Сабырлылық пен ұстамдылық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабырлылық пен ұстамдылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға сабырлылық пен ұстамдылық қасиеттерін түсіндіре отырып, бұл қасиеттер адамның ішкі тыныштығын сезіне білуге ықпал ететінін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Тақырып_Сабырлылық пен ұстамдылық

Құндылық__ тыныштық

Қасиеттер_сабырлылық,ұстамдылық,төзімділік,шыдамдылық, байсалдылық.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға сабырлылық пен ұстамдылық қасиеттерін түсіндіре отырып, бұл қасиеттер адамның ішкі тыныштығын сезіне білуге ықпал ететінін түсіндіру.

Міндеттері:

  1. Оқушыларға «сабырлылық» пен «ұстамдылық» қасиеттерін ұғындыру.

  2. Оқушылардың «ұстамдылық» пен «сабырлылық» қасиеттерін дамыту

  3. Оқушыларды шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылар қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.


  1. Үй тапсырмасын тексеру №22, «Сабыр түбі – сары алтын» атты аңыз әңгімені оқып, мәтін мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу, 78-79 бет

21 дәптер бойынша 3-тапсырма 47- беттегі,

    1. Хан неліктен көрші патшалыққа өз шабарманын жібереді?

    2. Екі патша неге келіспей қалды?

    3. Патшалар келісімге келе алмағандықтан соңы неге ұласты?

    4. «Сабыр түбі-сары алтын» дегенді қалай түсінесіздер?

    5. Сабырлы болу қиын ба?

    6. Сабырлы,төзімді болу арқылы неге жетуге болады?


Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Ұстамдылық -әдептің ұстазы, ұстамсыздық- әлектің нұсқасы»

Нақыл сөз

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

(дәйексөзді бірнеше рет айтқызу)



  1. Әңгiмелеу

«Сиқырлы тас» ертегісі ( бейне көрініс) Талдау

  1. Балалар бұл ертегіден не байқадыңдар?

  2. Баланың келесі әрекетін айтыңдар,көңіл-күйі қандай болды?

3. Бала қай уақытта қорықты, неше рет ішкі тыныштығы бұзылды?

4.Сендерде сиқырлы тас тауып алсаңдар қандай көмек көрсетер

едіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1.Сөзжұмбақ шешу

2. Мақалдардың кейбір сөздерін табу.


  1. Топпен ән айту.

«Біз үйде де, аулада сабырлымыз»

    1. Өз-өзіңді ұстай біл төзімді бол

Қызбалыққа салынбай шыдамды бол

Сабырлы да, ұстамды бола білу

Сезіндірді жүрекке тыныштықты


Қ-сы

Біз үйде де,аула да сабырлымыз

Шыдамдымыз,төзімдіміз

Жарасымды, тартымды,ұстамдымыз

Ұстамдымыз әрқашан!




  1. Үй тапсырмасы.№23 «Адал бала» аңыз әңгімесін талдап,оқып келу.

22 сабақ дәптер бойынша 1 тапсырма,49 бет.

22 Ж.Баласағұнидың өлеңін жатқа айту,78 бет.



  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар.

Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.

«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін.Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.06.2018
453
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі