Материалдар / Сабақтың тақырыбы Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақтың тақырыбы Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті

Материал туралы қысқаша түсінік
география 3-тоқсан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
1799
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



13.01.2021ж. 11-сынып

Сабақтың тақырыбы Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті



Сенің білетінің:

  • Қазақстан аймақтарының шаруашылық салалары мен аумақтық құрылымы.

Сенің меңгеретінің:

  • шаруашылық салаларының салалық және аумақтық құрылымдарын салыстыру.

Сабақтың мазмұны

  • Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті

Өңдеуші өнеркәсіп салаларына қара және түсті металлургия, машина мен жабдықтар жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдері жатады. Ел экономикасының дамуында машина жасау кешенінің дамуы өндірісті, шаруашылықты индустрияландырады.

Елімізде жақын уақыттарға дейін металл сынықтарын, қалдықтарын көршілес елдерге экспортқа шығарып келгенімен соңғы жылдары қайта өңдеу қолға алынып, негізгі табыс көзіне айналып отыр. Қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуына елдер арасындағы интеграциялық одақ пен индустрияландырудың ықпалы жоғары. Нәтижесінде өнім шығарылымы 1,4 есе, еңбек өнімділігі 1,3 есе артты. Өңдеуші және қайта өңдеуші өнеркәсіптің экономика мен қоршаған орта тазалығы үшін маңызы жоғары. Сонымен қатар кен орындарына деген тәуелділікті азайтып, аз шығын жұмсап, өнімнің өзіндік құны төмен болады.

Ішкі нарығын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мақсатында Шымкент, Павлодар және Атырау қалаларында мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Дамыған өңдеуші өнеркәсіп саласы – негізгі химия (сары фосфор, қышқылдар мен тыңайтқыштар). Басқа салалар өте төмен дәрежеде. Мысалы, ЖІӨ үлесінде машина жасау 3%, жеңіл өнеркәсіп 1% шамасында ғана. Әлемдік экономикада еліміздің өңдеуші өнеркәсібінің төмен болуына мынадай факторлар әсер етеді:

  1. ғылыми-зерттеу жұмыстарына қаржының өте аз бөлінуі;

  2. сыртқы саудада алыпсатарлық сауда маңызды орынға ие;

  3. бәсекелестікпен дамығанның орнына мұнай саудасынан түскен табыспен экономиканы көтеруге басымдық береді.

Шаруашылықтың түрлі салаларымен салыстырғанда ауыл шаруашылығы – еңбек өнімділігі ең төменгі сала. Ал ең жоғары сала – өнеркәсіп.

Дамыған елдермен салыстырғанда өңдеуші сала деңгейі өте төмен. Атап айтқанда, химия өнеркәсібі бойынша АҚШ пен Еуропадан 100 – 120 есе артта қалып келеді, ғылымды көп қажет ететін электроника, станок жасау салалары елде мүлде жоқ, автомобиль шығаруда тек соңғы жылдары құрастыру қолға алынып келеді.

Ел, аймақ экономикасында ЖІӨ-ге өз үлесін қосып отырған елімізде бірнеше өңдеуші кәсіпорын бар. Мысалы, Алматыда төменгі вольтты аппаратура, Талдықорғанда аккумулятор, Өскеменде «Азия-Авто», Павлодарда трактор, Ақтөбеде рентген аппаратуралары, Қарағандыда шахтаға қажет құрал-жабдықтар шығаратын зауыттар орналасқан.

Химия өнеркәсібі саласындағы ең ірі өңдеуші кәсіпорындарына Шымкент қаласындағы химфарм, Тараз қаласындағы суперфосфат және Атырау қаласындағы полиэтилен құбырлар зауытын атап өтуге болады.

Қазақстанда экономикалық аудандар бойынша өңдеуші өнеркәсіп салалары әркелкі таралған. Атап айтқанда, Шығыста машина жасау, түсті металлургия, Батыста мұнай-газ өңдеу мен медициналық құралдар жасау, Орталықта жалғыз толық циклді металлургиялық комбинат жұмыс істейді. Ал Оңтүстікте жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тоқыма, ағаш өңдеу дамыса, Солтүстік экономикалық ауданда ұн тарту, алюминий оксидін шығару қолға алынған.

Еліміздегі қара металлургияның ең негізгі орталығы Теміртау қаласында орналасқан. Ал Ақсу мен Ақтөбе қалаларында ферроқорытпа зауыты жұмыс істейді. ШҚО жерлері минералды шикізат базасына, арзан электр энергиясы мен отын көздеріне жақын болғандықтан аймақта машина, автомобиль жасау зауыттары жиі шоғырланған. Бұл сала металлургияны көп қажет етеді.

Жеңіл өнеркәсіптің таралу географиясы әртүрлі. Шымкент қаласы мен Түркістан облыстарында мақта тазалау, мата-мақта мен аяқ киім шығарылса, Алматы облысында жүн жуу, тігін мен былғары дамыған. Ал Қостанай облысында пима, былғары, шұлық өнімдері дамыса, Қарағанды облысында тігін, тоқыма, биязы жүнді қой шаруашылықтары бар. Еліміздегі ағаш қорының 90%-ы ШҚО мен СҚО-да орналасқан. Ал ағаштарды өңдеудің 3/4 бөлігі Алматы мен ШҚО-да орналасқанымен, жиһаз жасаудың негізгі орталықтары Алматы, Қарағанды, Павлодар және Өскемен қалаларында орналасқан.

Еліміз көрші елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынас жасағанда Өзбекстанға бидай мен ұн, түсті металлургия өнімдерін экспорттап, оңтүстік өңір үшін газ импорттайды, Қырғызстанға отын-энергетика шикізаттарын экспорттап, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін алады, Қытайға отын мен кен, түсті металлургия өнімдерін экспорттап, машиналар мен құрал-жабдықтар алады.

Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті

Жауабын жасыру

Өңдеуші өнеркәсіп салалары тізімінен бұрыс жауапты анықта.

қара және түсті металлургия

ағаш дайындау мен энергетикалық шикізат

машина мен жабдықтар жасау

жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдері

Білгенің жөн!

Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауылшаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды біріктіретін аса маңызды саласы.

Түсіндіру

Өңдеуші өнеркәсіп салаларына қара және түсті металлургия, машина мен жабдықтар жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдері жатады.


Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті

Жауабын жасыру

Өңдеуші өнеркәсіпте машина жасау кешенінің экономика салаларындағы салыстырмалы тиімділігін (артықшылығын) анықта.

ауыл шаруашылығын дамытады

өндіріс салаларын біріктіреді

жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді

өндірісті индустрияландырады

Білгенің жөн!

Машина жасау кешенінің дамуы шаруашылықтың барлық саласында еңбек өнімділі мен тиімділікті арттырады.

Түсіндіру

Ел экономикасының дамуында машина жасау кешенінің дамуы өндірісті, шаруашылықты индустрияландырады.

Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті

Жауабын жасыру

Аймақ экономикасының негізгі табыс көздері болып саналатын өңдеуші өнеркәсіп салаларын қалалармен дұрыс сәйкестендір.

  • Алматы

  • Талдықорған

  • Өскемен

  • Павлодар

  • Ақтөбе

  • Қарағанды

  • Трактор зауыты, алюминий зауыты

  • Шахтаға қажет құрал-жабдықтар

  • Рентген аппаратуралар зауыты

  • Аккумулятор зауыты

  • Төменгі вольтты аппаратура, телледидар құрастыру

  • «Азия-Авто» зауыты, монеталар сарайы

Білгенің жөн!

Машина, құрал-жабдықтар жасайтын кәсіпорындар мен зауыттардың орналасу факторы тұтынушыға, шикізатқа, қажеттілікке, мамандануына, сұранысқа сай орналастырылады.

Түсіндіру

Ел, аймақ экономикасында ЖІӨ-ге өз үлесін қосып отырған елімізде бірнеше өңдеуші кәсіпорын бар. Мысалы, Алматыда төменгі вольтты аппаратура, Талдықорғанда аккумулятор, Өскеменде «Азия-Авто», Павлодарда трактор, Ақтөбеде рентген аппаратуралары, Қарағандыда шахтаға қажет құрал-жабдықтар шығаратын зауыттар орналасқан.








11-сынып.11.01.2021.

Сабақ тақырыбы Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті

Сенің білетінің:

  • Қазақстан аймақтарының шаруашылық салалары мен аумақтық құрылымы.

Сенің меңгеретінің:

  • шаруашылық салаларының салалық және аумақтық құрылымдарын салыстыру.

Сабақтың мазмұны

  • Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті

  • Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті

  • Әрбір елдің экономикасы функционалдық секторларға бөліп қарастырылады. Еліміздің экономика салаларын төрт деңгейге бөліп қарастырамыз. Ең бірінші деңгейге табиғатты пайдаланатын бастапқы салалар жатады. Оған өсімдік, мал (балық шаруашылығы қоса), орман, тау-кен салалары жатады. Бұл салада еліміздің ауыл шаруашылығынан түсетін табыс 3 трлн теңгеге жақын болғанымен, ЖІӨ-дегі үлесі 4,5%. Еліміздің ауыл шаруашылығы мен тау-кен саласы әлі күнге дейін экстенсивті (сандық) даму жолынан толығымен шыға алмай отыр.

  • Экономикада географиялық еңбек бөлінісінен мамандану келіп шығады. Ауыл шаруашылығындағы мамандану ең алдымен тікелей климаттық көрсеткіштерге, су көздерімен қамтамасыз етілуіне байланысты. Климаттық жағдайларға байланысты Солтүстік Қазақстан бидай, арпа, картоп өсіруге маманданса, Шығыс Қазақстан облысы қарақұмық, картоп, арпа мен күнбағыс өсіруге маманданған. Ал Алматы облысы жүгері мен жеміс өсірсе, Қызылорда негізінен күріш өсіруге маманданған.

  • Экономикалық аудандар ретінде бөліп қарастырсақ:

  • - Шығыс Қазақстан – жылқы, биязы жүнді қой, марал, омарта;

  • - Батыс Қазақстан – түйе, қой, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер;

  • - Орталық Қазақстан – солтүстік қолайлы бөліктерінде дәнді, техникалық дақылдар, оңтүстігінде тек қой шаруашылығы;

  • - Оңтүстік Қазақстан – бау-бақша, талшықты дақылдар, көкөніс;

  • - Солтүстік Қазақстан – дәнді дақылдар, қарақұмық, күнбағыс, етті-сүтті ірі қара.

  • Пайдалы тау-кен қазбаларының таралуы. Орталық Қазақстанда пайдалы қазбаларды игерудегі ең басты қиындық – су ресурстарының жетіспеушілігі. Сонда да мыс пен марганец кендерін өндіру бойынша орталық алдыңғы орында. Ал шығыста су ресурстары толық жеткілікті. Еліміздегі ең көне (ескі) металлургиялық база осы шығыста орналасқан. Одан кейін солтүстік пен орталық аудандарда тау-кен өнеркәсібі дамыған.

  • Еліміздің облыстарында мал түрлері мен санының әркелкі болуына әсер етуші басты факторларға халықтың ұлттық құрамы мен діни түсінігі, климаттық көрсеткіштерінің қолайлылығы мен азықтық дақылдардың болуы жатады.

  • Жерінің аумағына жалпы орманның ауданын есептегенде ормандылық көрсеткіші ең жоғары аймаққа Оңтүстік Қазақстан, ал ең төмен аймаққа Орталық Қазақстан жатады.

  • Елімізде балық шаруашылығы Каспий, Балқаш, Зайсан, Алакөл көлдерінде жақсы дамыған. Ал бұғы мен омарта шаруашылығы Алтай тауында болса, жібек құртын Түркістан облысында өсіріледі. Алматы облысы құс, Маңғыстау облысы түйе шаруашылығына маманданған. Ал шошқа шаруашылығы негізінен солтүстік ауданда, ірі қара мен қой Түркістан облысында ең тығыз орналасқан.

  • Қостанай, Ақмола және СҚО-да астық шаруашылығы жоғары дамыған. Ал бақша өсіру Түркістан, егіншілікпен жалпы шұғылдану Алматы облыстарында кең таралған.

  • Елімізде ауылшаруашылық өнімдерінің өндірілуінде Түркістан, Алматы облыстары көш бастап тұр, ал Маңғыстау мен Атырау облыстары ең төменгі көрсеткіштерге ие. Дегенмен аймақтың мамандануы оның халық саны мен өзін-өзі қамтамасыз етуінде де екендігін естен шығармаған дұрыс.

  • Қазақстан геоэкономикасының сыртқы саудасында экономикалық байланыстары бойынша ауыл шаруашылығында қатты бидай экспортында Орталық Азия елдері ішінде көшбасшы, ұн экспортында әлемде 1 мен 2-орындарды иеленеді. Ал Оңтүстік Қазақстандағы бау-бақша өнімдерін негізінен Ресейге экспорттап, ЖІӨ-ге өз үлесін қосады.

  • Сандық статистикалық ақпаратқа салыстырмалы талдау жасағанда еліміз әлемде жан басына шаққанда өзінің минералдық ресурстары мен агроклиматтық жағдайлары бойынша жоғары потенциалға ие екендігі көрінеді. Бірақ егістік жерлер мен тау-кен өнеркәсібі экономиканың локомотиві болып табылмайтындығын ескеру қажет.

  • Жаһандану дәуірі кезеңінде экономиканың 1-секторында қайта құруларды жүзеге асыру қажет. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын автоматтандыру, интенсивті дамуға көшу, қоршаған ортаға мейлінше аз зиян келтіріп, тау-кен жұмыстарын жүргізу және тек шикізат өндіруші статусын өзгертіп, өңдеу саласына басымдық беру.

  • Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті

  • Жауабын жасыру

1.Қазақстан экономикасының ең бірінші деңгейін анықта.

  • өңдеуші және қайта өңдеуші өнеркәсіп

  • табиғатты пайдаланатын бастапқы салалар

  • қызмет көрсету, көлік, сауда, байланыс

  • басқару және ғылым

  • Білгенің жөн!

  • Экономика деңгейлері уақыт өте, ғылым мен техниканың жетілуінің нәтижесінде түрлі сатыларға күрделене береді.

  • Түсіндіру

  • Экономика салаларын төрт деңгейге бөліп қарастырамыз. Ең бірінші деңгейге табиғатты пайдаланатын бастапқы салалар жатады.

  • Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті

  • Жауабын жасыру

2.Еліміздің ЖІӨ-дегі ауылшаруашылық (орман мен балық шаруашылығын қоса алғанда) саласының үлесін анықта.

  • 4,5%

  • 27,5%

  • 16,2%

  • 55,5%

  • Білгенің жөн!

  • Ауыл шаруашылығында қызмет ететін жұмыскерлер саны 2 млн-нан асқанымен, ЖІӨ-дегі үлесі төмен. Негізгі себеп өнімдер тек тұтынумен ғана шектеліп отыр.

  • Түсіндіру

  • Еліміздің ауыл шаруашылығынан түсетін табыс 3 трлн теңгеге жақын болғанымен ЖІӨ-дегі үлесі 4,5%.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!