Сабақтың тақырыбы: Көркем әдебиет стилі
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: көркем әдебиет стилі туралы түсінің бере отырып, басқа стильдерден ерекшелігін ұғындыру.
ә) дамытушылығы: оқушыларды шығармалар арқылы эстетикалық, идеялық мәнін түсіне білуге, ойлай білуге дағдыландыру. Өз ойын көркем де, көрнекті жеткізе білуге және әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
б) тәрбиелігі: Отанын сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап, талдау, шығармашылық жұмыс, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, дидактикалық материалдар, бейнекөрініс.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, музыка.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
А) психологиялық кезең
Ана тілім бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем!
Тілім барда ғана мынау ғаламның,
Кілтін табар саналысы сезінем.
(Тұрсынхан Әбдірахманова)
Ә) оқушыларды топқа бөлу
1-топ: «Әдебиетшілер»
2-топ: «Тілшілер»
3-топ: «Тарихшылар»
-
Үй тапсырмасын сұрау. «Ойыңды айт. Дәлелде»
1-топ: 1. Сызба құрастыр.
Тіл стильдері
![]()
2.Мәтіннің стилін анықта
Ей, жүз жылдан кейінгі мың жылдың ар жағындағы үрім-бұтақ, жұрағат, жас ұрпақ! Естисің бе менің үнімді, жете ме саған менің даусым?! Жетсе, бүгінгі баламыздан бастап, көпұлтты Отанымыздың барлық болашақ ұрпақтарына айтар екі ауыз сөзім бар. Ол – Отанды сүйіңдер, оны қорғаңдар, оған қызмет етіңдер деген сөз. Ол – халықтар достығын қадірлеңдер, қасиеттеп ұстаңдар деген сөз. (Бауыржан Момышұлы)
2-топ: 1. Ауызекі сөйлеу стилі дегеніміз не және өзіндік ерекшелігі қандай?
2.Мәтіннің стилін анықта
Халық ақыны, атақты әнші-композитор Кенен Әзірбаевқа Алматыдан бір топ оқушылар келді. Солардың ішінде А. Жұбанов атындағы музыка мектебінің оқушысы Біржан да бар еді. Ол:
- Ата, мен де сіз сияқты ақын, әнші болғым келеді,- деді.
- Атың кім, балам?- деді ақын ата.
- Біржан.
- Өзіңе ән бұлбұлы Біржанның есімін қойған екен. Біржандай өнерпаз бол, құлыным! – деп батасын берді Кенен ата.
(Мырзатай Жолдасбеков)
3-топ: 1. Ауызекі сөйлеу стилінің қандай түрлері бар?
2. Мәтіннің стилін анықта.
- Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат! – дейді.
- Өй, өзің жөніңді айтшы, атың кім? – депті хан.
- Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек: Халқым – қазақ, руым – Қаракесек, - деп жауап беріпті.
Дауысың қаздың дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датыңды айтшы, - депті хан. Сонда Қазыбек:
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз...
Сонда Қоңтәжі не дерін білмей, сасып қалыпты.
- Өзің сөзге келген бала болсаң, отырған орның қандай төмен еді, былай жоғары шықшы, шырағым!- деп, төмен қарай жылжып қопаңдай беріпті.
(Шешендік сөздер)
-
Жаңа сабақ. «Ой қозғау». Әр топ өздеріне берілген өлең шумақтарын оқып, көркемдік ерекшелігіне талдау жасайды.
1-топ: «Күз».
С
ұр бұлт түсі суық қаптайды
аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
(Абай Құнанбайұлы)

2-топ:
Тілі басқа тілегі бір
біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде
біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран
боп
Татулықтан бұзылмасын
іргеміз.
Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

3-топ: Аңсағаны – азат күн,
Абылай – ханы қазақтың.
Алашты жиып бір туға,
Арнасын бұзған азаптың.
Арыстандай айбатты ер,
Ақылы асқан қайраткер.
Ақ туының астында
Ата жауын жайратты ел.
Оқушылар өлең шумақтарын талдай отырып, жаңа сабақтың ережесін құрастырады. Оқушылардың жауабын мұғалім толықтырады.
|
Көркем әдебиет стилі |
|
|
Мақсаты |
Шынайы өмір шындығын суреттеу, зат, құбылыстарды бейнелеу арқылы оқырман сезіміне әсер ету, ой тудыру. |
|
Қолданылу аясы |
Әдеби туындыларда қолданылады. |
|
Стильдік сипаты |
Образды мәндегі қолданыс, эмоционалды-экспрессивті |
|
Көркем әдебиет стилі |
|
|
Тілдік амал-тәсілдері |
Сөздердің әртүрлі ауыспалы мағынада қолданылуы, көр-кемдегіш, бейнелеуіш, суреттеме (теңеу, метафора, метони-мия, антитеза, т.б.) құралдары еркін қолданылады. Шығарма-ны шынайы беру мақсатында диалект, кәсіби, ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер мен сөйлеу тілін де қолданады. Көп жанрлы (проза, драма, поэзия, т.б.). Әр жазушының өзіндік стилі болады. Ол әр суреткердің тілдік амал-тәсілдеріне қарай танылады. |
-
Оқулықпен жұмыс. 67-жаттығу. Тұрақты тіркестердің баламасын тауып, дәптерлеріне жазғызу. Жұптаса отырып, осы тіркестерді қатыстырып, әңгіме құрау.
-
Қас пен көздің арасында – тез, жылдам
-
Төбе шашы тік тұрды – қорықты, шошыды
-
Ит өлген жер – өте алыс, шалғай жер
-
Ит арқасы қиянда – алыста
-
Қой аузынан шөп алмас – жуас, момын
-
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман – тыныштық заман орнау
-
Жүрек жұтқан – батыр, ер жүрек
-
Жерден жеті қоян тапқандай – қатты қуану
-
Тақырға отырғызып кетті – алдап кетті
-
Қолы жеңіл – ісі алға басу
-
Қолы ашық – жомарт
-
Тақтамен жұмыс.
1-топ: синтаксистік талдау.
Махмұт Қашқари – араб, парсы мәдениетін, араб грамматикасын жетік білген адам.
2-топ: Лексикалық талдау.
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың ордасына айналды.
3-топ: Морфологиялық талдау.
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық, әсіресе, Әбілхайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
-
Миға шабуыл.
Тыңда! Ойлан! Суретте! Оқушыларға бейнекөріністерді жасыра отырып, естіген дыбыстарды суреттеп, сөйлем құрату
-
Шығармашылық тапсырма.
«Менің сүйікті шығармам» тақырыбында оқушылар өздері оқыған белгілі ақын-жазушылардың шығармасы негізінде өз пікірлерін жазу.
|
Шығарманың тақырыбы |
|
|
Сүйікті кейіпкерім |
|
|
Бұл шығармадан не үйрендім? |
|
-
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабағымызды В.В. Радловтың шешендік өнер туралы төмендегідей пікірімен қорытындылаймын:
«Қазақтар мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлесіп отырғанның өзінде сөйлеген сөздері ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таңғаласың. Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып, сұрақ пен жауап беруге келгенде таңғаларлықтай оралымды сөйлейді.»
(В.В. Радлов)
-
Бағалау. Әр оқушы бағалау парақшасы арқылы бір-бірін бағалайды.
|
Оқушының аты-жөні |
Үй тапсырмасы |
Жаңа сабақ |
Жаттығу жұмысы |
Тақтамен жұмыс |
Қорыту |
|
|
|
|
|
|
|
-
Үйге тапсырма. «Мен – қазақ елінің ұланымын!» тақырыбында эссе жазу.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз