Тақырыбы: Бүгін менің туған күнім...
(туған күн кеші)
Мақсаты: а) Балалардың көңіл - күйін
көтеріп, туған күндерін атап өту.
ә) Шығармашылық қабілеттерін және жолдастық қарым -
қатынастарын
арттыру.
б) Ұйымшылдыққа, сыйластыққа, достыққа
тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал
–жабдықтар: орындықтар,
магнитафон.
Ортада орындықта 1 бала
мұңайып отырады. 2-бала келіп:
- «Неге мұңайып отырсың, көңіл
–күйің түсіп кетіпті ғой»,-дейді.
Оқушы: - Бүгін менің туған күнім, ой
пәлі-ай!
Мына жұрттар неге жатыр
тойламай,- деп басын көтереді.
Оқушы: -Мұңайма, достым! Қарашы ,
қаншама достарымыз бізді туған күнімізбен құттықтауға келіп отыр.
Кел, одан да ән салып, би билеп, ойын ойнайық.
Ән: «Туған
күн».
1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгін бізде мереке, себебі біз бүгін
жатақханамыздағы оқушылардың туған күндерін атап
өтпекшіміз.
2-жүргізуші:
Құттықтау мен сыйдың,
Иесі мынау гүлдің.
Айтыңдаршы, балалар,
Туған күні кімдердің?
Туған күн иелерінің
аты-жөндері кезектесіп оқылады.
Туған күн иелері дастархан
басына отырғызылады.
1-жүргізуші:
Бата мен тілек - егіз қозыдай
ұғым. Тілек дегеніміз - бата, бата дегеніміз - тілек. Ендеше, туған
күн иелерін құттықтау үшін сөз кезегін мектеп-интернат-колледжі
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына
береміз.
2-жүргізуші:
(музыка ойнап тұрады). Туған
күн дегенде көз алдымызға ең бірінші торт елестейді. Ендеше, туған
күннің басты мәзірі - тәтті нанды дастархан басына әкелейік. (Осы
кезде жарық сөндіріліп, тәтті бәліштер отшашумен дастархан басына
әкелінеді).
1-жүргізуші:
Еркін күліп ойнаймыз,
Ертеңді де ойлаймыз.
Жолдастықты қадірлеп,
Туған күнді тойлаймыз.
Ал енді, балалар, ойын ойнап
көңілімізді бір сергітейік.
«Өз орныңды
тап» ойынын ойнау. Ортаға өз
қалауымен 4 оқушы шығады. 3 орындық қойып, музыка ырғағымен
орындықты айналып билеп жүреді. Музыка сөнгенде өз орынын тауып
отыру керек. Орынсыз қалған бала ойыннан шығады. Бір орындық алынып
тасталады. Артында қалған ойыншы жеңімпаз атанады. Сыйлық
беріледі.
2-жүргізуші:
Туған күн мерекесінде кім
болса да сыйлық алғанды ұнатады. Ендеше біз достарымызға арнап
әннен шашу шашамыз.
1-жүргізуші:
Бүгін бізде мереке
Мереке жақсы емес пе?
............. де кешке келіпті
Өнеріңді көрсет ендеше.
........... орындауындағы «...............» әнін қабыл
алыңыздар.
2-жүргізуші:
Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз.
Тақпақ айтып ән шырқап,
ойын ойнап береміз –деп, келесі кезекте
«.........» ойынын ойнаймыз. Ортаға
ойыншылар шақырылады..
1-жүргізуші:
Жасымызға жас қостық
Жақсы күнде бас қостық
Арманы бір құрдастар
Құрметтеріңе мың алғыс.
.............................
орындауында «......................... » әнін қабыл
алыңыздар.
2-жүргізуші:
Сен туған күн, мен туған
күн,
Бүгін бізде мереке.
Асыр салып билейік
Құтты болсын мереке!
Кешіміздің соңы көңілді би
кешіне ұласады.
Әзірлеген: Н.Н.
Қалижанова