400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабырлық асыл қасиет тәрбие сағаты қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: .


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Сабырлық асыл қасиет

Құндылық


Мақсаттары

Балалардың «адамгершілік»,«мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.

Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Жарқын  күнімізді  түнерген  бұлттардан  қорғайық

Адам атаулының жақсы касиеттерінің бірі — адалдық, ол өмірден қымбат асыл қасиет, асыл мінез, ашык, шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық»,—деген Б.Момышұлы. Адамда асыл қасиеттермен қатар, жағымсыз қасиеттер де болады. Олар — жалқаулык,өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, пайдакүнемдік, қорқақтық, менмендік, мақтаншақтық, қулык, екіжүзділік, жарамсақтық, қатыгездік, ашу, ызақорлық, басарсыздық, т.б.

Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген күннің суретіне қараңдаршы. Жаркын күн — көлбейленіп тұр, күнді біз мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңсек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі төнерген бұлттарды ашайық.

  – Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.
– Әдептілік деген не?
– Адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережелері.


1. Өш алғаннан гөрі……. (кешірген жөн)

2. Ақырын жүріп…………. (анық бас)

3. Асыл тастан………… (өнер жастан)

4. Ұрлық түбі…………. (қорлық)

5. Әдепті бала……………….(арлы бала)

6. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»

8. «Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.»

9.«Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер

10.Біреуге ор қазба, өзің түсесің.

11.Өтірікшінің құрығы, бір – ақ тұтам.

12. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.

13. Тек жүрсең, тоқ жүресің.



Сабақтың ортасы

-Әрбір адам туғаннан керемет сыйға бөленген, ол – жетілуге талпыну. Біз бәріміз білімді аңсаймыз, биікке көтеріліп, ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Ол үшін адам, ең алдымен, өзі неге қабілетті, өзінде жақсы не бар, со- ны түсініп алуы керек. Өзінің жетілуге талпынысында әр адам мейірімділік пен зұлымдылықты айыра білуі қажет, өзінің бар қабілеттерін жетілдіріп және өзіндегі кемшіліктерін түзете білуге тиіс.

Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

Мақсаты: Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру. Құқықтық сана-сезім мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру, жеке пікір айтуға үйрету. Жекеленген адамдардың іс-әрекетін бағалауға үйрету. Адамгершілікке тәрбиелеу.


Сен сабаққа дайын емессің, бірақ оның белгілі себептері бар. Мұғалім саған жаман баға қойды. Әділ екеніңді өз тарапыңнан қалай дәлелдер едің? Ашуға берілесің бе, әлде….


Сабақтың соңы

Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді – өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.

Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
39 ұстаз жүктеп алған
25.11.2023
2241
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі