Тақырыбы: «Сабырлы болу
қиын ба?»
Мақсаты: Білімділік.
Жақсы, жаман туралы түсінік беру,жақсы мен жаманды салыстыра білуге
үйрету.
Дамытушылық. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын
молайту.
Тәрбиелік. Жаман әдеттен аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу,жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, мақал-мәтелдер жинағы, постер, маркер,тақырыпқа
сай кітаптар көрмесі.
Барысы: Сынып 4топқа
бөлінген.
Шаттық шеңбері.
- Балалар, шеңбер құрып, өлең жолдарын айтайық.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
- Балалар, кәне, бір - бірімізге жақсы лебіздерімізді
білдірейікші.
- Қайырлы күн,
- Әрқашан күн сөнбесін,
- Аспанымыз ашық болсын.
- Аман болайық.
- Деніміз сау болсын.
- Бәріміз дос болайық. Тату болайық. т. б сөздер айтады.
- Балалар, бізде бүгін «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тәрбие
сағаты болмақ. Жақсы, жаман, әдептілік туралы мақал -
мәтелдерімізді айтайықшы.
- Жарайсыңдар, балалар. Балалар, бір - біріне лебіз білдіруі
сәлемнен басталады. Сәлем - сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан
оның мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы.
Олай болса амандасудың қандай ережелерін білесіңдер?
«Сәлем - сөздің анасы».
- Балалар, қозғалмалы ойын ойнайық. (Онда үлкен көрнекілік автобус
көлігі, оның ішінде жүргізуші, отыратын екі - үш бала және де әже
рөлінде ойнайтын қыз бала).
Ойын: Қозғалмалы ойын. Автобус ішіндегі көрініс.
- Балалар, сендердің үйлеріңде әжелерің бар ма?. Ендеше, мынау
біздің әжеміз, ол сендерге базардан алма сатып әкелмекші. Ол үшін
қандай көлікке отыруы керек?
- Автобус көлігіне.
- Ендеше, аялдамадан автобус күтейік.(Әже аялдамада тұрады).
Автобус жүргізушісі аялдамаға келіп тоқтайды. Ішіне әжей кіреді.
Сол кезде оған ешкім орын бермейді.
- Балалар, қараңдаршы осы көрініс дұрыс па?, әлде бұрыспа?
Балалар еркін түрде өздерінің ойларын айтуға тиіс.
- Жоқ дұрыс емес, үлкен кісіге орын беру керек. Біз үлкендерді
сыйлауымыз керек. Амандасуымыз керек. Орнымыздан тұрып: «Сіз
отырыңыз» деуіміз керек деп көптеген сөздер айтып, өз ойларын
білдіреді.
Мұғалім: Топтарға сөз бермес
бұрын, мен жас жеткіншектердің психологиялық сауаттылығына кері
әсер ететін факторлар туралы айта кетейін.
Олар: 1)
Отбасындағы қолайсыз жағдай.
2) Отбасының
материалдық жағдайының төмен болуы.
3)
Мектептегі пәндерден үлгермеу.
4) Сабақтан
тыс уақытта ата-аналар тарапынан бақылаудың жеткіліксіз
болуы.
5) Заңды
бұзу.
6)Бөгде біреудің қысым
көрсетуі.
7)Теледидар
бойынша көрсетілетін сапасыз жарнамалар және
фильмдер.
Ешқандай
ата-ана баласының тәрбиесіз, бұзақы болғанын қаламайды. Жас
жеткіншек шыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа қарай
бейімделеді. Бірақ жаман әдетке үйрену оңай. Енді осы зиянды
әрекеттер туралы әңгіме жүргізейік.
ІҮ топ
«Денсаулық зор байлық»
Адамның
денсаулығы зор байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу
жолдарын қарастыру керек. Өйткені дені сау адамның көңіл-күйі
көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан да құлшына
кіріседі.
Денсаулық
нығайтуда спорт, дене шынықтыру, ырғақты қимыл, мәдениетті түрде
тынығу, дұрыс тамақтану, ретімен киінудің де мәні зор. Жақсы әдет –
адам көркі, рухани байлығы, өйткені ол еңбекті жеңілдетіп
іскерлікке шабыт береді. Сөйтіп, біз өз ұрпақтарымызды жақсы
өмірге, дұрыс жолға бағыштауымыз керек. Осыған қарсы біз бірлесіп
күресіп, елімізді, жас мемлекетімізді көркейте беруміз
керек.
Енді Қазақтың
ырымдары туралы ой қозғайық .Аулақ бол жаман әдеттен.
Мурадым:1.Бүйріңді
таянба!
Айша: 2.Жалғыз
ағашты кеспе!
Диана: 3.Үйді айналып
жүгірме!
Тілекжан: 4.Отты
шашпа!
Ерқанат:5.Күлді
баспа!
Әсел: 6.Үлкеннің
алдын кеспе!
1) Есікке керілме.Себебі, Бұл әрекет жаман ырымға
жатады.
2) Бүйріңді таянба. Таяққа
сүйінбе— бұлар жаман
әдет.Ертеде кісісі өлген үйдің әр адамдары таяққа сүйеніп тұрған,
ал әйел адамдары екі қолымен бүйірін таянып, жоқтау айтып, жылаған.
Ендеше, бұл әдетті жасамау керек, бұл- қайғы шақыру болып табылады
екен.
3) Батар күнмен таласып
ұйықтама-бұл өмірден үміті жоқ
адамның ісі.
4)Үйге қарай
жүгірме. Үйді айналып жүгірме.
Себебі, тосын жағдай
болғанда, жаман хабар жеткізірде үйге қарай
жүгірген.
5) Отқа түкірме, су
құйма.Себебі, от-өмір,
тіршілік көзі саналған.
Қорытынды:
Біздер балалар жамандық пен жақсылықты ажырата біледі. Көптеген
тәрбиелі мол түсініктер алды. Сабағымды аяқтамас бұрын, Ұлы ақын
Абай атамыздың нақыл да, тәрбиелі өлеңін оқып берейін
(Абай атаның суреті) көрсету.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ.
Бес дұшпанын білсеңіз,
Талап, еңбек терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.
- Балалар, сендер осы Абай аталарыңның нақыл өлеңін мәңгі
жадыларыңда сақтап, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, әрқашанда
білімді, еңбекқор, өтірік айтпай, мақтаншақ болмай, тәрбиелі азамат
пен азаматшалар болып өсулеріңе
тілектеспін.