Сабақтың тақырыбы: «Түймедақ» ересек тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақтың тақырыбы: «Түймедақ» ересек тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Тәрбиеші:Алибекова Ж.Б.

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Математика негіздері

Сабақтың тақырыбы: «Түймедақ»

Сабақтың мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын дамыту.

Сабақтың міндеті:

  1. Түймедақ гүлі жайлы біраз мәлімет айту.

  2. Логикалық тапсырмалар беру.

Көрнекілік құралдары: түймедақ суреті.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың құрылымы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

  • Сәлеметсіздер ме, балалар! Қалдарын қалай? Қазір біз «Жұптар» ойынын ойнаймыз.

Барысы: Балалар жүреді немесе араласып жүгіріп жүреді. Тәрбиеші «Екі!» деп, белгі бергенде – жанында тұрған кез-келген баламен жұп құрайды, қолдарынан ұстап, жұптасып тұрады. Егер тәрбиеші «Үш!» деп айтса, балалар үштік жасап, белгіленген жерге жүгіріп барады.

  • Жарайсыңдар, балалар! Ойынға барлықтарын жақсы қатыстыңдар. Бүгін сендер өте мейірімді, жүздеріңнен күн нұры төгіліп тұрғандай әсемсіндер. Ал енді, балалар орындарымызға жайғасып отырайық.


Негізгі кезең.

  • Балалар түймедақ гүлі жайлы не білесіңдер? Кім сипаттап береді?

  • Түймедақ – далада көп өсетін керемет гүл. Кереметтігі сол – онымен неше түрлі ауруды емдей беруге болады. Қазақстанның барлық облыстарынан жаз кездері ортасында сары түйме дағы бар күн секілді осынау гүлді кездестіруге болады.

  • Балалар, бүгін бізге ертегілер елінен қонақтар келіп қалыпты. Олар нелер?

  • Қояндар немесе көжектер
    - Бізге қонаққа қанша көжектер келіпті. Санайықшы.

  • 1,2,3,4 барлығы 4 көжек

  • Ал енді бізге қонаққа келген көжектер нені жақсы көреді немесе қандай көкөністі ұнатады?

  • Көжектер сәбізді жақсы көреді

  • Дұрыс жарайсыңдар, балалар ендеше мен себеттен көжектерге сәбіздерді үлестірейін, ал сендер мен қойған сайын санап отырыңдар. (тәрбиеші көжектің алдындағы ыдысқа 3 сәбіз қояды.)

  • Балалар, көжектерге сәбіз жетті ме, санайықшы

  • 1,2,3 сәбіз. 1 көжекке сәбіз жетпей қалды

  • Бізде көжек нешеу еді?

  • 4 көжек.

  • Сәбіз нешеу болды?

  • 3 сәбіз.

  • Көжек көп пе, сәбіз көп пе?

Салыстырайықшы
- Көжек көп, сәбіз аз.

- Дұрыс көжек төртеу, сәбіз үшеу.

- Ендеше, бүгін 3 және 4 сандарын салыстыруды үйренеміз.

Қане қайталайықшы. (салыстыру)

- Балалар, 3 саны 4 санының алдыңғы көршісі, ал 4 саны 3 санының артқы көршісі екенін білеміз. Қайталап айтайықшы.

Көбелектер де ұшып келіпті. Ендеше кім келіп, мына жоғарғы жолаққа қандай сан тұрса, төменгі жолағына сонша көбелек орналастырады.
(Балалар шығып орналастырады, жеке баламен жұмыс жасау)
- Балалар, осы көбелектер қайда қонады?
- Көбелектер гүлге қонғанды ұнатады.
- Ал, енді мына үшінші жолақта қандай сан тұрса, төменгі 4-ші жолаққа сонша гүлді орналастырайық.
(Балалар, орналастырады)
- Балалар, көбелек нешеу?
-Көбелек үшеу.

-Ал, енді гүл нешеу?

-Гүл төртеу.

-Қайсысы көп, қайсысы аз?

-Гүл көп, көбелек аз.

- Ал, енді екеуі тең болу үшін не істейміз?

- 1 көбелек қоямыз.

- Міне, балалар көбелек пен гүл теңесті.

- Балалар, бәріміздің алдымызда екі жолақты карточка бар, осы карточканың жоғарғы қызыл жолағына көбелектерді, ал төменгі жолағына гүлді орналастырамыз.

(Балалар үлестірмелі материалдармен өз беттерінше жұмыс жасайды)

Енді балалар, бір сәт айналамызға қарайықшы, не байқап тұрсыңдар.

- Әдемі үлкен гүлдерді көріп тұрмыз.

- Гүлдерді санайықшы. 1,2,3,4

- Гүлдердің үстіне нелер қонып тұр?

- Аралар қонып тұр.

- Араларды санайықшы, нешеу екен. 1,2,3

- Гүлдер көп пе, аралар көп пе?

- Гүлдер көп, аралар аз.

- Екеуін теңестіру үшін не істеуге болады?

- 1 ара қосамыз.

- Тамаша, жарайсыңдар балалар!


Тәжірибені қолдану

(Әсем әуен ойналып,екі жерде тұрған түймедақ гүлі ашылады)

Сергіту ойыны: «Ұқсас санға ұшып барайық»
Шарты: Мына сиқырлы гүлдерде 3 және 4 саны бейнеленіпті. Ендеше 4 саны қойылған столдағы балалар көбелек болып, 4 саны бейнеленген гүлге ұшып келеді.Ал, 3 саны қойылған столдағы балалар, 3 саны бейнеленген гүлге көбелек болып ұшып келеді.
Тамаша балалар, керемет көбелектерге ұқсап кеттіңдер.


Рефлексия

- Балалар, көжектердің үйінің алдында көп сәбіз өсіп тұр екен. Ал, әке қоян орманнан саңырауқұлақ теріп әкеліпті. Қане балалар, санап көрейікші.
(Балаларға санату, салыстырту)

- Балалар, біз бүгін 3 және 4 санын салыстыруды үйрендік.

- Балалар, бізге қонаққа нелер келді?

- Көжектер келді, көбелек пен гүлдерді санадық, салыстырдық.

Жарайсыңдар, балалар!



Күтілетін нәтиже:
Білуі: 3 және 4 санын кез-келген үлестірмелі материалдардың көмегімен салыстыра біледі.
Меңгеруі: Қарапайым математикалық ұғымдар туралы білімді меңгере білуі, сұраққа толық жауап бере білуі.
Жасай алуы: Достарының жауабына, ойына, өз көзқарасын еркін білдіре білуі, өзін жеке тұлға ретінде сезіне білуі




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2020
522
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі