Материалдар / Сабақтың тақырыбы: "Менің сүйікті ойыншықтарым" 2 - сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақтың тақырыбы: "Менің сүйікті ойыншықтарым" 2 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалд аттестатциядан өту үшін керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2020
662
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы

Сабақтың тақырыбы:

Менің сүйікті ойыншықтарым.

Ертай Ашықбаев «Менің кемем»

Кәмен Оразалин «Абайдың шаңырағы»

Күні: 01.10.2020ж

Мектеп: «Свободный орта мектебі» КММ

Мұғалім: Ержан Т.

Сынып: 2 «А»

Оқушы саны:21

Оқу мақсаттары

2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.2.1.1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;

2.3.1.1 - мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеумәдениетін сақтап, диалогке қатысу

Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Жетістік критерилері

Жеке, жұптық, топтық жұмыс

Тілдік құзыреттілік

Ойыншық игрушки-

Үй дом-

Құндылықтарды дамыту

Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, қазақ тілі , музыка

Алдыңғы сабақ

Көйлек хикаясы

Өлеңдегі баланың іс әрекетіне баға бер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс- әрекет

Ресурстар

Басталуы

Шаттық шеңберіне жиналып, ыстық лебіздерін білдіреді.

Көйлек хикасынан не түйгенін айтады. Өлеңдегі баланың іс әрекетіне баға беріңіз.

Ойыншықтар әуеніне билеу

Бұл ән не туралы ?

Ойыншықтармен ойнағанды ұнатасың ба? Неліктен?

Ойыншықтар әні mp3

Ортасы

Менің кемем өлеңін түсініп оқып, сөздік жұмыс жүргізіледі.

Төзімді – шыдамды

Ал жұмбақ шешекенді кім ұнатады?

34- бет 1-тапсырма

Жұмбақтардың шешуі: киіз үй, лифт

Лифт қандай үйде болады?

Оқушылар оқулықтағы екінші тақырыппен танысады.

«Абай» сөзжұмбағын шештіре отырып, бүгінгі «Абай шаңырағы» тақырыбымен таныстыру.

Көйлек хикаясы өлеңіндегі баланың аты кім? Арман

Ұяда көрсең... мәтінінің авторы кім? Бауыржан Момышұлы

Тұңғыш қазақ Әліппе оқулығын жазған кім? Ахмет Байтұрсынов

Қазан ай



А

Р

М

А

Н


Б

А

У

Ы

Р

Ж

А

Н

А

Х

М

Е

Т



А

Й








Жаңа материалды меңгерту.

Ендеше, балалар, Абай Құнанбаев туралы не білеміз?

Абай кім?

Абай - ақын, философ, жазушы, аудармашы, композитор

Дүниеге келген жері: Семей облысы, Семей ауданы, Шыңғыс тауында 1845 жылы дүниеге келген.

Шығармалары: «Жаз», «Күз», «Қыс», «45 қара сөзі», «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» т. б.

Кәмен Оразалин (1920 – 2008)

Жазушы

Кәмен Оразалин 1920 жылы 16 маусымда Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылының Қылышбек жайлауында дүниеге келген.

«Абайдың шаңырағы» мәтінін оқып, түсінігі айтылады.

Дәптермен жұмыс.

Шымши – өрнектеп тоқылған ши.

Ызу – тігістің түрі

Алаша – қой жүнінен тоқылған төсеніш

Сүйек төсек – сүйекпен өрнектеп жасалған төсек


жұмбақ









сөзжұмбақ



















Bilimland.k

Аяқталуы

Қолдану

Дәптермен жұмыс.

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:


Б ір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

Балалар, «Абай шаңырағы» мәтіні үш бөлімнен тұрады. Әр бөлімді мұқият тыңдап, түсініп оқимыз. Әр бөлімнің кейіпкерлеріне мән беріңдер. Бөлімдерге қалай ат қояр едіңдер?

Киіз үй.

Бұл бөлімде Күнжанның киіз үйдің уық, керегесінің кеткенін қайта жөндеткені және шебер әйелдерге шымшилерді тоқыттырып, бауларын, таңғыштарын бітіруді тапсырғаны айтылған. Жаңадан жасалатын бұйымдар да Абайдың ұнататын өрнек – бауларымен көркемделген.

Күнжанның қонақтары.

Бұл бөлімде Әуез, Кәрім, Кәкітай, Мекайіл, Закен секілді кейіпкерлер бар. Кәкітайдың Абай шаңырағын көріп таңғалып, разы болған сәттері осы бөлімде анық айтылған.

Абай шаңырағы.

Үшінші бөлімде Әуез бен Кәрімнің үй ішіндегі сәттері бейнеленген. Әуездің киіз үйдегі Абайдың қаттап жиналған сүйек төсек, кітап шкабы мен үш ішекті домбырасын көріп көңілі босап кеткен сәті бейнеленген. Әуез Абайдың «Нағашы, төрлетіңіз!» деген қоңыр даусын естігендей болып қатты толқиды. «Абай шаңырағы» бұл мәтінде Абайды қайта тірілткендей.

«Тапқыр болсаң, тауып көр» бөлімі бойынша жұмбақтар шешіледі.

Көрсең,

Алып тор жолды парақтай,

Жайсаң,

Қатарлап сызған жолақтай. /Кереге/


Қабырғасы тор көз,

Төбесінде зор көз. /Кереге; Шаңырақ/


Бір басы имек,

Бір басы үшкір сырық,

Қатар - қатар тұрып,

Күмбез сынды шеңберді,

Көкке тіктеп көтерді. /Уық/


Ұқсайтын шеңберге,

Қабырғасы жиылып, керіледі.

Жиһазы мол кең бөлме,

Төбесінен жұлдыздар көрінеді.

(киіз үй)

Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған кім?

Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді? Ол қай бөлімде айтылған?

Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?

Мәтіннің әр бөліміне ат қой.

Абайдың үйінде болған заттарды сипаттап айтып бер.

І топ Шаңырақ 3-тапсырма

ІІ топ Кереге 4-тапсырма

ІІІ топ Уықтар 6-тапсырма

Әр топ ым ишарамен көрсетуі тиіс.

Кері байланыс

Баспалдақ әдісі

Әр оқушы сабаққа қатысу деңгейін бағалайды. Өз ойын жазады.


Үйге тапсырма 6-тапсырма 36-бет



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!