Шағын жинақты мектеп жағдайында тұлғалық әлеуетті дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шағын жинақты мектеп жағдайында тұлғалық әлеуетті дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын жинақты мектеп— ауылдық аймақтардағы білім ошақтарының ерекше түрі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Хамзина Акгуль Амангельдиновна «Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

Шағын жинақты мектеп жағдайында тұлғалық әлеуетті дамыту

Шағын жинақты мектеп— ауылдық аймақтардағы білім ошақтарының ерекше түрі. Қазақстан Республикасында 2016-2019 жылдарға арналған Білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ауылдық мектептердің проблемасына ерекше көңіл бөлінген Шағын жинақты мектептердің қазақстандық білім беру жүйесінде жұмыс істеуі стратегиялық тұрғыдан ғана емес, ауылдық аймақтардың дамуына әсер етуші маңызды фактор болып табылады. Бір сыныпта қатар отырған әртүрлі жастағы оқушылардың өзіндік жұмыстарын және мұғаліммен бірге жүргізілетін жұмыстарын ұйымдастыру, барлық оқушыларды тапсырмамен толық қамту, сабақ жоспарын тиімді құрастыру, әр сабаққа тиянақты дайындалу, сабақты дұрыс ұйымдастыру сынды аса жауапты жұмыс мұғалімге жүктеледі. Білім беру үдерісінің ауылды жерлердегі бүгінгі таңдағы жай-күйі шағын жинақты мектеп мұғалімінің екі, үш сыныпқа сабаққа қатар дайындалуының сыртында, бір мамандық иесі бола тұра, оған бірнеше пәннен сабақ беруіне тура келеді. [1]

Науырзым ауданында бойынша 90 % мектеп шағын жинақты мектеп. Шағын жинақтық мектептерде бала санының азаюына байданысты сыныптардың біріктірілген сыныптар көбеюде. Шағын жинақталған мектептерде тұлғалық әлеуетті дамыту ерекше тәсілдерді қажет етеді, өйткені мұндай мектептерде оқушы саны аз, ресурстар шектеулі және мұғалімдер көпфункционалды рөл атқарады.

Тұлғалық әлеует дегеніміз не?

Тұлғалық әлеует – адамның ішкі мүмкіндіктері, қабілеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы. Оған шығармашылық ойлау, өзін-өзі тану, көшбасшылық, өмірлік дағдылар және эмоционалдық интеллект секілді қасиеттер кіреді. [2]

2. Шағын жинақталған мектептердің тұлғалық дамуға тигізер артықшылықтары

  • Жеке тұлғаға бағытталған оқыту: ШЖМ-де оқушы саны аз болғандықтан, мұғалім әр оқушының қабілеті мен қызығушылығына қарай жеке тәсіл қолдана алады.

  • Жас ерекшеліктері аралас топтарда жұмыс: Үлкен сынып оқушылары кіші сыныптарға көмектесу арқылы көшбасшылық пен жауапкершілік дағдыларын дамытады.

  • Қауіпсіз және сенімді орта: Оқушылар мен мұғалімдер арасында сенімді қарым-қатынас қалыптасады. Бұл балалардың өз ойын еркін жеткізуіне, еркін дамуына ықпал етеді.

  • Шығармашылық пен белсенділік: Әрбір оқушы мектепішілік шараларға белсенді қатысады. Бұл өз ойын білдіруге, идея ұсынуға, ұйымдастырушылық қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді.

Шағын жинақталған мектептерде тұлғалық әлеуетті дамыту ерекше маңызға ие. Мұндай мектептер – оқушы мен мұғалім арасында тығыз, сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін шағын орта. Бұл – тұлғаның жан-жақты дамуына оң әсер етеді. Төменде осы дамудың маңыздылығына тоқталар болсақ: неліктен ШЖМ-де тұлғалық әлеуетті дамыту маңызды?

1. Әр оқушы – жеке тұлға

Оқушылар саны аз болғандықтан, әр балаға жеке көңіл бөлу мүмкіндігі мол.

Мұғалім әр оқушының мінез-құлқын, қызығушылығын, қабілетін жақсы біледі.

Бұл оқушының өзіндік көзқарасын, ішкі мүмкіндігін ашуға жол ашады.

2. Өзін-өзі тану және сенімділік қалыптастыру

Тұлғалық әлеуетті дамыту – баланың өзіндік “Менін” тануға, өзіне сенімді болуына септігін тигізеді. Аз топ ішінде өз ойын ашық айту, шығармашылықпен айналысу жеңіл болады.

3. Әлеуметтік және өмірлік дағдыларды қалыптастыру

Көп жағдайда түрлі жастағы балалар бірге оқиды, бұл кішіге қамқор болу, үлкенге сый көрсету, ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін дамытады. Бұл ауыл жағдайына бейімделген, өмірде қажет болатын нақты дағдылар.

4. Көшбасшылық және жауапкершілікке үйрету

ШЖМ оқушылары түрлі қоғамдық іс-шараларға белсене қатысады, өйткені әр бала маңызды. Бұл олардың бойында бастамашылдық, жауапкершілік, тәртіптілік сияқты қасиеттерді дамытады.

5. Тәрбиелік әлеуеттің жоғары болуы

Ата-ана, мектеп және ауыл қоғамдастығы арасындағы байланыс тығыз. Бұл оқушының жеке дамуына оң орта қалыптастырып, ұлттық құндылықтар мен адамгершілік тәрбиесін сіңіруге қолайлы жағдай жасайды.

ШЖМ – тек білім беру орны ғана емес, әрбір баланың тұлға ретінде дамуына ықпал ететін орта. Мұғалімдер мен ата-аналар бұл мүмкіндікті тиімді пайдалана отырып, болашақта өз жолын табатын, сенімді, жауапты азаматтарды тәрбиелей алады.

Шағын жинақты мектептер көбінесе ауылдық жерлерде орналасады, сондықтан жергілікті қоғамдастық маңызды рөл атқарады.

  1. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі шағын жинақты ауылдық мектептерді цифрландыруға көп көңіл бөлуде.  Осыған сәйкес ауданымыздың барлық мектептері кең жолақты интернет желісіне қосылды. Білім беруді цифрландыру-бұл уақытты сақтау қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар барлық оқушылар үшін интерактивті, қол жетімді және оқу ортасын құру мүмкіндігі. Және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес

«Шағын жинақты мектептердің проблемаларын шешу үшін оларды ашудың орындылығы мен өңірдегі қажеттілігіне қарай ресурстық орталықтарды басқару, қаржыландыру, кадрлық қамтамасыз ету және олардың жұмыс істеуі мәселелерін қамтитын әртүрлі модельдер әзірленіп, сынақтан өткізілетін болады. Орталықтан басқарылатын шағын жинақты әріптес мектептер үшін тірек мектептер жұмыс істейтін болады. Тірек мектептердің жанынан мектеп жанындағы интернаттар салу көзделген, бұл мектептері немесе тиісті деңгейдегі мектептері жоқ елді мекендердегі балаларды оқытумен қамтамасыз ету проблемасын шешеді.» делінген. [3]

Осыған сәйкес биылғы оқу жылынан бастап «Ауылдағы мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының жобасы аясында ауданымыздың шағын жинақтық мектептері тірек мектебіне бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде. Осы жоба аясында ауданымыздың шағын жинақталған үш сыныбын жаңа модефикациялы сыныпқа айналдыру жоспарлануда. Бұл шағын жинақталған мектептің мұғалімдерінің жұмысын жақсартуға көп септігін тигізеді деп ойлаймын. Қазіргі заманға сай біріктірілген сыныптардағы оқу процесін ұйымдастыруға қажетті әдістемелік әзірлемелер дайындалған.

Шағын жинақталған оқушылар саны аз, сондықтан білім беру процесінде жеке оқушыға көңіл бөлу мүмкіндігі жоғары. Бұл жағдай тұлғалық әлеуетті дамытуға қолайлы орта жасайды. Төменде жағдайына бейімделген тиімді әдістер мен тәсілдер көрсетуге болады

1. Жеке білім беру траекториясы

Әр оқушының қызығушылығын, қабілетін, даму деңгейін ескере отырып, жеке оқу жоспарын құру. Мақсат: өзін-өзі тануға, қызығушылық саласын анықтауға, өзіндік даму бағытын табуға көмектесу.

2. Рөлдік және жағдаяттық ойындар

Әлеуметтік дағдыларды, қарым-қатынас қабілетін дамытуға арналған рөлдік ойындар өткізу (мысалы: "Көшбасшы кім?", "Кәсіпкер болсам", "Даулы жағдайды шешу"). Эмпатия мен жауапкершілікті дамыту.

3. Коучинг және менторлық тәсілдер

Мұғалім оқушыға бағыт беруші ретінде, сұрақтар қою арқылы өз жауабын табуға жетелейді. «Сен не қалайсың?», «Қиындықты қалай жеңуге болады?» сияқты сұрақтармен рефлексия жасау.

4. Портфолио әдісі

Оқушының жетістіктерін, шығармашылық жұмысын, өзіндік даму жолын тіркейтін портфолио жүргізу.Уақыт өткен сайын тұлғалық өсуін бақылауға мүмкіндік береді.

5. Топтық және жұптық жұмыстар

Әртүрлі жастағы оқушылар бірігіп жұмыс істейді (вертикалды интеграция). Ынтымақтастық, өзара көмек, жауапкершілік қалыптасады.

6. Шығармашылық жобалар мен презентациялар

Оқушылар өз жобаларын қорғай отырып, сенімділік, сөйлеу дағдысы, сыни ойлау қалыптастырады. Мысалы тақырыптар: «Менің арманым», «Менің ауылым болашағы», «Табиғатты қорғау жолдары» жобалар қорғау.

7. Табиғатпен үндестікте даму (экосабақтар)

Ауылдық жерде табиғатқа жақын болу мүмкіндігін пайдаланып, экология, еңбек, биология сабақтарында тұлғалық құндылықтарды дамыту. Жауапкершілік, еңбек сүйгіштік, табиғатқа қамқорлық сезімін тәрбиелеу.

8. Әңгімелесу және пікірталас әдістері

Адамгершілік, өмірлік құндылықтар туралы тақырыптарды талқылау. Мысалы: "Бақыт деген не?", "Дос болу оңай ма?", "Қиындықпен күресу жолдары".

9. Рефлексиялық күнделік

Оқушы күн сайын немесе апта сайын өз сезімдері, жетістіктері, қиындықтары туралы жазады. Бұл әдіс өзін-өзі тану мен бағалауға көмектеседі.

Қорыта айтатын болсақ:

Шағын жинақты мектептерде тұлғалық әлеуетті дамыту жеке тәсілдерге, шығармашылыққа және қоғамдастықпен тығыз байланысқа негізделеді. Мұғалімдердің кәсібилігі, оқушылардың ішкі мотивациясы және қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану арқылы әр оқушының әлеуетін ашуға болады.
































Әдебиеттер тізімі

  1. «Қолданыстағы және жаңартылған бағдарламалар бойынша ШЖМ біріктірілген сыныптарында білім алушыларға оқу процесін ұйымдастыру механизмі» Әдістемелік құрал. І бөлім. 2017 жыл.

  2. Выготский Л.С. Психология развития человека – тұлғаның әлеуеті, дамуы, әлеуметтік ортамен байланысы туралы ғылыми негіз.

  3. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.06.2025
47
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі