жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақтың тақырыбы: «Шақан-Шері»романы.Сары құмның шапқыны
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы «№27 орта мектеп-гимназия» КММ
Қысқа мерзімді
сабақ жоспары |
қазақ әдебиеті |
Тоқсан: |
ІІІ |
Бөлім: |
III БӨЛІМ. Аңызбен өрілген көркемсөз |
Педагогтің аты-жөні: |
Джадирова Жанар Джамбуловна |
Күні: |
21.01.2025 |
Сынып: 10 |
Қатысушылар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
«Шақан-Шері»романы.Сары құмның шапқыны |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; 10.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы айқындау; |
Сабақтың мақсаты: |
Шығарма кейіпкерлеріне талдау жасайды. Авторлық суреттеулерді анықтайды; авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды; |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы 3 мин Қызығушылықты ояту. 5 мин. |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасамын, түгендеймін. Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйіміз қандай? Сыныпта бүгін кім жоқ? Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбымен, мақсатын таныстырамын.
|
Оқушылар сәлемдеседі. Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға нақты жауап береді. Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады және сабақ мақсатымен танысады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
Дескриптор: Үзіндіде көтерілген мәселелерді анық көрсетеді; 1 балл |
Оқулық авторлары: С.Тұрсынғалиева, Г.Рыскелдиева «Арман-ПВ» баспасы 2019 жұмыс дәптерлері. |
|||||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 30 мин. |
1-тапсырма. «Кейіпкерді зерттеу» Оқушылар шағын топтарда шығармадан алынған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, зерттеу тапсырмаларымен жұмыс жасайды. 1.Жазушының кейіпкерді суреттеуі, 2.Кейіпкердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі, 3. Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер; 4.Кейіпкердің екіге бөлінуі, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы; Оқушылар тапсырма соңында шығарма кейіпкеріне жауап жазулары керек. Олар кейіпкердің ойын, сезімін « ақыл-ой картасына» салады. |
Оқушылар шағын топтарда шығармадан алынған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, зерттеу тапсырмаларымен жұмыс жасайды. |
Десприптор: 2 балл
|
Слайд |
|||||
|
2-тапсырма. Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындаңдар. 1-үзінді – Қандай жақсы!.. –деді Шақан керіле есінеп. – қоқаңдаған, дікіңдеген ешкім жоқ. Тып-тыныш. Дұрыс болды, өңшең шуылдақтан бөліне көшкенім. Рахат. Иен қамыс, кең дала... Бәрі жақсы, – деді Шақан. – Өте дұрыс болды, қайрылмай тартып кеткенім. Өзім би, өзім қожа. Атам көрмеген қорлыққа мен неге көнем? Атам кимеген ноқтаға неге мен бас сұғам? Дұрыс. Бәрі дұрыс. Қайдам, – деді Ажар күрсініп. – Төңірек түгел қамыс... Тоғайдан қалың... 2-үзінді – Бұл шеріде диюдың күші, жынның жылдамдығы бар, – деді жұрт жайланған соң. – Ерлігі мен мәрттігі адамда жоқ. Бірақ өз бетімен тимейді ғой ешкімге. Орманның иесі, қамыстың қожасы. Арғы заманда бұл өңірде арыстан да мол болған екен. Аң патшасы деп аңыз қыламыз ғой. Сол айбынды арыстанды қазақ жерінен айдап тастаған – осы жолбарыс екен. Ханның қаhарынан батырдың қайраты басым түскені сияқты. Енді, міне...Батыр барымташыға айналды. Адам азғанда аң қайтпек. Ана Жалтақ Жантайдың кісі етін жеген жыртқыштан айырмасы қанша... (21-б.) 3-үзінді – Құдайым адамға өзгеше бір туыс берген... – Құба-мерген қайтадан көтерілді. – Қайраты кем болар, қажыры артық. Айласы кем болар, ақылы артық. Аңның тісі мен тырнағы ғана бар. Сенің бойыңда бес қару. Алыстан атасың, жақыннан шабасың. Күш пен құрал, парасат пен амал өз алдына, адаммен айбар таластырар махұлық жоқ. Мен отыз жыл жолбарыс ауладым. Кісінің қаhарынан ықпайтын жыртқыш көрмедім. Адамның аруағы асқар таудан да биік. Ойлап тұрсаң, хайуанат атаулы жан үшін, тамақ үшін алысады, ал кісі ұлының керегі басқа. Пенденің қасиеті де, қасіреті де осында болса керек. (21-б.) 4-үзінді Намыс қиын. Жігіттің намысы ғана емес. Рулы ел намысы. «Алаштың алтын туын көтердік деп мақтанатын Шапырашты, Саурық батыр өлген соң шілдің тезегіндей тозды». Бұл рас. Елге сыйлы ердің жалғыз тұяғы еді, қыстаудан қуып, қоныстан аластады, торғай пана тұтар бұта құрлы болмады». Мұнысы былай... не артық; қорғауға қауқары жетпегені хақ, түре қуған ешкім жоқ. Шатақ шығарған, ағайынға өкпелеп, ауа көшкен Шақанның өзі. «Інін құм көмген тышқандай көрінгенге жем болып жатыр. Бәрі жабылып бір тарғыл мысыққа шамасы келмеді». Бұл – жан төзбес қорлық. Сүйекпен кетер сөз. Рас, әзір ешкім айтқан жоқ. Бірақ айтады. Кешегі, кісі жеген жолбарысты тірі жіберсе. Тым құрыса, қорқытып, үркітіп, осы өңірден аластамаса. (25-б.) 5-үзінді – Ел айтады. – Бозбала аттан түсіп, Шақанның қасына келді. Көксауыр саптама етік, оқалы сары тон киген нәзік бітімді жас екен. Үлбіреген дөңгелек жүз, жапақтаған үлкен қара көз. Бетінің ұшы шыққан күнмен лыпи қызарып, қорғаншақтап тұрып қалды. – Ел айтады, – деді сосын ұзын, қайқы кірпіктерін тура қадап. – Шақан кеше Қоқанды Алатаудан асыра қуған, ханның өзі қайырылып кеңес сұраған Саурық батырдың немере інісі екен дейді. Ағасы жаудан арманда өлген соң, елін аздырған, жерін сатқан жуандардың қорлық, зорлығына шыдамай, жапан түзде жалғыз жортар жолбарысқа айналып кетіпті дейді. Күндіз – адам, түнде – жолбарыс... Шақан шері!.. Бірақ мен сенбеймін. Әкем айтады: үстіндегі киімі тегіс жолбарыс терісі екен дейді, киім тапшылығынан немесе сән үшін емес, ау кезінде оңайлықпен көзге шалынбас үшін. Жұрттың айтып жүргені сол дейді. Өткен жылы, жоқ, алдыңғы жылы, мен онда әлі кішкентаймын, біреулер көріпті сізді. Әкем іздетті, – таба алмай қалды. Біздің бір жылқышы ізіңізге түскен екен, кәдімгі адамның ізі дейді, содан күн ұзақ жүріпті, сосын кешке қарай... – бозбала Шақанның жел қағып, аяз сорған қызыл шырайлы жүзіне қадала қарап сәл бөгелді, – кешке қарай әлгі адам өз-өзінен жоғалып, жолбарыс ізіне айналып кетіпті... (70-б.) 6-үзінді «Мені елден айырған»... Кенет өзін осы жолға түсірген жалмауыз жолбарыс көз алдына келді. Балаға шапқан, әйелді шайнаған кезі емес. Өлім сәті. Өлгеннен соңғы, бұтарлап шабылған сәті. Артқы аяққа шор болып байланған қорғасын оқ. «Жолбарыс өз бетімен кісіге тимейді». Құба-мерген айтқан. Қара батыр айтқан. Атабек ақсақал айтқан. Өзі де көрді. Сонда, жалмауыз кек қуғаны ма? Бір кісіден көрген жапасын бар адамға артқан. Жүрген ізін қанды соқпаққа айналдырған. Бұл да қазаға ұшырады. Қорғасын оқ емес, тас қайғы – екі бірдей қаза жүрек басына түйіртпектеліп жабысты. Бір жыртқыштың кінәсін тарғыл тонды барлық шеріге артыпты. Сонда не тапты? Кек... Кегі аңда емес, адамда болуы тиіс екен. Елден аң емес, адам айырыпты...
|
Оқушылар шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды. |
Дескриптор Жалпы 3 балл
|
|
|||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин.
|
Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісін сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын білу үшін қолданамын. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі Бүгін мен…………………. білдім …………….. қызықты болды. …………………….. қиын болды. . ……………. тапсырманы мен орындадым. …………………. түсіндім. Мен енді………………….. білемін. Мен………………………….сезіндім Мен………………………………. білім алдым. Мен………………………………….. үйрендім. . ………………………. менің қолымнан келді. Мен……………………………….. жасай алдым Мен……………………………… жасап көруге талпынамын. ……………… мені таң қалдырды. Сабақ менің өміріме….. берді. Менің…………. жасағым келді. Үйге тапсырма: «Шақан-Шері» романын оқып келу
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
|
М. Мағауиннің «Шақан-шері» романының үзіндісі мен М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасының үзіндісін оқыңдар. Шақан-шері (үзінді) Тек бір жолы ғана тірі шөнжікке ұшырасты. Су жағасында, тал түбінде бұратылып жатыр екен. Шақан кәміл таныды. Қара жолағы аз, өте енсіз, қызыл сарыдан қоңыр күреңге бейім, өзгеше тұрпатты шөнжік. Сақина белдеулі шұп-шұбар құйрығы осыдан он шақты күн бұрын кесіліп еді. Қызыл шөнжік басын әрең көтеріп, сүйретіле қашпақ болды. Қолға алғанда қоқақтап аузын ашып, тістеуге, тыпырлай бұлқынып, тырнауға әрекеттенді. Шақан осының алдында ғана ұрып алған қырғауылдың ішін жарып, бауыр, жүрегін алып беріп еді. Ертеңіне тастап кетуге қимады. Мойнына жіп тағып, жетектеп алған. Апта бойы қасына ертіп жүрді. Әбден тойғызды. Бірақ өлтіре салуға қолы батпаған. Асырап алсам ба деген ой келіп еді. Тез жеріді. Жетекте жүрсе де жұғысар емес. Тамақты қолдан жемейді. Әліне қарамай, алыса кетуге бейім. Жарайды, үйренсін. Сонда қайтеді мұны? Жүгірген ит емес. Мінетін ат емес. Босатып қоя берген. Бірақ жетім шөнжік соңынан қалмады. Ерген де отырған. Күн емес. Апта емес. Ай бойы. Із қуып арттан жүреді. Баспалап алыста жатады. Орағытып алдан шығады. Қайткенде тым тақау келмейді. Ұзап та кетпейді. Шақан өткен жолына, ерулеген, қонған жеріне жем тастауды әдетке айналдырды. Ал күзге жақын Іле жағасындағы бітеу қамыс ішінен дөкей қабан атып берді. Бұл – қоштасқаны еді. Шөнжік мол етке еріксіз аялдамақ. Өзінің анасын өлтірген, енді амалсыз асыраушыға айналған Шақаннан көз жазбақ. Ар жағы... әрине, аштық, өлім. Екі-үш күн бойы бүйрек-бауыры шымырлап, ұйқысы бұзылды. Қызыл шөнжік көз алдынан кетпей қойған. Тағы бір жыртқыштың көзін жойған жаңа айқастан соң ғана тыншыды. Бірақ ұмытпапты. Арада... қаншама заман өткен соң, желтоқсандағы алғашқы сонарда із кесті. Бедерлі, салмақты, дөп-дөңгелек. Толысқан арлан ізі. Көп ұзамай қуып жеткен. Тарғылы жоққа тән, тайдай қызыл шері. Жұқа, күпсек қар үстінде керіле басып, салпаңдай аяңдап барады... Арлан қалт тоқтады. Көлденеңдей бере, созылып тұра қалған. Сол кезде көрді. Құйрығы шолақ екен. Шақан... Қорбаңдай ұмтылып, ашыққа шықты. Шолақ жолбарыс кеудеге ұрғандай шегіншектей бере шабынып, ар ете түскен. Сабау құйрығы шолтаңдап, бүйірін қамшылап, қар шаша етпеттеген. Адамнан ығар түрі көрінбейді. Аралық жақын болса, бөгелмей атылатындай. Қазір де тұра ұмтылуға шақ жатыр. Шақан тағы бірнеше қадам басты. Қызыл шері жылмия арылдаған қалпы орнынан көтеріле берген. Дәл осы сәтте жойқын мылтық та тарс атылды. Қарсы алдындағы көбік қар бұрқ еткен, жолбарыс секіре тұрып, ытқи қашты. Көздегені қате кетпеген Шақан өмірінде бірінші рет мүлт басыпты. Бірақ өкінген жоқ. Қуанған да жоқ. Таңырқаған. Өзінің мүлт ұрғанына емес. Баяғы жетім шөнжіктің тірі қалғанына. Әлде тәңірі асырады. Әлде ұялас үйір тапты. Қайткенде де, кешегі дәрменсіз, добал шөнжік бүгін қайратты, келбетті жыртқышқа айналған. Әккі, қу. Бәлкім, ағайындарының бәрінен қатерлі. Шақан қызыл шолақ шеріні бұдан соң ұшыратпады. Тек осы жолы... құмға бет бұрған кезінде бір түйткіл тапқан. Ізіне түскен жолбарысы жатып, тыныстаған жерде құм бетінен доға сызық көріп еді. Шолақ құйрық таңбасы. Көре, біле тұра нық сенбеді. Қалай сенсін. Одан бері қаншама заман. Тіпті, қыстың қыраулы күндерінің бірінде шолақ шерімен кездейсоқ ұшырасқан суреттің өзі күңгірт. Еміс елеске, бұлдыр ертегіге айналған. Енді, міне... бар екен. Рас екен. Әуелі енесінен айырған. Содан соң шолтитып құйрығын кескен. Кейін ақ қарда қақ басынан көздеп атқан. Кеше құмда ізіне түскен. Жаңа ғана бетпе-бет келді. Қызыл жолбарыстың, тоғайдағы, қамыстағы, құмдағы бар шерінің есесі түгенделетін сәт туды. Бір-ақ тарпитын еді. Оп-оңай боршалайтын еді. Тарпымады. Боршаламады. Таныды... Таныды... Есіне түсті... Көп қиянаты емес, аз ғана жақсылығы. Дәмнен аттамады. Дәті бармады. Дұшпандығын біле тұра кеңшілік жасады. Жығылған жаудың кеудесінен түсті де жүре берді... Әлде... адам емес, аруақ екенін көрді ме... Көксерек (үзінді) Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды. Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертенді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш – итаяқ әзір болды. Баурын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Үй ішінен шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады. Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді. Семіріп жонданғандай да болды. Бірақ үлкейісі даладағыдай емес, бәсендеу. Ауылдағы өзі құрбы күшіктерден сонша үлкен емес... ...Түске жақын мезгіл еді. Жота-жотадан қарауыл салды. Желге тұмсығын төсеп, белгілі иіс күтті. Алыстан таныс иіс келіп, мұрнына жетті. Маңайға жалт-жалт қарап алып, қырдан-қырды, адырдан-адырды кезіп отырып, күнбатысқа қарай шырқап салды. Көп іздеді. Аяғында, күн кешке жақындағанда, бір жотаның басында шошайған аттылы қойшыны көрді. Айналасында, сол төбенің бетінде қой шашылып жайылып жүр. Теріп жеуге шашқан шашудай. Бірақ жақында ауыл бар. Алыстан ағындап бет түзеді. Жалғыз-ақ қарасын көріп қалған қойшы айғайды салып, бұған қарсы шапты. Қойшы үлкен емес, бала даусы шошытпайды. Қой дүркіреп үркіп, қойшыға қарай қашты. Қасқыр жақындап, бір қызыл қойға ауызды салғалы ентелеп келіп қалып еді, бағанадан айғайлап келе жатқан қойшы қасына кеп қалыпты. Еріксіз жалтарып бұрыла беріп еді, қойшы бастырып қуып жөнелді. Бой салып қорқып қашқан жоқ. Содан ба, болмаса тегі жүйрік пе, әйтеуір боз ат бастырмалатып жетіп келіп, Көксеректің жотасына жеңіл ағаш сарт етіп тиіп қалды. Сол-ақ екен, қарсы бұрылып алып, аттыға қарай "арс!" етіп шапшып қалды. Арандай ашылған ауыз бірдемені жұлып түспек еді. Ыңғайына бала тонының өңірі ілінді. Соны бөксеріп жұлып түскенде, боз ат осқырып атқып кетті. Баланың шошыған айғайы шықты. Қасқыр артына айналып тап бергенде, мөңкіп жүрген боздан бала аударылып құлап түсті. Көксеректе кәзірде бұрын ешқашан білінбеген долылық, жайындық бар еді. Туғаннан бергі барлық көресі осыдан — екі аяқтыдан дегендей, жығылып домалап жатқан балаға тап берді. Оқыс секіргенде, санының жарасы ашылып, тыз етіп ашып қалып еді. Ол бұрынғыдан жаман ызаландырып, құтыртқандай. Боз ұзап қашып кетті. Қой да жоқ. Екпіндеп секіріп, ырылдап кеп баланы бас салды. Бұл бала Құрмаш еді. Қойшы ауырып қалып, әкесі бір күнге қойға жіберген еді. Астына мінгені өзінің жүйрік боз дөнені болатын. Үстіне гүрілдеп қасқыр төніп келгенде, көзі бір ашылып, бір жұмылады. Басына таман арандай ашылып келе жатқан ауыздың жоғарғы жағында өзіне таныс құлақ көрінді. Сол жақтағы тілік құлақтың жартысы салпылдап тұр. Ақырғы сезген-білгені — сол... Содан әрі баланың үні өшті. Қасқырдың аузы тиместен бұрын өліп кетті. Көксерек ырылдап тұрып, тісінің ұшымен қағып жұлып алып, басын шайқап өткенде, баланың бір жақ көзін қопарып алып кетті. Жүріп бара жатып, қылғып салды... Түнде баланың өлігін тауып алысты. Жанында тайдың ізіндей болып, үлкен қасқырдың ізі жатыр екен. 2-тапсырма М. Мағауиннің «Шақан-шері» романының үзіндісі мен М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасының үзіндісіндегі кейіпкерлерді салыстырыңыздар.
|
|
|
2-тапсырма:
«Шақан шері» романымен «Көксерек» әңгімесін салыстырыңдар.
Мысалы:
«Шақан шері» |
«Көксерек» |
Шығарма фабуласы |
|
|
|
Тақырыбы |
|
|
|
Көтерілген мәселе |
|
|
|
Мәселенің туындау себебі |
|
|
|
Табиғатқа жасалған қиянат |
|
|
|
Тобықты елі мен Қаржас елі арасында жер дауы шығып, оның аяғы үш-төрт жылға созылыпты. Айтылған бітімге екі жағы келісе алмай наразы болып, жоғары жаққа шағынып, билікті бұздыра беріпті. Сөйтіп бұл дау төтенше съезге түсіпті. Сиезде тобықтылар атынан Құнанбай би, Қаржас жағынан Шорманның Мұсасы сөз сайысына түсіпті. Екі би біраз салғыласып, бір бітімге келе алмапты. Мұса кезекті бір сөзінде: "Менің ата-бабама бақыт қонған, біздің мәртебеміз биік, салмағымыз басым, байтақ жатқан елім бай, көкорай шалғын жерім бар, шалқып жаткан көлім бар..." - деп, өзінің байлығын термелеп, мақтана беріпті. Сонда Құнанбай оған былай депті: Пұт болдым деп мақтанба, Пұттан ауыр батпан бар. Биікпін деп мақтанба, Асқар-асқар таулар бар. Ар жағында аспан бар. Басыма бақыт қонды деп, Тосылмаймын енді деп, Алдаушы жалған дүниеге, Ғалып болып азбаңдар, Қарсы келген дұшпаның, |
Басын келіп изесе, Оған да қыл бостандық,
Аяққа салып баспаңдар.
Бақ тайса ажарыңа қарамайды,
Біреуді біреу сырттан табалайды,
Басыңа қарапайым бір іс түссе,
Қылды деп білместікпен шамалайды.
"Адам басы алланың добы" деген,
Дәм тартса әр тарапқа домалайды.
"Бөрекелді, Құнекең тауып айтты", - депті ел.
Көркемдегіш құралдар:
1.
2.
3.
4. Мәтін идеясын анықтаңыз, көркемдегіщ құралдардың мәтін идеясымен байланысын талдаңыз.
-
2-тапсырма. 1. Шығарманың бөлімінен қоршаған ортаны, айналаны сипаттауды тауып белгілеңіз.
2) Берілген бөлім
бойынша кейіпкерді сипаттауларды (портрет, мінезі, әрекеті) тауып
жазыңыз.
«Шaқaн-Шерi» рoмaны экoлoгияны қoрғaуғa aт caлыcып жaзғaн ең үздiк шығaрмaлaрының бiрi. Рoмaнның ерекшелiгi – Шaқaн мен жoлбaрыc oбрaздaрын бaйлaныcтырa cуреттеу aрқылы aдaм мен тaбиғaт aрacындaғы бaйлaныcтың үзiлуiн көрcетедi. Қaзaқ хaлқының тaмырлaрынa көз caлcaқ, қacқыр ұғымын ұлықтaу рәciмi көне түркi жұртындa ерекше oрын aлғaнын бiлемiз. Түркiлер көк бөрiден тaрaйды дейтiн түciнiк кең тaрaғaн. «Шaқaн-Шерiдегi» жoлбaрыc – еркiндiктiң, тәуелciздiктiң белгici. Бiрaқ қacқыр дa, бұғы дa, жoлбaрыc тa қaншa жерден киелi, acыл caнaлca дa, oлaрғa билiк қылaтын күш – aдaм. «Шaқaн-Шерiдегi» Шaқaнның қaciретi неде? Oл әйелi мен бaлacын жaрып өлтiрген жoлбaрыcқa, жoлбaрыc aтaулығa кек тұтты. Aқыры Aлaтaудaн Бaлқaшқa қaрaй өрiп жүрген aң пaтшacы жoлбaрыcты құртуды мaқcaт етiп, aрмaнынa жеттi. Coңғы жoлбaрыc 1940 жылы өлтiрiлдi. Шaқaнның кегi қaйтты. Бiрaқ бұл aңғa деген кек емеc, aдaмғa деген кек едi. Oның жoлбaрыcты құртуы тaбиғaт aнaның бiр мүшеciн кеciп aлғaндaй бoлды. Aқыр aяғы өзi де жoлбaрыcқa aйнaлып кеттi емеc пе? Cырты caу қaлca дa, iшi өлдi. Oның ocындaй хaлге жеткенiне кiм кiнәлi? Әрине, aдaмдaр кiнәлi. Өзi өмiр cүрген қoғaмының aдaмдaры. Oны елiнен, жерiнен қaшырғaн Жaлтaқ Жaнтaйдың caяcaты едi. Яғни, oның aпaтынa oтaрлaу caяcaтынa, тoтaлитaрлық жүйеге бac ұрғaн қoғaм кiнәлi. Шaқaнның елiнен пaнa тaппaй, қaмыcты мекендi қoныcтaуы әйелi Aйшa мен бaлacы Cәменнен aйырылуы, жoлбaрыcқa кек caқтaп, coның coңындa дaлa кезiп кетуi, өзiне ғaшық бoлып, қocылмaққa ниет бiлдiрген Меңcұлудaн бac тaртып, әкелiк қaмқoрын ұcынып, мұрaгер етпек бoлғaн Aтaбек aқcaқaлдaн дa бac тaртып, aқыр aяғы бoйындaғы Aдaмдық cипaтынaн aйрылуы, кicенге бaрып тұтылуы, бәрi – Шaқaнның ocы қaтiгез қoғaмнaн жaтcынуынaн туғaн cебептер. Oл өз ic-әрекетi aрқылы өз қoғaмынa қaрcы шықты. Шaқaнның aпaты - coл кездегi қaзaқ ұлтының бacындaғы aпaт. Тек coл кездегi қoғaмның ғaнa aпaты емеc, қaзiргi бoлaшaқ қoғaмның aпaты. Cебебi, Шaқaн мен жoлбaрыc жoртқaн Caрышaғaн қaзiргi тaңдa ядрoлық пoлигoнғa aйнaлды. Жoлбaрыcтың oрнынa aдaмзaтты қac-қaғым cәтте құртып жiберетiн қaру пaйдa бoлды. Мiне, нaғыз aпaт ocындa.
ШАҚАН ШЕРІ немесе аңшылық әдебиет бізге
қаншалықты қажет
«Жолбарыс аулау – қазақтың ата дәстүрі,
машықты өнері. Төріне тарғыл жолбарыс ілінбеген үйде найза ұстар ұл
тумайды деген бабаларымыз. Ол заманда ұзын аққан Сыр-Дария, қамысы
қалың Шу бойы қаптаған жыртқыш екен. Ал Іленің етегінде жапырлап
жүрсе керек. Жолбарыс – ерекше киелі мақұлық. Бағзы бір кезде
тәуіптер сүйегін ұнтап дәрі жасайтын, етін қақтап, өтін кептіріп,
майын шыжғырып, ұма безі мен қамшысына дейін кәдеге асыратын. Бұл
шеріде диюдің күші, жынның жылдамдығы
бар…»
Бұл үзінді қазақтың ұлы жазушыларының
бірегейі Мұхтар Мағауиннің «Шақан Шері» романынан алынған. Иә,
қазақ даласында бұрында жолбарыс та, аң патшасы арыстан да мол
болған деседі. Жолбарыстар арыстанның айбатына қарамай, оларды
жерімізден айдап тастаған. Жолбарыстың пысы өте күшті, ақырған
даусын естігенде адамның төбе құйқасы шымырлайды
екен.
Шығармада ең алдымен, жолбарыс, адам жейтін
сойқан ретінде көрсетіледі. Ал бұдан кейін оқиға тұла бойын кек пен
ыза кернеген адам баласының жолбарыс тұқымын құрту мақсатын алға
қоюымен өрби түседі. Шығармада қазақы аңшылық дәстүрдің сан қыры
мен жолбарыс тектілігі анық баяндалады. Адамға өздігінен тиіспейтін
жыртқыштың неліктен кішкене бала мен жас әйелді жегеніне жауап
іздегенде, алдымыздан адамның қастығы
шығады.
Қазақ аңшысы жануарда түйсік қана, ал адамда
ақыл-ой бар, қандай жыртқыш болса да, адамзат баласынан ықпайтын,
қаймықпайтын аң болмайды деген қағиданы ұстанған. Романда
қазақтардың аң аулауда түрлі айла-тәсілді қолдана білгені ерекше
айтылады. Ауға шыққанда киіз үй, күрке пішінінде керегелі тұзақ
құрған немесе уланған жемтікті тастайтын болған, алайда жолбарыстың
бір ерекшелігі, тек жолбарыс қапқан жемтік болмаса – өлекселерді
жемейтіндігі. Қазақ аңшыларының тағы бір керемет қасиеті – аңдардың
орналасу орнын, табиғат құбылыстарын алдын ала болжап, жел
бағытының аңдарға қалай әсер ететінін, ауыл-аймақтың географиялық
ортасын өте жақсы білуі. Және де жолбарыс аулауға шыққанда қаншыры
мен арланын бірден ажыратып, жолбарыс дауысымен шақырып, алдап
қолға түсірген. Басқа аңдар сияқты адам ізін басудан именуді
білмейтін жолбарыс қана екендігін біздің қазақ ертеден-ақ
білген.
Ал енді бұл әдеби шығармадағы аңшы
психологиясына тоқталайық. Жан дегенде жалғыздарын өлтірген
жолбарыс қайта келген түні ол әлі де қорқатын, тарғылмен бетпе-бет
жеке айқасқа түсіп көрмепті. Ал сол түні, өз шаңырағында өзі атқан
қорғасын оқ жыртқыштың сол жақ көзіне тиіп, құлақ шекесін қақырата
тесіп өтті. Содан соң ақ балтамен жуан мойнынан басын шауып
түсірді. Сосын артқы аяғын шапқанда, балтасы бірдеңеге тиіп
кеткендей болып еді, қараса кәдімгі мылтық оғы екен. Артқы аяғында
екі аяқтылар салған таңба қанша уақыт бойы жүрген? Бұрын ұсақ
аңдарды аулап, азық қып жүрген Шақан әйелі мен баласының кегін
арқалап, жолбарыс тұқымын құртуға деген ниеті туындаған осы күннен
бастап, қу, әккі аңшыға айналады. Бұдан кейін Шақанның өшпенділік
кернеген жүрегі мұздай қатып, кішкене әлсіз шөнжіктерді де қырып
салып жүрді. Аңшы психологиясы орманда, түзде жүргенде жануарлар
түйсігімен астасып, тығыз қарым-қатынас орнатты. Мысалы, әр
жануардың дем алысынан, жүрісінен, ізінен қандай жағдайда болғанын,
алда не болатынын болжап, біліп тұрады. Мысалы, қояндар әрлі-берлі
қамсыз шапқылап жүрсе, жолбарыстың жақын маңда болмағаны, тарғыл
шері жүрген жерге қасқырдың жақындамайтыны, қабандардың бейқам
тірлігі жолбарыстың алыста екендігінен хабар беретіні, сауысқанның
саңқылының қай жақтан шыққанына қарап, жыртқыштың қай тұста екенін
білуге болатынын дәл бағамдай алатын. Және жолбарыстың от жағылған
жерге келмейтінін де жақсы білген. Қақ алдынан төніп тұрған үлкен
қатерден тайсалмай, жыртқыштың кеудесіне қанжар сұғуы Шақанның
жолбарыс аулауда шыңдала түскендігін көрсетеді. Аңшы
психологиясының аңшылыққа берілгені сонша, бірнеше жыл бойы адамдар
көзінен тасаланып, адами ортадан оқшаулануы, түр-сипатының да
жолбарысқа келіңкіреп, киген киімі де, кейде төрт аяқтап жүруі де,
жыртқыштан аумай кетуі, жабайылануы – Шақанның әйелі мен баласының
аруақтары алдында берген сертіне деген адалдығы
болатын.
Кейінірек, басты кейіпкер аңшы Шақан
кішкентай шөнжіктерді атпай, құйрығын шолақ етіп кесіп тастап кетіп
жүрді. Алайда, олардың көбісі үлкен аңдарға жем болып немесе аштан
қырылып қалды. Бір күні қыңсылап, жер бауырлап, аштықтан әлсіреген
шөнжікті өзі аулаған құрмен әлдендіріп алды. Кейін мойнына қарғы
салып, жанына ертіп жүрді. Біршама уақыт асырағаннан кейін, түз
тағысы, есейгенде азуы ақсиған жолбарыс болады деп, бір жағынан
атуға қимай, үлкен қабанмен алдап, адастырып кетеді. Бірнеше жылдан
соң, Шақанның алдынан кезіккенде оны танып, оған еш тиіспестен өз
жөніне кетуі – жолбарыстың аса текті жыртқыш екенін көрсетеді.
Енесін өлтіріп, құйрығының жартысын кесіп тастап кеткен адамның
жамандығын емес, жасаған азғана жақсылығын ұмытпаған хайуанды текті
деуіміздің де жөні бар. Тағы бір айта кететіні, жолбарыстың
қайсарлығы, табандылығы хақында. Ұрғашысының жалғызсырап, ақырғанын
естіп келген жас арлан мен кәрі арлан арасындағы айқаста,
жолбарыстың кері қайтпайтын ер мінезі, өліспей, беріспейтіндігі
көрінеді. Қаншыр үшін айқаста, бірі өліп, бірі жеңіске жететінін
біле тұра, қызыл ала қанға бөккенше алысады. Ақыры, біреуі сұлқ
түсіп, мерт болады. Осыны тамашалап тұрған аңшының өзі, табиғаттың
заңына таңдай қағып, жолбарыстарды шағылысқан уақытында өлтіруді
обал санап, кейін
шегінеді.
Шақан ғылым-білім үйренбеген, оқу оқымаған
болғанымен, аталардың айтқанын, ел аузындағы аңыздарды жадында
мұқият сақтаған. Шу, Іле бойын түгел кезіп шығып, Сырдарияның
алқабындағы шөлмен жүріп өткен жолында солардың бәрін есіне
түсіріп, бағытынан жаңылмады. Себебі, автор атап өтетіндей:
«аңыздың айтқаны – ақиқат, ғылымның айтқаны – шындық». Мұнда тарихи
ақиқат, уақыт шындығы жатыр. Аңыздарда келтірілген жер-су атаулары,
суреттелетін тау, өзен, қырат, шөлейт жердің барлығы да шын
кезігеді. Сондықтан аңшылық өнер жайы айтылатын романнан бірнеше
аймақтың табиғаты, сол жерде тұрақтаған халық тұрмысы, дәл сол
өңірде болған тарихи оқиғалар туралы ақпараттарға
қанығамыз.
Жолбарыс тұқымын құрту жолында көп қиындық
көрген соң, Шақан табиғат пен адамның арасындағы тепе-теңдікті
бұзып, табиғи заңдылыққа қарсы келгендігін түсінеді. Әуелгіде оны
ел-жұртынан айырып, ен далаға қуған жолбарыс емес, адам екенін
ұғып, бір кектің артында түз тағысының тағдыры жатқандығына көзі
жетеді. Оны романдағы мына бір үзіндіден көруге
болады:
«Кенет өзін осы жолға түсірген жалмауыз
жолбарыс көз алдына келді. Балаға шапқан, әйелді шайнаған кезі
емес. Өлім сәті. Өлгеннен соңғы бұтарлап шабылған сәті. Артқы аяққа
шор болып байланған қорғасын оқ. «Жолбарыс өз бетімен кісіге
тимейді». Құба-мерген айтқан. Қара-батыр айтқан. Атабек Ақсақал
айтқан. Өзі де көрді. Сонда, жалмауыз кек қуғаны ма?! Бір кісіден
көрген жапасын бір адамға артқан. Жүрген ізін қанды соқпаққа
айналдырған. Бұл да қазаға ұшырады. Қорғасын оқ емес, тас қайғы –
екі бірдей қаза жүрек басына түйітпектеліп жабысты. Бір жыртқыштың
кінәсін тарғыл тонды барлық шеріге артыпты. Содан не
тапты?
Кек. Кегі аңда емес, адамда болуға тиіс екен.
Елден аң емес, адам
айырыпты…»
Осы ішкі арпалысынан соң, Шақан өзінің ескі
қонысына, өз жұртына бет
түзейді. Ал онда барғанда темір кісен күтіп тұрғаны
айтылады да, шығарма
аяқталады.
Бір ғана роман жазу жолында Шақанның жүріп
өткен жолдарымен жүріп, түрлі мұрағаттарды ақтарып, көнекөздермен
тілдескен автор – Мұхтар Мағауин романның эпилогында өмірде болған
Шақан жайындағы нақты деректерді
келтіреді:
— Шақан жайында алғаш рет Петербургте 1871
жылы шыққан «Военный сборник» журналында «Отважный туркестанский
охотник Шахан» мақаласы
жарияланған.
— Жетісу архивтерінде «басбұзар қырғыз
Шақан-Тигрдің» іс-қағаздары кездеседі. Жақын туысы Малтай
Жантаевтың куәлігі бойынша, өкіметке пиғылы теріс, қоғамға қатерлі
адам деп танылған. Алайда, сот үкімі
табылмады.
— Хикаяның үш түрлі шешімі
шықты:
Біріншісі – Шақан аяқ, қолына бұғау салынып,
Сібірге – Якут өлкесіне жер
аударылды.
Екіншісі – Шақан тергеу аяқталар қарсаңда
түрмеден қашуға әрекет үстінде оққа
ұшады.
Үшіншісі – әлде түрмеде, әлде этап кезінде
қашып, аман
құтылады.
Ақыры, жазушы соңғысына тоқталғанды жөн
көрген, себебі: 1884 жылы шыққан «Природа и охота» журналының
13-санында жолбарыс аулаған Шақан мерген туралы айтылған. Тарихи
деректерге қарағанда Шымкент, Әулие-Ата өңіріндегі Ұлы жүз
қазақтарының патшалық тәртіпке қарсы көтерілісіне (1867-1869)
басшылық еткен батырдың бірі – Жолбарыс Шақан болған
екен.
Ал қазақ жеріндегі жолбарыс туралы нақты
дерек:
Жетісудың ең соңғы жолбарысы 1940 жылы оққа
ұшқан.
Бұл романнан оқырманның түйетіні: табиғи
заңдылықты бұзу, құныққан үстіне құныға түсудің кей аңдардың
жойылуына, тұқымының құруына әкеліп соғатынын есте сақтау
қажеттігі. Мұндай шығармалар келешек ұрпақты тәрбиелеудегі
табиғаттың рөлін, ондағы әрбір қыбырлаған тіршілік иесінің айрықша
орны бар екендігін үйретеді. Аң аулаудың да өз жөні, шегі
болатындығын әр аңшының біліп жүруге тиістілігін нақтылап, түрлі
тарихи деректер мен топонимикалық атаулар жайлы мағлұмат берген бұл
шығарма – қазақ әдебиетінің ғана асыл қазынасы емес, тарихтың,
аңшылық өнердің мол мұрасы. Аңшылық туралы шығармалар өткенді
қастерлеу, табиғатты сүю, жан-жануарға деген құрмет, аңшыға тән ұлы
қасиеттер, жануарлар арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы, аң
аулаудағы ұтқыр тәсілдер сияқты пайдалы нәрселерді насихаттайды.
Сондықтан, осындай шығармалар көркем әдебиетті сүйетіндер мен
аңшылыққа қызығатындарға мол азық болады және бұл – біздің қоғам
мен оқырмандарға қызық әрі керек
дүние.
Ақтоты
БОРИСҚЫЗЫ

