Материалдар / «Шағын жинақталған мектепте пікірсайыс қозғалысын дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау»

«Шағын жинақталған мектепте пікірсайыс қозғалысын дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау»

Материал туралы қысқаша түсінік
ШЖМ да дебаттық ортаны қалыптастыру. Оқушылардың сөйлеу шеберлігін жетілдіру. Қоғамда білімді, ұшқыр ойлы шәкірттер тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Мамыр 2022
422
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Шағын жинақталған мектепте пікірсайыс қозғалысын дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау»


Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі-қолбасшылық, екіншісі-шешендік –деп ұлы шешен-ділмар М.Т.Цицерон айтып кеткендей, жеке пікірдің қалыптасып, өз ойын, сөз саптау қабілетін дамытуда қазіргі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойынан табыла бермейтін қасиет. Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына жету үшін қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Соған орай білім мен ғылым жаңа заман талабына сай ұлттық идеялармен ұштастыруды көздейді. Елбасының жолдауында «біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» делінген.Уақыт талабына сай білімді, ойы ұшқыр, қоғамдық орындарда еркін сөйлей алатын жастарды тәрбиелеуіміз керек. Білім және ғылым министрінің өзі Асхат Аймағамбетовтың қолдауымен іске асырылып келеді. Сол себепті де шағын жинақталған мектептерде пікірсайысты дамытудың жоспарын қолға алуымыз керек. Бұл дегеніміз не: ең бірінші оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, ізденімпаздығын дамыту, кітаппен жұмыс жасауды қолға алу, нақты мәліметтерге негізделген деректермен жұмыс жасауды қалыптастырады. Ал екіншіден, осындай қарым-қабілеттерді бойына дарытқан мектеп оқушылары қашанда алғыр, мектептің қандай да іс-шаралар барысында өздерін жоғары деңгейде көрсете біледі. Мектептерде ұйымдастырылған пікірсайыс ұйымы арқылы оқушының зияткерлік қабілетін, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білуге ұмтылысын кеңейтеді. Мен бұл тақырыпты ала отырып, мектеп оқушылардың қызығушылығын ояту үшін мектепішілік пікірсайыс турнирларын ұйымдастыру керек деп есептеймін. Әрине бұл пікірсайыс форматын түсінбейтін мұғалім мен оқушыға қызығушылық тудырмауы мүмкін. Ол үшін мен мынадай жоспар ұсынар едім. Аптасына 1 рет сыныптар арасында пікірсайыс форматына арнап дәрістер оқып, бейнероликтер көрсету, сызба-кестелерді пайдаланып түсіндірме жұмыстарына тоқталу, семинар кездесулер ұйымдастыру. Алайда жай сөз емес, нақты мәліметтер болу керек. Мектепішілік сыныптар арасында өткен мықты командаларды тағы шыңдау мақсатында іс-тәжірибе алмасу үшін қайта даярлаудан өткізу керек болады. Мектеп ішінде пікірсайыстың жүйелі жүруі үшін үйірме жұмысын жандандыру керек. Үйірме жетекшісі оқушыларды нақты сайыстарға даярлайды. Ол жерде команда болып қатысып, әр жерден келген топтармен танысып, іс-тәжірибе алмасады. Тағы бір қазіргі уақытта көтеріліп жүрген мәселелердің бірі де бірігейі пәнаралық байланысты қолға алу керек. Ол не деген сөз, яғни оқыту пәніне байланысты тақырыптың өзектілігі мен маңыздылық дәрежесін, интеллектуалдық деңгейін ескере отырып, жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу. Алайда барлық пәннің құзыреттілігін ұмытпауымыз керек. ШЖМ да оқушы санының аздығын ескерсек, ондай ортада пікірсайысты күнделікті сабақтан тыс уақытта өткізуге болады. Білім беру жүйесі жаңа өркениетті қоғамға қажетті білімді, қабілетті, өз ойын еркін білдіретін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуге бағытталған. «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтпақшы, жас ұрпақ бойындағы қабілет-қарымын тамыршыдай тап басып бағыт берілсе, жасампаздық қасиеттерді бойына сіңіріп өскендіктен, нағыз ұлтын сүйетін азаматтар елінің тағдырына бей-жай қарамай, келешегі көркем болар еді.

Бүгінгі таңда оқушы құзіреттілігін арттыру басты мақсат болып отыр. Ал, психологиялық сөздіктерде «компоненттілік», «құзіреттілік – жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеттері» делінген.  Оқушылардың құзіреттілігін арттыру, жүйелі білім, сапалы тәлім-тәрбие алуына, мәдени - рухани жағынан өсіп жетілуіне дебат ойындарының маңызы аса зор. Дебат ойындарында оқушылардың ой ұшқырлылығы қарама-қарсы сұрақ сәтінде анық байқалады. Білімді, көп ізденетін оқушылардың өзіндік ой-өрісі ойын барысында көрінеді. Пікірсайыс – дидактикалық ізденістің маңызды саласы. Дебат бағдарламасы тыңдармандарды пікірталас үрдісіне тарту арқылы интеллектің даму технологиясын ұсынады.  Мектептерде пікірсайыс әдістемесін түрлендіре пайдалану оқушыларды ізденуге, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.

  • өзіндік ой-пікірін жүйелі, дәйекті айта білуге, мәдениетті сөйлеуге баулиды;

  • шығармашылық қабілеті шыңдалады, шұғыл шешім қабылдай білуге үйренеді, кітапханамен байланысы нығаяды;

  • оқушылар сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарға мән бере отырып, шешен сөйлеуге, шешендік өнерді үйренуге машықтанады.

Олай болса оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегідей сипатталады:

  1. Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

  2. Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

  3. Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп саралап оқыту бағдарламасына өту;

  4. Мұғалім мен оқушының бірлік одақта қызмет істеу. Бір-біріне басымдық көрсетпеуі оқушы да, мұғалім де субьект болуы.

Қазіргі уақытта мектепішілік дебат қозғалысын дамыту — өзекті мәселе. Себебі оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру қажет. Қазіргі нарық заман талабына сай жұмыс жасау үшін әрі мұғалім еркін және қолайлы еңбек ету үшін не істеу керек? Ал өмірге саналы, бәсекеге қабілетті, құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектеп қандай міндет атқаруы керек және ол келешекте қандай болуы керек? Міне, қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселесіне айналып отырған осы сұрақтар көптеген ұстаздардың назарында жүр. Болашақ мұғалімдерге инновациялық білім берудің міндеті – оларды ізденімпаз жаңашыл ұстаз етіп даярлау, күнделікті білім мен біліктілігін көтеру, өз ісіне шығармашылықпен қарау, меңгерген жаңа технологияны өз мектебі мен сыныбының ерекшеліктерін ескере отырып түрлендіре алу, шағын өзгерістер енгізе білу, өз ісіне сыни көзқараспен қарау, оны әдіснамалық тұрғыдан негіздеу, үнемі әдістемелік жетілдіріп отыру. Міне, инновация жаңалық жеткізуші, жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал. Осы кезде пікірайыс қозғалысының перспективалық жоспары жүзеге асырылуы керек екендігі айқын көрініп тұр.

Мен мынадай пікірсайыс ережесін сақтаған жағдайда мектептерде тыңғылықты жұмыстар жүргізілсе, түпкілікті нәтиже көрсетері анық. Мен осы пікірсайыс технологиясын тарих сабағында қолдану үшін мынадай талаптарды есте ұстау қажет деп есептеймін.

1-ден пікірсайыс сабағының айқын мақсаты болуы керек;

2-ден пікірсайыс сабағында ойын тәртібін қатал сақтау керек;

3-ден оқушылар пікірсайыс алдында тақырыпты толық меңгеруі тиіс;

4-ден пікірсайыс тақырыбы да талапқа сай, талас туғызатындай болуы керек;

5-ден оқушылар пікірсайысқа толық қатысуы тиіс;

6-дан пікірсайыс өз мәнінде өтуі үшін уақыт керек;

Тағы да алып қосарым пікірсайыс кіріспе бөлімнен тұрады. Олар талқыланатын тақырып жөнінде қысқаша баяндау, рольдік театрланған ойын көрсету, кинофильм, бейнефильм көру бойынша мәлімет тыңдау, екі-үш оқушының хабарламасын тыңдау. Міне, осындай әдістер қолдана отырып оқушылар пікірсайыста қаралатын мәселені айқындап алады, өйткені оқушылар талқыланатын мәселе жөнінде білімі болмаса пікірсайысты өз мәнінде өткізе алмайды.

Қорыта келе айтарым, пікірсайыс бағдарламасы бүгінгі таңда әлемнің 30 ға тарта елінде жұмыс істеп жатқан, гуманитарлық білім беруді соны қалыпқа түсіруге бағытталған білім жаңа білім беру технологияларының бірі. Болашақта пкірсайыс технологиясының өресін кеңейту керек деп айтқым келеді. Менің ойымша ШЖМ пікірсайыс қозғалысын жетілдіруде көптеген әдіс-тәсілдерді қолданып, жандандыруға болады. Осылайша Қазақстанымыздың келешек жастарын қоғамға, білімге, ғылымға ұшқырлығын бағыттай аламыз...












































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Пікірсайыс технологиясын педагогикалық үрдісте пайдалану. Семей 2001 жыл. С.Р.Ахметова

  2. Карл Поппер. Өнер алды қызыл тіл./Пікірсайыс өнеріне арналған оқу құралы/

  3. К.Қалелхан. «Дебат» әдісін пайдаланудың тиімділігі. // «Ертіс дидары» газеті. 18.04.2009

  4. Беркінбаев М. Қосымша гуманитарлы білім беруді пікір-сайыс технологиясы арқылы жетілдіру жолдары// Жалпы тарих және құқықтану мектепте. 2004. N 6.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ