Тақырыбы: «Татулық, теңдік, туыстық»
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және
рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан
Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан
келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын
ұғындыру.
Дамытушылық: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Қазақстандық патриотизмге,
елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың
бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтастыққа,
достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға
тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттың
түрі: аралас
сабақ
Тәрбие сағаттың әдісі: сұрақ-жауап, өлеңдер оқу, түсіндіру, ойын.
Көрнекілігі: 1-мамыр тақырыбына арналған қабырға газеттері, шарлар, слайд.
Барысы: Психологиялық даярлық.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі: Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Жалпы қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осындай байлықтың Қызығын көру үшін бізге тыныштық ауадай қажет. Қазыбек би «Біз қазақ достықты жақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз» деген. Біздің елімізде 130 дан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, әзербайжан, түрік және тағы да басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз.
Қай жағынан айтсақ та бүгінгі біз өмір сүрген заманның ағымы басқа, халқымыз жаппай сауатты. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Тәуелсіз көп ұлтты халықтың арасында «Ши» шығармай бірлікпен ынтымақтың ұйытқысы болып дер кезінде республикадағы ұлттардың ассамблеясының жұмысын жандандырып олардың тілін, әдет ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді. Мемлекетімізде істелініп жатқан ерлікті істеріміздің барлығы Н. Назарбаев есімімен байланысты. Елбасымыздың есімі Тәуелсіз Қазақстан атымен бірге өріліп үндесіп тұр.
Біздің мектеп интернатымызда да бірнеше ұлт өкілдерінің балалары өздеріңмен бірге оқып білім алып жатыр. Біздің елде тұратын 130-дан астам ұлт өкілдерінің тату-тәтті тұрып жатқандығының бір дәлелі мына отырған өздерің. Сендер де бір- біріңмен бір шаңырақта тату-тәтті ойнап-күліп өмір сүріп жатырсыңдар. Әрқашан да осылай достықтарың, туыстықтарың жалғаса берсін.
Ендеше, арамыздағы әр түрлі ұлт өкілдерін ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздыр!
Ұлттар өз тілдерінде өздерін таныстырып өтеді.

Біздің Отанымыз - Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.
Оқушы:
Әнұраным –жанұраным,
Айтар әнім -сөйлер сөзім.
Мәңгі бақи шырқалады.
Республикам
Әнұраны!
Әнұранның авторлары
кім?
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев , Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған,
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі - Баға жетпес асыл ән
- Еліміздің тағы қандай
рәміздері бар? Ол
туралы не білесіңдер?
Оқушы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шот- Аман Уәлиханов.
Дархан:
Қаны да, жаны да қазақтың,
Егемен еркіндік –ғажап күн.
Жүзінен білінген, Сарайлар төрінде ілінген,
Елтаңба - егемен елдің белгісі.
Елтаңба - өжеттік, өрліктің белгісі
.Елтаңба - тәуекел, ерліктің белгісі.
Елтаңба - кемелдік, кеңдіктің белгісі.
Елтаңба – өзге ел мен теңдіктің белгісі.
Елтаңба - егемен елдің белгісі.
Парвиз:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Ерасыл:
Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан, күн, қыран –сәні бар.
Көк байрақ –ашық көк кеңісім,
Алтын күн - белгісі жеңістің.
Алтын күн көтерген ел құсы-
Халқымның батырлық белгісі!
Нұрдәулет:
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім - Әнұран, Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Шерзат:
Туған ел- Қазақстан арайлы.
Бүгін саған әлем түгел қарайды.
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы.
Ойын. «Тәуелсіздік ұшағы»
Қазақстанның атаулы күндерін айту.
1991 жылы 16- желтоқсанда «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі
туралы» Конституциялық заң қабылданды.
1991 жылы 1 -желтоқсандағы жалпыхалықтық сайлауда Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
1991 жылы 10 қазан. Қазақ
халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқасамғады.
1992 жылы 4-маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің
сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы, Гимні
қабылданды.
1993 жылы 12- қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енді.
1994 жылы ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.
1995 жылы 1-наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
1995 жылы 30-тамызда жаңа Ата Заңымыз қабылданды.
1997 жылы 10-желтоқсанда астанамыз Ақмола қаласына көшірілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы - Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көп этностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Тәрбиеші:
- Біздің әнұранымыз,
елтаңбамыз, көк байрағымыз бар. Бұл нені
білдіреді?
Оқушы: Ғасырлар бойы азаттық аңсаған
ата - бабалардың жолы азапты, тағдыры ауыр болғаны анық. Қазақ
халқы талай зорлық, зобалаңды бастан кешірді. Ата-бабаларымыз
«Азаттық ақ таңы атса екен, Тәуелсіздік келсе екен» деген армандары
ХХ ғасырдың соңында келіп жетті. Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіз
Қазақстан мемлекеті бостандықтың көк туын
желбіретті.
Қорытынды.
Тәрбиеші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз! Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мененде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз! Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан! «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Ендеше, бәріміз бір шаңырақ астында туыс болып, тату-тәтті бейбіт өмір сүре берейік. Қош сау болыңыздар!
Әзірлеген: Н.Н. Қалижанова
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақтың тақырыбы: «Татулық, теңдік, туыстық»

шағым қалдыра аласыз