірін, машалық қайратын сарп қылғандығын танудың дәлелі.
Ақынның білімді елге кеңінен таратып, надандықпен рухани тозғандықпен күресуі оның әлеуметтік бағасы болғаны сөзсіз, бірақ, біздің ойымызша, ұлы ойшылдың тек қана ағарту ісінің шеңберімен шектелмегендігі хақ. Өйткені, ол ең алдымен, тек қана ағартушы емес, бірнеше ғасыр бойы туған халқының дүниеге келтірген жан сүйсіндірер жақсы қасиеттерін, менталитетін, рухани болмысын, руханилықты бойына жинақтай отырып, соны ел мен жер бірлігі, тіл, казак, кең байтақ территория тұтастығы үшін пайдаланған әлемдік деңгейдегі іргелі ой иесі, ұлы философ-Шафрат болатын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген