ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
Қаршығаева А.А
ф.ғ.к. қауымдастырылған профессоры
Ильясова Д.Е
Экономика мамаңдығының 1 курс студенті
Аңдатпа. Шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) экономикалық дамудың іргетасы болып табылады, инновацияларды дамытуда, жұмыс орындарын құруда және аймақтық өсуді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл мақалада ШОК-тің жаһандық экономикаға қосқан көпқырлы үлестерін зерттеп, олардың ЖІӨ-ге, жұмыс орындарын құруға және технологиялық жетістіктерге тигізетін әсерін атап көрсетіледі. Сондай-ақ, мақалада қаржыландырудың шектеулі қолжетімділігі, реттеу талаптарының күрделілігі және жаһандық бәсекелестік сияқты ШОК-тің алдында тұрған қиындықтар қарастырылады. Мақалада ШОК-ті дамыту үшін мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, қаржылай көмек көрсету, инфрақұрылымды дамыту және экспортты қолдау сияқты мемлекеттік шараларды егжей-тегжейлі сипатталады. Сонымен қатар, ШОК-тің ерекше қажеттіліктеріне бейімделген әлеуетті арттыру бастамалары мен саясаттық негіздерді қалыптастыру қажеттілігі талқыланады. Инновацияларды қолдау, инклюзивтілікті қамтамасыз ету және жүйелік кедергілерді жою арқылы ШОК тұрақты және әділетті экономикалық өсімге айтарлықтай үлес қоса алады. Мақалада тез өзгеріп жатқан жаһандық экономика жағдайында ШОК-тің әлеуетін толық ашу үшін мемлекеттер, жеке сектор және ШОК арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап көрсетіледі.
Тірек сөздер. Шағын және орта кәсіпкерлік, инновация, жұмыспен қамту, экономикалық даму, ЖІӨ, қаржыға қолжетімділік, мемлекеттік қолдау, жаһандық экономика.
Аннотация. Малые и средние предприятия (МСП) являются краеугольным камнем экономического развития, играя ключевую роль в стимулировании инноваций, создании рабочих мест и развитии регионов. В данной статье рассматриваются многоаспектные вклад МСП в глобальную экономику, акцентируется их влияние на ВВП, создание рабочих мест и технологический прогресс. Также анализируются вызовы, с которыми сталкиваются МСП, такие как ограниченный доступ к финансированию, регуляторные барьеры и глобальная конкуренция. В работе подчеркивается важность государственной поддержки для обеспечения успешного развития МСП, подробно рассматриваются различные государственные меры, включая финансовую помощь, развитие инфраструктуры и содействие экспорту. Кроме того, обсуждается необходимость инициатив по повышению потенциала и разработки политических рамок, учитывающих уникальные потребности МСП. Благодаря поддержке инноваций, обеспечению инклюзивности и устранению системных барьеров, МСП могут существенно способствовать устойчивому и справедливому экономическому росту. В статье делается вывод о необходимости совместных усилий со стороны государств, частного сектора и самих МСП для раскрытия их полного потенциала в условиях быстро меняющейся глобальной экономики.
Ключевые слова. Малый и средний бизнес, инновации, занятость, экономическое развитие, ВВП, доступ к финансам, государственная поддержка, глобальная экономика.
Abstract. Small and medium-sized enterprises (SMEs) are a cornerstone of economic development, playing a critical role in driving innovation, employment, and regional growth. This article explores the multifaceted contributions of SMEs to the global economy, highlighting their impact on GDP, job creation, and technological advancements. It also examines the challenges faced by SMEs, such as limited access to finance, regulatory burdens, and global competition. The paper emphasizes the importance of state support in enabling SMEs to thrive, detailing various government interventions, including financial assistance, infrastructure development, and export promotion. Additionally, the article discusses the need for capacity-building initiatives and policy frameworks tailored to SMEs' unique needs.
By fostering innovation, ensuring inclusivity, and addressing systemic barriers, SMEs can significantly contribute to sustainable and equitable economic growth. The article concludes with a call for collaborative efforts between governments, private sectors, and SMEs to unlock their full potential in a rapidly changing global economy.
Keyword. Small and medium-sized businesses, innovation, employment, economic development, GDP, access to finance, state support, global economy.
Кіріспе. Шағын және орта бизнес (ШОБ) — бұл экономиканың ең маңызды, әрі өміршең құрылымдарының бірі, ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мен оның дамуына айтарлықтай үлес қосады. ШОБ кәсіпкерлік бастамашылдық пен инновацияларды дамытуға арналған алаң ғана емес, сонымен қатар ол жергілікті қауымдастықтар мен аймақтардың экономикалық өсуін ынталандыратын қозғаушы күш болып табылады. Бұл сала жұмыс орындарын құрумен қатар, көптеген адамдарға кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді, қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтарға өз мүмкіндіктерін іске асыруға жол ашады.
Шағын және орта кәсіпорындардың басты ерекшелігі — олардың икемділігі мен жылдам әрекет ету қабілеті. Ірі корпорациялардан айырмашылығы, шағын және орта бизнес нарықтағы өзгерістерге тез жауап бере алады, жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы бәсекелестікке қабілеттілігін сақтайды. Бұл оларды инновацияларды енгізудің алдыңғы қатарында ұстайды, өйткені олар жаңа идеялар мен технологияларды сынап көруге қорықпайды. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес көбінесе қоғамның нақты қажеттіліктеріне бейімделіп, жергілікті нарықтарды жан-жақты зерттей отырып, өзінің өнімдері мен қызметтерін ұсынады. Шағын және орта бизнес әлеуметтік маңыздылығы өте зор. Олар ауылдық аймақтар мен шалғайдағы тұрғындарға жұмыс орындарын ұсына отырып, әлеуметтік теңсіздікті азайтады және табыс теңгерімін қалыптастырады. Бұл кәсіпорындар халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартып, адамдардың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес жергілікті экономикаға үлкен үлес қосып, аймақтардағы инфрақұрылымды дамытуға көмектеседі. Бұл кәсіпорындар тек экономикалық өсімге ғана емес, аймақтық тұрақтылыққа да қызмет етеді. Шағын және орта бизнес мемлекеттер үшін де маңызды, себебі ол жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) маңызды бөлігін қамтамасыз етіп, ұлттық экономиканың негізін қалайды. Сонымен қатар, ШОБ жаңа кәсіпорындар мен стартаптарды дамыту арқылы экономикада жаңа идеялар мен бағыттарды ашады. Кәсіпкерлік рухты дамыта отырып, ол халықтың жеке күш-қуатын ұштап, елдің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Дегенмен, шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін бірқатар қиындықтар да бар. Қаржыландырудың шектеулі болуы, күрделі заңнамалық талаптар, цифрландыру мен технологиялық жетістіктерге бейімделу қиындықтары шағын жәәне орта бизнес үшін үлкен кедергілер туғызады. Сондықтан мемлекеттің қолдауы, жеңілдетілген несиелер, салықтық жеңілдіктер, кәсіпкерлерге арналған оқыту бағдарламалары мен инфрақұрылымды дамыту өте маңызды. Шағын және орта бизнес тек экономикалық көрсеткіштерді жақсартып қана қоймай, қоғамның рухани жаңғыруына да үлкен ықпал етеді. Олар адамдарды өз күшіне сеніп, тәуекелге баруға, шығармашылыққа, өз идеяларын іске асыруға шақырады.
Негізгі бөлім. Шағын және орта бизнес қоғам мен экономика үшін стратегиялық маңызды болып табылады. Олар жергілікті халықты жұмыспен қамтып, инновацияларды дамыту арқылы экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Тита Антанасиус Фомумның пікірінше, шағын және орта кәсіпорындар кез келген экономиканың іргетасы болып табылады. Олар жергілікті экономикалық дамуға үй шаруашылықтарының әл-ауқатын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және кедейлікті төмендету арқылы маңызды үлес қосады.
Шағын жіне орта бизнестің экономикалық өсу және ЖІӨ-ге қосқан үлесі өте зор. Дүниежүзілік банк мәліметтеріне сәйкес, дамыған елдерде ШОБ жалпы ішкі өнімнің 50–60%-ын қамтамасыз етеді. Дамушы елдерде бұл көрсеткіш шамамен 30–40% арасында. Мысалы, Қытайда ШОБ ұлттық ЖІӨ-нің 60%-ын құрайды, ал Еуропалық Одақ елдерінде бұл үлес 55%-ға жетеді. Қазақстанда ШОБ үлесі ЖІӨ-нің шамамен 33–35%-ын құрайды, ал 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 40%-ға жеткізу көзделген. ШОБ жеңіл және орта өндіріс саласында айтарлықтай рөл атқарады, әсіресе тұтынушылық тауарлар мен техникалық жабдықтар өндірісінде. ШОБ бөлшек және көтерме сауда, туризм, логистика, білім беру және денсаулық сақтау қызметтерін ұсыну арқылы экономиканың қызмет көрсету секторында көш бастап келеді. Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) мәліметтері бойынша, бөлшек және көтерме сауда ШОБ-тің ең үлкен секторларының бірі болып табылады, көптеген елдерде ШОБ бұл саладағы компаниялардың 80–90%-ын құрайды.
Қазақстанда 2022 жылы бөлшек сауда көлемі 13,5 триллион теңгені құрады, оның айтарлықтай бөлігін ШОБ қамтамасыз етті [1]. Сонымен қатар, ілемдік туристік ұйымның (UNWTO) мәліметінше, әлемдегі туристік қызметтердің 80%-ын ШОБ қамтамасыз етеді. Қазақстанда ШОБ туризм секторының дамуына ықпал етеді, әсіресе экотуризм және мәдени туризм бағыттарында. Мысалы, Алматы облысындағы туристік кешендер мен шағын қонақүйлерді негізінен ШОБ басқарады. Бұл секторларда олардың икемділігі, инновацияларды қолдану қабілеті және жергілікті деңгейдегі қажеттіліктерді қанағаттандыруы экономикалық тұрақтылық пен даму үшін өте маңызды десекте болады. ШОБ әлемдегі ең ірі жұмыс берушілер болып табылады және әртүрлі дағдылар деңгейінде жаңа жұмыс орындарын құруда ерекше рөл атқарады. Түрлі жұмыс мүмкіндіктерін ұсына отырып, олар жұмыссыздықты азайтуға және табысты тең бөлуге ықпал етеді.
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдамаға сәйкес, өңірлік деңгейде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары барлық санаттағы шағын және орта кәсіпорындардың негізгі орталықтары болып табылады. Елдегі ШОК-та жұмыспен қамтылғандардың үштен бір бөлігі осы екі қалада орналасқан. Бұл екі қала ШОК-та жұмыспен қамтудың өсуіне де үлкен үлес қосып келеді: Нұр-Сұлтан – 37 %, Алматы – 14 %. Сонымен қатар, осы қалалар шағын және орта кәсіпорындардың жалпы өндіріс көлемі бойынша да алда: Алматы – 26 %, Нұр-Сұлтан – 20 %. Нәтижесінде, елдің барлық өңірлері бойынша жалпы өңірлік өнімде (ЖӨӨ) ШОК үлесі ең жоғары осы қалаларда: Нұр-Сұлтан – 55 %, Алматы – 45 % [2].
Дамушы экономикаларда ШОБ жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтып, бейресми сектордағы жұмысшыларға ресми жұмысқа ауысу мүмкіндігін береді. ШОБ әлем бойынша жұмыс орындарының 50%-дан астамын қамтамасыз етеді. Халықаралық еңбек ұйымының (ILO) деректеріне сәйкес, әлемдік жұмыс күшінің үштен екісі ШОБ арқылы жұмыспен қамтылған.
Дамыған елдерде: АҚШ-та ШОБ жалпы жұмыс орындарының 70%-ын құрайды. Ал, Еуропалық Одақта ШОБ барлық жұмыс орындарының 66%-ын және жаңа жұмыс орындарының 85%-ын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, дамушы елдерде: Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, дамушы нарықтардағы ШОБ жұмыс орындарының 70%-на дейін ұсынады, бұл әсіресе жастарды жұмыспен қамтуда маңызды.
Абор Дж. Й., Аджаси К. К. және Ленсинк Р. айтулары бойынша, кәсіпкерлік белсенділіктің артуы өнімділікті арттырып, бұл жаңа жұмыс орындарының пайда болуына және соңында экономикалық өсімге әкеледі. Микрокәсіпорындардың қаржылық қызметтерге қол жеткізуі мен оларды тиімді пайдалану бизнес үшін қаражат жинақтауға, тәуекелдерді басқаруға, несие тарихын қалыптастыруға және несие беру мекемелеріне есік ашуға мүмкіндік береді. Бұл экономикалық тұрақтылықты арттырып, нәтижесінде тұрақты және тиімді макроэкономикалық орта қалыптасуына ықпал етеді, ол өз кезегінде экономикалық өсімді қолдайды [3].
2023 жылы Қазақстанда ШОБ-те жұмыспен қамтылғандар саны 3,9 миллион адамды құрады, бұл экономикалық белсенді халықтың 36%-ын құрайды. Қазақстандағы жаңа жұмыс орындарының шамамен 60%-ы ШОБ арқылы құрылады. ШОБ ауылдық және қалалық аймақтарда жұмыс орындарын құру арқылы экономиканың теңгерімді дамуын қамтамасыз етеді. Ауылдық жерлерде ШОБ ауыл шаруашылығы, шағын өндіріс және қызмет көрсету салаларында тұрғындарды жұмыспен қамтуда негізгі рөл атқарады. Жастар мен әйелдер үшін мүмкіндіктер өте көп. ШОБ жастар үшін алғашқы жұмыс орындарын ұсынады және оларды кәсіби дағдылармен қамтамасыз етеді. БҰҰ-ның деректері бойынша, дамушы елдерде жастардың 40%-ы ШОБ арқылы еңбек нарығына қосылады. ШОБ әйелдер кәсіпкерлігі мен жұмыспен қамтылуына үлкен үлес қосады. Қазақстанда әйелдер басқаратын ШОБ 40%-ға жуық кәсіпорынды құрайды. ШОБ-ті қолдау шараларының әсері жайында да айта кетсек болады. Мысалы, Қазақстандағы "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы ШОБ арқылы жаңа жұмыс орындарын құруды дамытуда. "Еңбек" бағдарламасы халықты жұмысқа тартуда ШОБ-тің әлеуетін арттыруға бағытталған. Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі сияқты халықаралық ұйымдар ШОБ-ке қаржылай қолдау көрсетіп, жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандырады [4]. ШОБ жұмыспен қамту және жұмыс орындарын құруда басты рөл атқарады. Олар экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосады. Мемлекеттік және халықаралық қолдау арқылы ШОБ-тің әлеуетін одан әрі дамыту еңбек нарығының тұрақтылығын нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Ресурстары шектеулі болса да, ШОБ жиі инновациялардың көзі болып табылады. Олардың шағын көлемі мен икемді құрылымы жаңа идеяларды сынап, нарыққа жаңа өнімдер мен қызметтерді шығаруға мүмкіндік береді. Көптеген революциялық технологиялар мен бизнес-модельдер ірі ұйымдардың бюрократиялық кедергілеріне тәуелді болмай, ШОБ аясында пайда болады. Үкіметтер мен жеке инвесторлар ШОБ-ті инновациялардың қозғаушы күші ретінде мойындап, оларға қолдау көрсетуде. ШОБ электрондық коммерция, бұлттық технологиялар, жасанды интеллект және блокчейн сияқты цифрлық құралдарды белсенді түрде қолдануда.
Ғалымдардың айтуынша микро, шағын және орта кәсіпорындардың (ШОК) тұрақтылығын қамтамасыз ету саясаткерлердің басты міндетіне айналуда. Бұл кәсіпорындардың алдында тұрған қиындықтарды дұрыс түсіну үшін тиімді саясат әзірлеу маңызды. Цифрландыру дәуіріндегі бәсекелестік орта бизнестің жұмыс істеу тәсілін өзгертуде, және ШОК бұл өзгерістерге бейімделуі үшін цифрлық технологияларды енгізіп, қаржылық сауаттылықты арттырып, қызметтерін қолдау үшін технологиялық инфрақұрылымды дамытулары қажет [5].
Қазақстанда ШОБ компанияларының 60%-ы өз қызметтерін цифрландыруға кірісті, әсіресе бөлшек сауда және логистика секторларында. ШОБ инновациялардың арқасында нарыққа жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін шығарады. Мысалы, Google және Amazon сияқты алпауыттар кезінде шағын стартаптар ретінде жұмысын бастаған. Олар инновациялар арқылы әлемдік көшбасшыларға айналды. Инновациялар арқылы ШОБ ірі компаниялармен бәсекеге түсе алады. Мысалы, жергілікті стартаптар жаңа технологиялық шешімдер ұсыну арқылы жаһандық нарықтарға шыға алады. ШОБ жеке медициналық құрылғылар, телемедицина және фармацевтикалық зерттеулер салаларында инновациялық шешімдерді ұсынады. COVID-19 пандемиясы ШОБ-ке жаңа қиындықтармен бірге мүмкіндіктер де берді. Әлем бойынша көптеген шағын және орта бизнес (ШОБ) компаниялары пандемиямен күресуге өз үлесін қосты, әсіресе мобильді диагностика және вакциналарды жеткізу технологияларын әзірлеу саласында. Мобильді диагностика – ауруды ерте анықтау, тестілеу және нәтижелерді жылдам жеткізу үшін қолданылатын технологиялар. COVID-19 кезінде бұл технологиялар айтарлықтай дамыды. Сонымен қатар, кейбір ШОБ компаниялары автобус немесе жүк көлігі негізінде мобильді тестілеу станцияларын ұйымдастырды. Бұл қызметтер ауылдық немесе шалғай аймақтарға қолжетімді болды. ПТР тестілеуге арналған жылжымалы зертханалар іске қосылды, олар алыс аудандардағы адамдарды тестілеуді қамтамасыз етті. COVID-19 пандемиясы кезінде ШОБ мобильді диагностика мен вакциналарды жеткізу технологияларын әзірлеу арқылы денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Олардың икемділігі, инновациялық шешімдері және жергілікті қажеттіліктерге бейімделуі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды. Мемлекет пен халықаралық ұйымдардың қолдауымен шағын және орта бизнес бұл жетістіктерді одан әрі дамыта алады.Сонымен қатар, шағын және орта бизнес теңгерімді аймақтық дамуды ынталандыруда шешуші рөл атқарады. Олар ірі корпорацияларға қарағанда ауылдық немесе жеткіліксіз қамтылған аймақтарда жиі жұмыс істейді, бұл жергілікті экономикалық өсуді арттырып, аймақтық теңсіздікті азайтады. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес өз қауымдастықтарының ерекше қажеттіліктеріне бейімделген маңызды тауарлар мен қызметтерді ұсынып, әлеуметтік үйлесімділік пен экономикалық инклюзияны нығайтады. ШОБ аймақтық экономикаға қаржылық және адами ресурстарды тарту арқылы жергілікті дамуды қамтамасыз етеді. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, дамушы елдерде шағын және орта бизнес аймақтық жалпы өнімнің (ЖӨӨ) 50%-дан астамын құрайды. Шағын және орта бизнес ауылдық жерлерде жұмыс істейтін ең үлкен кәсіпорындар қатарына кіреді. Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, қызмет көрсету салалары, туризм және шағын өндіріс арқылы жұмыс орындарын ұсынады. Қазақстанда шағын және орта бизнес аймақтық жалпы өнімге қосқан үлесі орта есеппен 30%-дан асады. ШОБ аймақтық және қауымдастықты дамытудың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Олар экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, әлеуметтік теңдікті нығайтады. Аймақтық деңгейде ШОБ-ті қолдау елдің тұрақты және теңгерімді дамуына ықпал етеді.
Шағын және орта бизнес (ШОБ) елдің экономикалық тұрақтылығы мен өсуінде маңызды рөл атқарады. Алайда ШОБ-тің кеңеюі мен дамуына кедергі келтіретін басты факторлардың бірі – қаржыландыру мәселесі. Осы мәселені шешу үшін көптеген мемлекеттер шағын және орта бизнес үшін қаржылық көмек көрсетудің түрлі механизмдерін енгізді. Бұл көмек шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инновацияларды дамытуға және жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған. Мемлекеттер ШОБ-тің қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін субсидияланған несиелер мен гранттар ұсынады. Бұл қаржылық көмек түрлері ШОБ-тің қызметін кеңейту, жаңа технологияларды енгізу немесе зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін қолданылады. Мұндай қаржылық көмек түрлерінің ерекшеліктері: Төмен пайыздық мөлшерлемелер, яғни Мемлекет банктермен немесе қаржылық ұйымдармен келісімдер жасасып, ШОБ-ке арзан пайызбен несиелер береді. Бұл олар үшін капиталды оңайырақ алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бағдарламалар арқылы көрсетілетін қолдаулар. Әр түрлі экономикалық бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге қаржылық көмек көрсетіледі, мысалы, ауылшаруашылық, өндіріс, технологиялық инкубация бағдарламалары.
Шағын және орта бизнестің негізгі қиындықтарының бірі – банктерден несие алу кезінде кепілдік талаптарының жоғары болуы. Көп жағдайда бұл кедергі болып табылады, себебі көптеген ШОБ кепілдікке мүлік немесе басқа да активтер ұсына алмайды. Осы мәселелерді шешу үшін мемлекеттік кредиттік кепілдеме бағдарламалары ұсынылады. Бұл бағдарламалар арқылы мемлекет банктерге ШОБ-ке берілген несиелердің бір бөлігін кепілдендіреді, бұл несиелендіруді жеңілдетеді. Мысалы, несиелерге кепілдік беру. Мемлекет банктердің ШОБ-ке берген несиелеріне кепілдік береді, бұл қаржы ұйымдарын несиелендіруге ынталандырады. Сонымен қоса, қаржылық ұйымдармен серіктестік, яғни мемлекет қаржылық ұйымдармен бірлесіп, шағын және орта кәсіпкерлерге несие беру үшін белгілі бір кепілдіктер ұсынады.
Шағын және орта бизнесті қолдаудың тағы бір түрі – микрокредиттеу. Микрокредиттеу бағдарламалары көбінесе жоғары тәуекелдермен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін арналған. Бұл бағдарламалар арқылы мемлекет шағын кәсіпкерлерге төмен пайыздық мөлшерлемелермен және жеңілдетілген шарттармен несие ұсынады. Мұндай несиелер: Жаңа кәсіпкерлер үшін, бизнесті жаңа бастаған кәсіпкерлерге жеңілдетілген шарттармен несие беру. Ауыл шаруашылығымен немесе қолөнермен айналысатын кәсіпкерлерге микрокредиттер. Инвестицияларды тарту ШОБ-тің дамуы үшін өте маңызды. Мемлекет ШОБ-ке инвестициялар тартуға көмектесетін түрлі шаралар қолданады. Мемлекет венчурлік капиталдық қорлар арқылы кәсіпкерлердің инновациялық жобаларын қаржыландырады. Венчурлік капитал көбінесе жоғары технологиялық немесе стартап-компанияларға бағытталған. Мемлекет инвесторларға ШОБ-ке инвестиция салуға ынталандыру ретінде жеңілдіктер мен артықшылықтар ұсынады. Мемлекеттік қаржылық қолдау ШОБ үшін маңызды рөл атқарады, өйткені ол кәсіпкерлерге қаржылық қиындықтарды жеңуге, бизнесін кеңейтуге және инновацияларды енгізуге мүмкіндік береді. Субсидиялар, микрокредиттер, салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық бағдарламалар сияқты шаралар ШОБ-тің өсуіне және дамуына ықпал етеді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жүйесі ШОБ-тің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және экономикалық даму жолында маңызды фактор болуға мүмкіндік береді.
Шағын және орта бизнес трансформациялық экономикаларда маңызды экономикалық мәселелерді шешуде елеулі рөл атқарады. ШОБ көптеген әлеуметтік маңызы бар функцияларды орындап, оларды жүзеге асыруда басқа экономикалық субъектілермен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие:
-
ШОБ кәсіпорындары мемлекеттік бюджетке ауыр салмақ салмай, халықтың әлеуметтік шиеленісін және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мәселелерін шешіп, елдің әлеуметтік жағдайын тұрақтандыруға зор үлес қосады;
-
ШОБ кең ауқымдағы тауарлар мен қызметтерді өндіру және жеткізу арқылы жаңа нарықтарды қалыптастырады. Олар сыртқы жағдайлар мен клиенттердің сұранысындағы өзгерістерге икемді жауап бере отырып, нарықтағы қатысушылардың өзара әрекеттесуіне жұмсалатын шығындарды азайтады. Осы факторларды ескере отырып, шағын және орта кәсіпкерліктің елдің дамуындағы маңызды рөлін атап өту қажет. Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері жыл сайын артып келеді, және мемлекет ШОБ-ты, сондай-ақ жалпы бизнес-ахуалды дамыту бағытында белсенді әрі тиімді шаралар қабылдауда. Қазіргі таңда мемлекет шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту үшін бірнеше бағдарламаларды жүзеге асырып жатыр. Мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары салықтық және кедендік жеңілдіктер, әкімшілік, қаржылық, мемлекеттік сатып алу салаларындағы жеңілдіктер және тағы басқа қолдау түрлерін қамтиды. Мемлекеттік қолдау шараларының негізгі түрлері қаржылық, мүліктік, инфрақұрылымдық, институционалдық және ақпараттық қолдау болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың көрсетілген түрлері:
˗ жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
˗ ШОБ-та жалпы жұмыспен қамтуды ұлғайту;
˗ ЖІӨ-ге салымды және орта кәсіпорындардың өнім шығарудың орташа көлемін ұлғайту.
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы Қазақстандағы кәсіпкерлікті кешенді қолдаудың тиімді және пәрменді құралы болып табылады және бүгінгі таңда кәсіпкерліктің алдында тұрған негізгі проблемаларды шешуге арналған:
1. кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және кепілдік беру құралдары, мемлекеттік гранттар беру және жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу арқылы шешілетін қаржыландырудың жеткіліксіздігі.
2. кадрларды оқыту, даярлау және қайта даярлау, сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік практикаларды енгізу арқылы шешілетін білім мен ақпараттың жетіспеушілігі [6].
«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасының басты мақсаты өңірлерде кәсіпкерлік ортаны дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын сақтау және құру болып табылады. Қазақстанда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды мемлекеттік бағдарламалар операторлары жүзеге асырады. Компаниялардың өсуін жеделдету үшін шағын және орта бизнестің даму кезеңдеріне сәйкес қолдау құралдарының кең ауқымын қамтамасыз ету қажет, деп атап өткен болатын А. Х. Амерханова, И. Т. Имангалиева, А. Т. «Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау» атты мақаласында. Бұл факторлар қазіргі жаһандық үрдістер мен сын-қатерлерді ескере отырып, кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттік саясаттың бағыттарын қайта қарастыру қажеттілігін көрсетті. Сонымен қатар, бұл тәсіл мемлекетке экономикалық өсуді жеделдетуге, ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын жақсартуға ықпал етіп, үйлесімді даму мүмкіндігін береді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін әлемнің әртүрлі елдерінде түрлі стратегиялар мен тәжірибелер қолданылады. Мысалы, Жапонияда ШОК-ты қолдауға арналған стратегиялар кәсіпкерлікті ынталандыру, инновацияларды енгізу және экспорттық мүмкіндіктерді арттыруға бағытталған. Жапон үкіметі шағын кәсіпкерлерге жеңілдетілген несиелер, гранттар және кеңес беру қызметтерін ұсынады. Сонымен қатар, Жапонияда кәсіпкерлікті дамытуға арналған «KIBO» бағдарламасы кәсіпкерлерге жаңа идеяларын жүзеге асыруда қолдау көрсетеді. Оңтүстік Кореяда ШОК-ты дамытуда мемлекеттік қолдау және инновациялық экожүйенің маңызы зор. Оңтүстік Корея мемлекеті шағын кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетіп, ғылыми зерттеулерді дамыту үшін гранттар мен технологиялық трансферттер ұсынады. Оңтүстік Кореядағы стартап мәдениеті мен кәсіпкерлік инкубациясы әлемде жоғары бағаланады. АҚШ-та шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында арнайы мемлекеттік агенттіктер, мысалы, Small Business Administration құрылды. Олар кәсіпкерлерге несиелер беру, бизнес-жоспарларды жасау, салықтық жеңілдіктер мен түрлі гранттарды ұсыну арқылы қолдау көрсетеді. АҚШ-та стартаптарға арналған инкубаторлар мен акселераторлар жүйесі кең таралған, бұл кәсіпкерлерге өз бизнес-идеяларын іске асыруға мүмкіндік береді. Шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) әлемдік экономикада маңызды рөл атқарады, өйткені олар инновацияларды енгізу, жұмыс орындарын құру, экономикалық өсуді және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді. ШОК әлемдегі жұмыс орындарын құрудың негізгі көзі болып табылады, әсіресе дамушы елдерде, мысалы, Қазақстанда, Ресейде және басқа елдерде ШОК жұмыс орындарының 70-80%-ын қамтамасыз етеді [7]. Жұмыс орындарының санының артуы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, экономикалық жағдайдың жақсаруына ықпал етеді. ШОК кәсіпорындары инновациялық шешімдер енгізуде маңызды рөл атқарады, себебі көптеген инновациялық идеялар шағын кәсіпорындардан шығады, өйткені олар нарықтың өзгерістеріне тез бейімделіп, жедел жауап бере алады. Бұл өз кезегінде бәсекелестікті арттырып, экономиканың тиімділігін жақсартуға септігін тигізеді. Мысалы, АҚШ-тың Силикон алқабындағы стартаптар әлемге танымал инновациялық өнімдер ұсынады. ШОК-тың халықаралық нарықтарға шығуы әлемдік экономикада маңызды рөл атқарады, өйткені көптеген шағын кәсіпорындар экспорттық мүмкіндіктерін арттыру үшін мемлекеттік қолдауға сүйенеді. Олар ұлттық экономиканы әртараптандыруға, жаңа нарықтарға шығуға және шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді [8].
Қорытынды. Тұтастай алғанда шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуының оң динамикасын және шағын және орта бизнес санының өсуі мен кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалатын қаржы қаражатының саны арасындағы тығыз байланыс туралы айтуға болады. Шағын және орта бизнестің ұзақ мерзімді несиелік ресурстарға қол жетімділігін ынталандыру және лизинг, факторинг және микрокредиттер сияқты шағын бизнесті қаржыландырудың баламалы түрлерін танымал ету. Сондай-ақ, тұрақты дамуды қамтамасыз ететін салаларда жұмыс істейтін, атап айтқанда экология және әлеуметтік саладағы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржылық қолдауды арттыру. Осылайша, шағын және орта кәсіпкерлік елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін негіз бола алады, ал тиімді мемлекеттік қолдау - оның сапалы дамуын ынталандырады.
Сонымен қатар, экономикалық тұрғыдан алғанда, ШОБ халықтың тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді. Ауылдық аймақтар мен шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамыту арқылы аймақтардың теңгерімді экономикалық өсуі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, ШОБ ірі компаниялармен бірге жұмыс істей отырып, қосалқы мердігерлік қызметтер атқарады, бұл өндірістік тізбектердің тиімділігін арттырады.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, ШОБ халықтың жұмыспен қамтылуын арттырып, өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал етеді. Шағын және орта кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын құрумен қатар, халықтың кәсіпкерлік белсенділігін оятады, бұл өз кезегінде қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен әл-ауқаттың өсуіне ықпал етеді.Бәсекеге қабілеттілік пен инновациялық даму саласында ШОБ-тің рөлі ерекше. Ол жаңа технологияларды енгізу мен инновацияларды дамытудың тиімді алаңы болып табылады. Бұл экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және халықаралық нарықта өз орнын нығайтуға мүмкіндік береді.Мемлекеттің ШОБ-ке қолдау көрсетуі олардың тиімді жұмыс істеуіне және дамуына жағдай жасайды. Қаржылық, салықтық, инфрақұрылымдық және әкімшілік қолдаулар арқылы мемлекет ШОБ субъектілерінің өсімін ынталандырады. Сондай-ақ, экспортты қолдау, мемлекеттік тапсырыстардағы квоталар және гранттық бағдарламалар шағын бизнестің тұрақтылығын арттырады. Қорыта айтқанда, ШОБ – экономикалық өсімнің қозғаушы күші, қоғамның әл-ауқатын жақсартудың негізгі факторы және инновацияларды дамытудың негізі. Оның тұрақты дамуы үшін мемлекет пен жеке сектордың бірлесе жұмыс істеуі маңызды. ШОБ-ті дамыту – ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттырудың кепілі.
Әдебиеттер:
1. А.С. Дускалиев, А.Г. Тюмамбаева, А.Ш. Абдешова, A., «Қазақстанда шағын және орта бизнесті банктік несиелендірудің қазіргі жағдайы», Нархоз Университеті, Алматы қ., Қазақстан
2. Антанасиус Фомум, Т. и Опперман, П. (2023), «Финансовая доступность и эффективность МСП в Эсватини», Международный журнал социальной экономики, том 50, № 11, стр. 1551-1567. https://doi.org/10.1108/IJSE-10-2020-0689.
3. Abor J.Y., Adjasi C.K. and Lensink R. (Eds) (2020), Contemporary Issues in Development Finance, Routledge, Taylor and Francis Group, doi: 10.4324/9780429450952.
4. А. Х. Амерханова, И. Т. Имангалиева, А. Т. Султанов, А. К. Бакпаева, Торайғыров университеті, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., «Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау», 2022.
5. Muthia Harnida. Asokan Vasudevan. Siti Mardah. Ilisa Fajriyati. Prihatini Ade Mayvita. Mohammad Faleh Ahmmad Hunitie. Suleiman Ibrahim Shelash Mohammad. Micro, Small, and Medium-Sized Enterprises (MSMEs) Sustainability: The Strategic Role of Digitalization, Financial Literacy, and Technological Infrastructure. Vol. 3 No. 6 (2024). https://doi.org/10.62754/joe.v3i6.4097
6. Н.Е. Абдильдинова*, PhD Esil University, Астана қ., Қазақстан * «Шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы мен мемлекеттік қолдаудың бағыттары», 2022.
7. Марат Есмұрат, Рахымов Ғазиз, «Кәсіпкерлік қызметті дамыту стратегиясы: Қазақстан және шетелдік тәжірибие», Атырау-2020, курстық жұмыс (32-бет), Stud.kz;
8. Бажиева М.С., Манабаева И.Т., «Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қалыптасуы және дамуы» ,Stud.kz, (7-бет);
9. Амантаева М.Б., «Шағын және орта бизесті дамыту», Семей-2015,(10-бет), Stud.kz;
10. Идрисова Ж., «Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту», Алматы 2009,(29-бет), курстық жұмыс, Stud.kz;
11. Төлегенова А.Т., «Ша5ын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыу», (12-бет), Stud.kz;
12. Жартыбек А.Ж., «Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің инновациялық әлуетін дамыту тетіктерін жеілдіру», (25-бет), курстық жұмыс, Stud.kz;
13. «Қарапайым заттар экономикасы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы No820 қаулысы.
14. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
3
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз