Шағын жинақты мектеп мұғалімінің құзіреттілігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шағын жинақты мектеп мұғалімінің құзіреттілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінде Қазақстанның ауыл мектептерінде көбі шағын жинақталған мектептерге айналуда. Республикада әлеуметтік – экономикалық жағдайдың қалыптасуы, қала халқының өсуі, көшіп-қонудың артуы, туудың төмендеуі шағын жинақталған мектептердің өсуіне әсерін тигізеді. "Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз", - деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі жай айтылған жоқ. Осыдан бастап жас ұрпақ бойындағы іскерлік пен олардың қабілеттерін ашу туындайды. Себебі, қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі

1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық –педагогтік колледжі







Тақырыбы: «Шағын жинақты мектеп мұғалімінің құзіреттілігі»

(эссе)











Дайындаған: Өнербекқызы Г.

Тексерген: Әбдіхан А.П.

Топ: 132



Алматы, 2021

Шағын жинақты мектеп мұғаліміні құзіреттілігі

Бүгінде Қазақстанның ауыл мектептерінде көбі шағын жинақталған мектептерге айналуда. Республикада әлеуметтік – экономикалық жағдайдың қалыптасуы, қала халқының өсуі, көшіп-қонудың артуы, туудың төмендеуі шағын жинақталған мектептердің өсуіне әсерін тигізеді. "Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз", - деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі жай айтылған жоқ. Осыдан бастап жас ұрпақ бойындағы іскерлік пен олардың қабілеттерін ашу туындайды. Себебі, қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Мына бейбіт заманда, көзсіз ерліктің орнын білім басып отыр. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан біз сол мемлекеттік стандартқа сай, жан-жақты дамыған, шығармашыл, кәсіби құзыреттілігі дамыған бастауыш сынып мұғалімін қалыптастыруымыз керек. Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір-бірімен жұптасып отырады. Сондықтан оқу барысында қашанда баланың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту керек.

Ауылдық жерлерде шағын кешенді мектептер жиі кездеседі. Аз кешенді бастауыш мектепте қатарлас сыныптар болмайды, оқушылардың саны аз. Сынып - комплект - бір мұғалім - сынып жетекшісі басқаратын сынып, онда екі, үш, төрт сынып болуы мүмкін. Шағын кешенді мектептерде негізгі назар ұйымдастыру жұмыстарына аударылады. Шағын жинақталған мектептердің оқу тәрбие үрдісін жетілдіру, дамыту үшін мұғалімдердің педагогикалық іскерлігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау керек. Олармен әдістемелік жұмыстарды әдіскер – мұғалім – әдістемелік бірлестік үш бірлігін сақтай отырып жүргізген тиімді. Себебі шағын жинақталған мектепке институт қабырғасынан шыққан жас маман екі класты қатар оқыту практикасынан өтпеген, оның әдістемесін толық меңгермеген болып келеді.

Шағын жинақталған мектеп мұғалімдеріне мектеп жұмысын терең де мазмұнды жоспарлауға нұсқау беріп, білім берудің жаңа технологияларымен жұмыс жасауға бағыттау керек. Әдістемелік көмектер беру үшін сабақтарына тікелей қатысып, әдістемелік талдау жасап, жекеше және топтық, ауызша және жазбаша кеңестер берген дұрыс болады. ШЖМ тұрған орындарына қарай топтастырып, «Әдістемелік күндер» өткізу тиімді. Әдістемелік күнде ашық сабақтармен қатар теориялық баяндамалар да қойылып, тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға болады. Шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің шеберлігін шыңдаудың тағы бір жолдары – шағын жинақталған мектеп мұғалімдері үшін сайыстар, байқаулар, бір пәндік немесе бір тақырыптық панорамалық сабақтар сайысын, имитациялық ойындар өткізу. Мұндай жұмыстар мұғалімдердің шағын жинақталған мектептерде жұмыс жасаудағы кәсіби шеберліктерін шыңдайды. ШЖМ әдістемелік көмек ұйымдастыру үшін барлық шағын жинақталған мектептерді «ШЖМ – проблемалары және оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің әдістері мен формаларын іздестіру» деп аталатын үлкен бірлестікке біріктіріп, оларды бірнеше шығармашылық микротопқа бөліп, әр топқа айналысатын проблемаларын бекітіп, жүргізілген жұмыстарды қорытып, жинақтап қажетті әдістемелік жинақ дайындауға болады. Кез келген ұстаз бәсекеге қабілетті, кәсіби шеберлігін шыңдаған, әлеуметтік ортаға тез бейімделгіш, шығармашыл болуы тиіс.Ұстаз! Ұстаз атты аяулы есімге бас имейтін жан жоқ шығар сірә! Дүниеге шыр етіп келген, әрбір адамзат баласы, тамаша өмір сыйлаған аяулы анаға мәңгілік қарыздар болса, ал осынау өмірде көкірегі ояу, көзі қарақты азамат болғаны үшін әрбір адам санасына білім нәрін берген ұстазға өмір бойы қарыздар. Өмірге ұрпақ әкелген асыл аналарды қалай ардақтап, аяласақ, сол ұрпақты тәрбиелеп жүрген ұстаздарды да дәл солай ардақтап аялау шәкірттердің үлкен міндеті. Ұстаз болу, шәкіртпен тіл табысу өте қиын да, күрделі жұмыс екендігі даусыз. Ұстаз шәкіртіне материялдық жағдай жасамағанымен оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер адамзаттық құндықтармен, біліммен қамтамасыз етіп қаруландырады.

Шығармашыл ұстаз - оқу-тәрбие саласындағы осы мамандықты жан-тәнімен сүйетін, оқушылармен бірге қуана алатын шыдамды, ұстамды, мейрімді адам. Ол мынадай қағидаларды басшылыққа алады:

1) Әр баланың өзіндік қабілеті бар, сол қабілетін көреді, дамытады.

2) Оқушыға өзін тең адамдай өзіне қарағандай қарайды, балаға айқаламайды, ар- ұжданына тимейді.

3) Ұстаз - қызықты, жұмбақ тұлға оның өзін басқалардан бөліп тұратын ерекше қасиеті бар.

Шағын жинақталған мектептерде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдары - үміттер мен күдіктер, жеңілістер мен жеңістер жолы. Осы жолдан өзіне сабақ алу, жетер биігін белгілей білу, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін талдай алу - мұғалімнің шығармашылығын дамытудағы стратегиялық бағыттары болып табылады.Қорыта айтқанда, интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңдағы шағын жинақталған мектептердегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын қолдана білетін ұстаздардың ғана қолынан келеді. Сол үшін ертеңгі болашағымыз бен болашақ жастарымыздың білімін ойлай отыра, біз сапалы білім беруіміз қажет және де бүгінгі жастар - ел ертеңі екенін де ұмытпағанымыз жөн.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2021
908
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі