Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шабуылдағы сарбаз. Далалық оқу жиыны 10-сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тактикалық дайындық 1. Сарбаздың шабуылға дайындық кезіндегі əрекеттерін біледі. 2. Сарбаздың жүріп келе жатып шабуылдау кезіндегі лектегі қозғалуы жəне бөлімшенің ұрыстық тәртібіндегі орнын біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

    Сабақ тақырыбы: Шабуылдағы сарбаз

Бөлім:

Тактикалық дайындық

Педагогтің аты-жөні:

Абдикешов Д.А.

Күні:


Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Шабуылдағы сарбаз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1. Сарбаздың шабуылға дайындық кезіндегі əрекеттерін біледі.

2. Сарбаздың жүріп келе жатып шабуылдау кезіндегі лектегі қозғалуы жəне бөлімшенің ұрыстық тәртібіндегі орнын біледі.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Шабуылға дайындалу кезіндегі сарбаздың міндеттерін және сарбаздың жүріп келе жатып шабуылдау кезіндегі лектегі қозғалуы мен бөлімшенің ұрыстық тәртібіндегі орнын біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

«Ұрысқа» командасы бойынша тізбекке дұрыс жазылады, ұрыс даласындағы сарбаздың қозғалыс әрекеттерін дұрыс орындайды

Кейбір оқушылар:

Оқыс жағдайда жедел әрекет ете біледі



      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресур-р

Басы

3'

Амандасу, түгелдеу, оқушылардың сырт көріністерін, құрал-жабдықтардың дұрыс сәйкестігін тексеру.

Взвод командирінің орынбасары оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға сабаққа дайындығы жөнінде баяндама жасайды.



Ортасы

5'

Білу

Сарбаз шабуылға дайындалу кезінде:

- өз міндетін, сонымен қатар бөлімі мен взводының міндетін, жоюға қажет нысаналарды, қару қолдану тәртібін нақтылап алуы;

- бөліммен бірге әрекет ететін танкінің нөмірін, таным белгісін, олармен және өзге ату құралдарымен істесу тәртібін анықтап алуы;

- жаяу қозғалысты шабуыл кезінде машиналардан түсу орнын, бөлімше тізбегіндегі өз орнын, тосқауылдар мен кедергілерден асып өту тәртібін біліп алуы;

- командир бекіткен дабылдарды, белгілерді есте сақтауы;

- қарудың жарамдылығын тексеру, оны ұрысқа дайындауы;

- оқ-дәрінің мөлшерін тексеруі, қажет болса, толықтыруы;

- жеке қорғану құралдарының бар екендігін және олардың жарамдығын тексеруі, оларды өзіне шақтауы тиіс.

Бөлімше командирінің тапсырмасы бойынша, жауынгер бөлімше мен взвод шабуылының объектісін және шабуылдағы қарсылас қимылын, шабуыл бағытын, бөгеттерден өту тәртібін және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс.

Түнде шабуылға дайындалған кезде жауынгер қозғалыс бағытындағы жерді зерттейді, өзіне түнде бағдар болуы мүмкін жергілікті жер заттарын есте сақтайды және азимут бойынша қозғалыс бағытын зерттейді. Түнгі көздеуішті автоматтары мен пулеметтері бар жауынгерлер өз қаруларын тексереді.


  • Шабуылға дайындалу кезіндегі сарбаздың міндеттерін біледі.







Дескриптор

арқылы бағаланады



АӘТД электронды оқулығы

6'


Түсіну

Ұрыс барысында дереу шабуылға кірісу кезінде бөлімше құрамындағы сарбаз шабуылдауды бастау аймағында, яғни қарсыластың қорғаныс шетінен 40-60км қашықтықта орналасады. Сарбаздар осы ауданда командир көрсеткен орында жасырын жайғасады, онда өз қаруын, әскери техникасын болатын ұрысқа дайындайды. Әуеден немесе жерден кенеттен жасалған шабуылды тойтаруға әрдайым әскери дайын күйінде болады.

Бөлімше шабуылдау шебіне бара жатқанда артиллериялық бөлімдер және авиация қорғанып жатқан қарсыласқа оқ жаудырады, яғни басып алуға дайындық жасалады.

Егер бөлімше алға қозғалып бара жатқан кезде қарсылас басып алу әрекеті салдарынан қауқары жақсы басылған болса, оларды баяу шабуылдауға болады. Взводты ұрыстық сызық бойлап өрістету басталғаннан кейін, жаяу әскердің ұрыс машинасының жүргізуші-механигі бөлімше командирінің нұсқауы бойынша ұрыс машинасын өз бағытына шығарады және көздеуші-оператормен шабуылдау нысандарын, одан әрі шабуылдау бағыттарын, қоршау-тосқауылдардан өту жолдарын нақтылайды. Бұл жағдайда механик-жүргізуші машинаны танк артынан 100м қашықтықта жүргізіп отырады.

Picture 2

Дескриптор

  • Сарбаздың жүріп келе жатып шабуылдау кезіндегі лектегі қозғалуы жəне бөлімшенің ұрыстық тәртібіндегі орнын, біледі






Дескриптор

арқылы бағаланады

АӘТД оқулығы

24'


Қолдану

«Бөлімше,... (бағытталған заттың атауы) бағытына –Ұрысқа» командасын беремін.

«Тоқта», «Қысқа жүгіріспен – Алға», «Жербауырлап – Алға», «Газдар», «Газтұмылдырықты ШЕШ», «Әуе шабуылы», «Әуе шабуылы тоқтады» командаларын беріп, ұрыс даласындағы сарбаздың қозғалыс әрекеттерін орындауға жаттықтырамын.

Дескриптор

-«Бөлімше,... (бағытталған заттың атауы) бағытына –Ұрысқа» командасы бойынша сарбаздар аралығы 6-8м болатын тізбекке дұрыс жазылады.

-«Тоқта», «Қысқа жүгіріспен – Алға», «Жербауырлап – Алға», «Газдар», «Газтұмылдырықты ШЕШ», «Әуе шабуылы», «Әуе шабуылы тоқтады» командалары бойынша дұрыс әрекет етеді.

Дескриптор

арқылы бағаланады

АӘТД оқулығы

Аяқталуы

2'


Кері байланыс

Толық жауап беруге тырыс.

- Сабақта жаңадан не білдің?

- Сені не таңғалдырды?

- Сенің ойыңша, нені жасай аласың?

- Нені жасай алмайсың? Неге?

- Нені есте сақтау керек деп ойлайсың?

Үйге тапсырма беру §6

Оқушылар сөйлемді толықтырады.

Бөлімше командирлері жақсы жұмыс жасаған жас сарбаздар мен бөлімшелерді атап өтеді.


     




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2025
71
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі