Бекітемін:................................
Айы:...........................
Айналамен
таныстыру.
Сабақтың
тақырыбы: Балықтардың тіршілігі мен
іс-әрекеттері.
Сабақтың
мақсаты:
-
Балықтар жайлы мағлұмат беру.
Аквариумдегі балықтарды
бақылау.
-
Балықтар, сегізаяқ, тасбақа бейнесін қиып, су
асты әлемін құрастыруда ұқыпты жұмыс істеу іскерліктерін дамыту.
Жұмысты бірлесіп істеуге, бір-біріне көмектесуге, ұқыптылыққа
баулу.
-
Су асты әлемінің тіршілік иелеріне
сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ.
Әдіс-тәсілдері:
түсіндіру, сұрақ-жауап,сергіту сәті,
ойын, құрастыру, картоп бастырмасымен сурет
салу,
Көрнекі-құралдар:
тақырып бойынша суреттер,
тақтаға ілетін құралдар, құрастыруға қажетті құралдар,
түрлі – түсті бояулар, қылқалам, су, т.б. ақ қағаз, сүрткіш,
картоп
I
апта
Сабақтың барысы: I.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа
аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер
арқылы).
Психологиялық
дайындық. Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру
(талпындыру)
Су асты патшалығына саяхатқа баратындығын
хабарлау. Балалар бір сәт көзімізді жұмып, су астына
түсе бастайық. Су салқын. Мен түрлі - түсті балықтарды
көрдім.(сегізаяқ, ұлу, тасбақа, су жыланы) Теңіз түбінде өсімдіктер
де өседі екен, сумен шайқалып, қозғалып, билеп тұрған тәрізді.
Қайтадан судың бетіне қарай жүземіз. Су түбінен не көргендері жайлы
сұрап, әр баланың ойын
тыңдау.
Жылулық шеңберінде тұрып жылы
лебіз, тілек сөздерін айту.
Жарқырап күн де
ашылды
Айнала нұр
шашылды
Қайырлы
күн!
Біз сүйкімді
баламыз!
Қайырлы
күн!
Біз көңілді
баламыз!
-Ал енді балалар барлығымыз
жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі
отырамыз.
III. Жаңа
сабақ.
Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді
бастамас бұрын, мен сендерге
жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдап жұмбақты
шешіңдер.
Бет көретін айнам,тауып алдым
сайдан.
(ағын
су)
Еркелеп жатамын,қаңтарда
қатамын
(көл)
Суда өседі,өнеді,сыртқа шықса
өледі
(Балық)
Жер бетіне бір
шықпас,
Су түбінде
тұншықпас.
Сөйлемейді,
үндемейді,
Пісірсе оны кім
жемейді.
Тақтамен
жұмыс: Балықтардың суреттерін
жапсыру.
IY.Сергіту сәті:
Балық болып жүземіз,
Шынығамыз суда
біз!
Шынықсақ біз
бәріміз,
Шымыр болып
өсеміз!
II
апта
Сабақтың барысы: I.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа
аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер
арқылы).
Балықтар - судағы тіршілікке
бейімделген жануарлар.Жүзу жағынан олар өзге
жануарлар
дан асып түседі.Балықтар өкпе
арқылы емес,желбезек арқылы тыныс алады. Желбезек арқылы балықтар
суда араласқан оттегі түседі.Жануарлар мен жәндіктер жерде және
суда тіршілік етіп көбейсе,ал балықтар тек қана суда ғана тіршілік
етіп көбейеді.
Балықтар-ең көп тараған
омыртқалы жануарлар.
Альбоммен
жұмыс: Балық бейнеленген суреттерді түрлі-түсті
бояумен бояу.
IY.Сергіту
сәті.
«Кім епті?» ойыны. (Ойын шарты
түсіндіріледі)
-Балалар, менің қолымдағы не деп
ойлайсыңдар?
-Қармақпен не істеуге
болады?
-Жарайсыңдар! Балалар бұл жай қармақ емес, сиқырлы қармақ.
Осы қармақпен балық аулап көреміз
бе?
-Балалар
қараңдаршы қармаққа бір балық түсіпті, ол қандай балық болды
екен?
-Сазан,
бекіре, жайын, т.б
-Жарайсыңдар, балалар енді аулаған балықтарыңа назар
аударайықшы, сендер балықтардың аттарын
білдіңдер.
-Балалар, қайда тіршілік
етеді?
-Дұрыс
айтасыңдар. Негізінде балықтардың түрлері көп. Балалар, балықтардың
дене бітімі қандай пішінге ұқсас
екен?
III
апта
Сабақтың барысы: I.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа
аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер
арқылы).
Психологиялық
дайындық.
Табиғат! Тіршіліксің тұнып
тұрған.
Сен –
күнсің!
Көтерілген күліп
қырдан.
Сен – Көлсің, Сен – Ормансың,
Сен – Бұлақсың,
Адамды сұлулыққа
құнықтырған.
Балалар, қазір біз «Су асты әлемінің»
бейнесін құрастырып үйренеміз. Жұмыс жасамас бұрын алдымен «Су асты
әлемінің» жасалу жолдарын мына көріп
алайық.
Қағазды екі бүктеу,бүктелген жағы арқасы
болады.Көлбеу сызық сызу,сызық бойымен қайшымен қию.Желбезегі мен
құйрығын жасау үшін кертпелер қию.
«Тез
жина!» ойыны. Қырқылған балықтардың
бөліктерін құрастырып жинау.
IY.Сергіту
сәті.
IY
апта
Сабақтың барысы: I.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа
аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер
арқылы).
«Суреттерді ретіне қарай
топтастыр»
Ойынның
шарты: Суда тіршілік
ететін жануарлар мен жерде тіршілік ететін жануарлар суреттері
берілген.Осы суреттерді ретіне қарай топтастыру қажет.Ол үшін
теңіздің суреті бейнеленген суретке суда тіршілік ететін жануарлар
суретін,ал жердің суреті бейнеленген суретке жерде тіршілік ететін
жануарлар суретін топтастыру.
IY.Сергіту
сәті:
« Кім жылдам»
ойыны.
Балықтардың суреттерін құрастырып тақтаға
жапсыру.
-Жарайсыңдар,
балалар картоп бастырмасымен балықтардың суретін
саламыз.
Жұмыс барысы: Сулау
тәсілі арқылы дәптердің бетін бір
шетінен
бастап көк бояумен
бояу;
Қағаздың төменгі бөлігін
қою болуы үшін екінші рет қайталап көк бояуды
жағу.
(Судың түбі қараңғы
немесе терең)
Жасыл түсті бояу мен
шөптерді толқындата сызады. (ирек, түзі, ұзын,
қысқа)
Шөптердің арасына қалауы
бойынша таңдап алынған картоптан жасалынған балықтар бейнесінің
үлгілерін бастырады.
Бірнеше балықтардың суреттерін бастырып,
басқа су асты жәндіктерін салу баланың шығармашылығына байланысты
болмақ.
V.
Бекіту.
«Алтын балық» дидактикалық
ойын.
Шарты: Әр баладан көрмедегі суреттердің
қайсысы ұнайтынын сұрау. Қай баланың жұмысы ұнаса, сол балаға
«алтын балық» сыйлайды. Ойын соңында қай бала көп «алтын балық»
жинаса, сол баланың үйіне қуанышты хабарлама
жіберіледі.
VI.
Қорытынды.
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты
қорытындылау.
VII.
Бағалау.
Балаларды жеке-жеке
мадақтау.