Сабақтың тақырыбы: "Отбасы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: "Отбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Баланың отбасы туралы түсінігін кеңейту, мейірімділікке баулу,ой-өрісін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы «Отбасы»

Сабақ мақсаты: Отбасы туралы білімдерін жүйелеу. Отбасы мүшелерінің міндеттерімен таныстыру,сөйлемдер құрастыруға жаттықтыру.Баланы жанұядағы сыйластыққа,адамгершілікке ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Үлкенді үлгі,кішіні мақтан етуге,отбасының бірлігін сақтап,жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу

Дамытушылық міндеттері:

1.Артикуляциялық жаттығуларды меңгерту.Тыныс алуын дамыту.

2.Ұсақ- қол моторикасын дамыту.

3.Сөздік қорын толықтыру.

4. Ойлау қабілетін арттыру.

Көрнеілік: айна,артикуляциялық жаттығулардың суреттері,отбасы суреті.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Баламен амандасу. Көңіл -күйін сұрау.

Негізгі бөлім:

Тыныс алу жаттығуларын орындау:

«Көбелекті гүлден ұшырамыз» , «Мақта үрлеу»

Артикуляциялық жаттығулар:

«Сағат», «Ат шауып келеді», «Алтыбақан», «Фудбол».

Ең кішісі кім?

Дидактикалық ойын: «Кім болып есептеледі?»

Әке мен ана ата мен әжеге кім болады? (Ұлы мен келіні)

Ата мен әжеге ұл мен қыз кім болады? (Немере )

Ұл қызға кім болады?( Аға,іні)

Қыз ұлға кім болады?( Апке,қарындас)

Олардың бәрі бір отбасында тұрады,әрі жақын адамдар.

Сенің әкең кім болып жұмыс істейді ? Анаң ше?

Ата мен әже не істейді?

Үлкендерге қалай көмектесесіңдер?

Сергіту сәті:

Бас бармағым -әкем,

Балаң үйрек- шешем

Ортақ тірек- ағам,

Шылдыр шүмек- апам,

Кішкентай бөбек -мен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Сабақ қорытындысы :

Ата -ананың есімін,қызметін біліп келу. Өз отбасы туралы сөйлем құрастыру.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.10.2020
3146
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі