Сабақ мақсаты: Оқушыларға
сабырлылық пен ұстамдылық қасиеттерін түсіндіре отырып, бұл
қасиеттер адамның ішкі тыныштығын сезіне білуге ықпал ететінін
түсіндіру.
Міндеттері:
-
Оқушыларға «сабырлылық» пен
«ұстамдылық» қасиеттерін ұғындыру.
-
Оқушылардың «ұстамдылық» пен
«сабырлылық» қасиеттерін дамыту
-
Оқушыларды шыдамдылыққа,
төзімділікке тәрбиелеу
|
Ресурстар:(құралдар,
мәлiметтер)
|
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру
кезеңi. Тыныштық сәтi. Су асты
патшалығына ойша саяхат. (Оқушылар қолдарын тізесіне немесе үстел
үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік
ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка
қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең
тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз
түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз.
Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз.
Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп
тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді
теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді
шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап
ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді
қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға
қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған
әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша
өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы,
қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл
орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір
нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы
тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз
қалады).
Ал
қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға
жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа
құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді
дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға
жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және
осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық
білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз.
Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз
бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен
бөлісіңіздер.
-
Үй тапсырмасын
тексеру №22, «Сабыр түбі – сары алтын»
атты аңыз әңгімені оқып, мәтін мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу,
78-79 бет
№21 дәптер бойынша 3-тапсырма
47- беттегі,
-
Хан неліктен көрші патшалыққа өз шабарманын
жібереді?
-
Екі патша неге келіспей
қалды?
-
Патшалар келісімге келе алмағандықтан соңы неге
ұласты?
-
«Сабыр түбі-сары алтын»
дегенді қалай түсінесіздер?
-
Сабырлы болу қиын ба?
-
Сабырлы,төзімді болу арқылы
неге жетуге болады?
|
Сабақ барысын
талдау:
|
-
Әңгiмелеу
«Сиқырлы тас» ертегісі ( бейне
көрініс) Талдау
-
Балалар бұл ертегіден не
байқадыңдар?
-
Баланың келесі әрекетін
айтыңдар,көңіл-күйі қандай болды?
3. Бала қай уақытта қорықты,
неше рет ішкі тыныштығы бұзылды?
4.Сендерде сиқырлы тас тауып алсаңдар қандай
көмек көрсетер
едіңдер?
|
|
-
Топпен ән айту.
«Біз үйде де, аулада
сабырлымыз»
-
Өз-өзіңді ұстай біл төзімді бол
Қызбалыққа салынбай шыдамды бол
Сабырлы да, ұстамды бола білу
Сезіндірді жүрекке тыныштықты
Қ-сы
Біз
үйде де,аула да сабырлымыз
Шыдамдымыз,төзімдіміз
Жарасымды, тартымды,ұстамдымыз
Ұстамдымыз әрқашан!
|
|
-
Соңғы тыныштық
сәтi.
Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді
жұмыңыздар.
Бүгінгі сабақта не
үйренгендеріңізді іштеріңізден
қайталаңыздар.
«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де,
аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге
ренжімеймін.Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп
қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді
ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау
болыңыздар!
|
|